Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D05308 Ядролық физика в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Жоғарғы оқу орындарындағы білім беру саласына, ядролық физика саласындағы отандық және шетелдік ғылыми орталықтарға жоғары білікті мамандарды даярлау. Бағдарлама кәсіби тұлғаның келесі қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған: - заманауи жетістіктерді сыни талдау және бағалау, ғылыми және практикалық мәселелерді шешуде, оның ішінде пәнаралық бағыттарда жаңа идеяларды қалыптастыру; - ғылыми және ғылыми-білім беру міндеттерін шешу үшін қазақстандық және шетелдік ғылыми топтардың жұмысына қатысу; - мемлекеттік және шет тілдеріндегі ғылыми қоғамның заманауи әдістері мен технологияларын қолдану; - өздерінің кәсіби және жеке даму мәселелерін жоспарлау және шешу; - заманауи зерттеу әдістерін және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, ядролық физика саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дербес жүзеге асыру; - өздігінен атом ядроларының құрылымы мен қасиеттерін, ядролық реакцияларды, ядролардың орташа аралық және жоғары энергиялардағы элементар бөлшектер сәулелерімен өзара әрекеттесуін, сондай-ақ астрофизикалық құбылыстардағы ядролық өзара әрекеттесудің рөлін анықтауға арналған теориялық модельдерді дербес әзірлеу; - өздігінен немесе зерттеу тобының құрамында бөліну және ядролық синтезделу физикасын атап айтқанда, өте ауыр элементтердің синтезін, сонымен қатар атомаралық және молекулааралық физиканы және мюон катализі физикасын зерттеудің тәжірибелік әдістерін әзірлеу; - өздігінен немесе зерттеу тобының құрамында, ядролық және ғарыштық сәулелер физикасында зерттеуге арналған жаңа тәжірибелік қондырғылар мен жабдықтарды құрастыру және жасау;
  • Академиялық дәреже Докторантура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 3 года
  • Кредиттер көлемі 180
  • Білім беру бағдарламаларының тобы D090 Физика

Оқыту нәтижелері

  • Ғылыми-зерттеу жобаларында пайдаланылатын әдістердің жарамдылығын бағалау.
  • Қазіргі ғылыми-педагогикалық тәсілдер аясында жоғарғы оқу орындарында оқыту үшін ядролық физика саласындағы іргелі, жүйелі білімді көрсету.
  • Ядролық медицина және радиациялық биология саласында Пәнаралық ғылыми зерттеулер жүргізу.
  • Ғылыми мақсаттар мен міндеттерді қалыптастыру және оларды шешу.
  • Қазіргі заманғы зерттеу тәсілдерін сипаттау және талдау мақсатында пәнаралық білімді зерттеу процесіне біріктіру; қоғамдағы дұрыс және төзімді өзара іс-қимыл жасауға, ғылым проблемаларын шешу үшін әлеуметтік өзара іс-қимыл мен ынтымақтастыққа дайын болу; білімге негізделген қоғамды қалыптастыру мүддесінде технологиялық, әлеуметтік немесе мәдени дамуға жәрдемдесу.
  • Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін, заманауи теориялар, мәселелер мен тәсілдер, ядролық физика және элементар бөлшектер саласындағы зерттеулердің жаңа үрдістерін сыни түрде бағалау.
  • Ғылыми баяндамалар, тезистер, мақалалар тезистері, монографиялар, докторлық диссертациялар, ғылыми-зерттеу және ғылыми жобалар түрінде білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін мамандарға, сонымен қатар тиісті кәсіби білімі жоқ мамандарға ұсыну.
  • Ядролық физика саласындағы жаңа және күрделі идеяларды, проблемаларды, тәсілдерді және трендтерді сыни талдау, бағалау және синтездеуді жүргізу.
  • Жаңа реакторларда, үдеткіштерде, циклотрондарда және радиациялық компоненттері бар медициналық жабдықтарда ғылыми эксперименттерді жүзеге асыру және алынған нәтижелерді жаңа ғылыми әдістемелердің көмегімен талдау.
  • Бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу, жобалық және білім беру қызметін ұйымдастыру.
  • Ядролық өнеркәсіппен байланысты стратегиялық жобаларды әзірлеу; осы саладағы соңғы жетістіктерді негізге ала отырып, ядролық физика саласындағы стартап жобаларды әзірлеу.
  • Жаңа және күрделі мақсаттарды қалыптастыру, ядролық физика саласындағы ғылыми мәселелерді шешуге өзінің бірегей көзқарасы негізінде жаңа гипотезаларды ұсыну.
Top