Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M05302 Химия (1) в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Оқыту нәтижелері

  • Заманауи философияның, менеджменттің және жеке тұлғаны психологиялық басқару мәселелерінің теориялық-әдіснамалық негіздерін, шет тілінде сөйлеу кәсіби қарым-қатынас теориясы мен практикасын түсіндіреді.
  • Білім беру ұйымдары субъектілерінің қарым-қатынас жүйесін және басқару әдістері мен жеке тұлғаның кәсіби сапаларын бағалау әдістерін меңгереді, шет тілінде зерттеу нәтижелерін баяндайды.
  • Ғылыми зерттеулердің әдістерін, химияның әр түрлі салаларындағы заманауи жетістіктерді меңгерген; ғылыми зерттеулердің заманауи үрдістері мен жоспарлауын, компьютерлік химияның жетістіктерін пайдаланып химиялық процестерді математикалық модельдеуді біледі;
  • Физикалық химия, элементтік және спектральды талдау, газ хроматографиясы, масс-спектрометрия саласындағы заманауи құралдарды нақты ғылыми және қолданбалы мәселелерді шешуде қолдану дағдылары бар;
  • Ғылыми мақалаларды және баяндамалар тезистерін, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстың нәтижелері бойынша есептердің жеке бөлімдерін дайындап, кәсіптік қызметтің нәтижелерін кәсіби ғылыми қауымдастық мүшелеріне және танымал ғылым нысандарына ауызша және постер тұсаукесер түрінде ұсына біледі.
  • Қазіргі заманғы теориялық және тәжірибелік химиядағы (наноқұрылымды технологиялардағы заттардың синтезі және пайдаланылуы, экстремалды жағдайдағы зерттеулер, өмірлік процестердің химиясы, химия және экология және т.б.) зерттеулердің ең өзекті бағыттары туралы хабары бар.
  • Ғылыми зерттеу бағдарламасын оның мақсаттары мен міндеттерін негіздей отырып құрастырады; ғылыми зерттеулерді орындау процесінде әдістемелік құралдарды қолдана отырып; ғылыми - практикалық ақпарат алудың әртүрлі көздерімен жұмыс істей отырып; ғылыми зерттеу кезеңдерін әзірлейді; ұсыныстар мен пікірлерді негіздеп, алынған нәтижелерді талдайды.
  • Кіріктірілген мамандықтар мамандарын байланыстыра отырып, командалық жұмысты ұйымдастыру дағдыларымен қоса коммуникативтік дағдыларды, кәсіби жобалар мен олардың нәтижелерін ағылшын тілін қолдана отырып ашық талдау дағдыларын меңгерген;
Top