Жаңа білім беру бағдарламасы

7M02202 Тарих в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Оқыту нәтижелері

  • зерттеу мәнмәтінінде идеяларды әзірлеу және (немесе) пайдалану кезінде тарих ғылымының және тарихты оқыту әдістемесінің озық білімдеріне негізделген өзінің кәсіби құзыреттілігі саласында дамып келе жатқан білімдері мен түсініктерін көрсете алады
  • мамандықтың жоғары әлеуметтік маңыздылығын, кәсіби этика қағидаларын түсінеді, педагогикалық қызметте пәндік саланы, педагогикалық өлшемдерді, білім беру жүйесінің даму үрдістерін, нормативтік құқықтық актілерді және электрондық құжаттарды жүргізу негіздерін білуді пайдаланады
  • өз білімін, түсінігін және қабілетін жаңа ортада, неғұрлым кең пәнаралық мәнмәтінде мәселелерді шешу үшін кәсіби деңгейде қолдана алады
  • тарихи зерттеу әдістерін игереді, құбылыстың немесе оқиғаның жүйелі түсіндірілуі, өнім мен болжамды құру үшін әр түрлі дәйеккөздерден алынған ақпаратты талдайды, синтездейді, шығармашылықпен түрлендіреді, педагогикалық қызметке шығармашылық, зерттеушілік тәсілдерін көрсетеді
  • этномәдени және конфессиялық айырмашылықтарды, қоғамның әлеуметтік-мәдени құрылымының ерекшеліктерін, ұлттық тәрбиенің заңдылықтары мен қағидаларын ескере отырып, көпмәдени ортада кәсіби қызметті ұйымдастыру тәсілдерін меңгерген
  • пайымдамаларды қалыптастыру үшін әлеуметтік, этикалық және ғылыми пайымдауларды ескере отырып, ақпаратты жинау мен интерпретациялауды жүзеге асыруға қабілетті
  • кәсіби міндеттерді шешуде пәнаралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылға қатысуға, ақпаратты, идеяларды, тұжырымдарды, мәселелер мен шешімдерді нақты және мағыналы түрде хабарлауға қабілетті
  • тарих ғылымы мен білім беру саласында одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті құзыреттіліктерді дамытуға, оқуға және ұтқырлыққа қабілетті
Top