Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02180 Қуыршақ театрының режиссурасы в Қазақ ұлттық өнер университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Тарихи контекстердің негізінде мәдениеттің жетістіктерін бағалай білу.
  • Көрнекті Отандық және заманауи музыка, әдебиет, қуыршақ театры шеберлерінің шығармашылық мұрасына дағдылану
  • Іс-тәжірибе барысында қойылымға таңдалып алынған әдеби шығармаларға, сценарийлерге режиссерлік талдау жұмыстарын жүргізу. Болашақта қойылатын қойылымға түсініктеме беру, оны дамыту, жан бітіру, процесске қатысушы шығармашылық адамдармен бірге жан-жақты талқылау. Режиссерлік жұмыстың айқын нәтижесі болатын тың шешім табу.
  • Станиславский жүйесін (елестету, баға беру) дұрыс қолдану. Көркем образды тудыру кезінде образдық тұрғыдан терең ойлана білу. Екі қуыршақтың диологы кезіндегі, адам-актер мен кейіпкер-қуыршақтардың диологтары кезіндегі заңдылықтарды игеру. Сөзге құрылған көріністерде сөз өнеріне, әдебиет өнеріне талдау жасай білу
  • Негізгі театр жүйесінің қуыршақтарын еркін меңгеру (қолғап, қамыс, планшет және марионеткалар). Театр қуыршағын жасаудың технологиялық процесінде қолданылатын негізгі материалдарды қолдану
  • Қойылым қоюдың негізгі принциптерін, драматургияны дамыту жолдарын білу. Туындының табиғаты мен жанрына сай теория мен технологиясын білу. Труппамен бірге туындыны жоспарлау, талқылау кезінде, актерлерді таңдау, рөлдерге бөлу, шығармашылық ұжымдарды басқару сәттерінде кәсіби маман ретінде құзыретті болу.
  • Кәсіби актер ретінде денеңізді негізгі құрал ретінде пайдалана білу. Сахнада қарусыз және қарумен жасайтын іс-қимылдарды, ұрыс элементтерін, құлау, жығылу әдістерін дұрыс пайдалану.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында этикалық және құқықтық тәртіп нормаларын қолдану және ұстану.
  • Бизнес-жоспарлар құру, оны жүзеге асыру жолдарын табу. Кәсіпкерлікті қаржыландыру және мемлекеттік реттеу негіздерін білу.
Top