Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02303 Филология (қазақ) в Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Тіл білімі мен әдебиеттанудың ортақ заңдылықтары жайлы өзіндік уәжді пікір айтып, көркем мәтінге тілдік және әдеби талдау жасай алады.
  • Мамандық бойынша барлық кәсіби қызмет түрін жүзеге асыруға қабілетті болады; кәсіби біліктілік пен филологтың жұмыс істеу қабілетіне ие болады; мамандық бойынша кәсіби әрекет тәжірибесі мен тәжірибиелік біліктілікке ие болады.
  • Қазақ тілі мен әдебиетінің тұжырымдамалық және теориялық негіздерін, оның жалпы ғылым мен құндылықтар жүйесіндегі орнын талдап, өз кәсіби қызметінде қолдана алады.
  • Тілдің, мәдениеттің, қарым-қатынас саласы ерекшеліктеріне сәйкес жеке тұлғалық, әлеуметтік қарым-қатынас жағдайларында құзыреттілік танытады
  • Лингвистикалық және әдеби деректерді жинайды және талдайды, филологиялық талдау жасау және интерпретациялаудың негізгі дағдыларын игереді
  • Әдеби үдерісте жанрлардың даму ерекшелігін сараптауға дағдыланады. Ғылыми идеяларға сын көзбен қарап, дәлелдей алады және тұжырымдамалар мен теорияларды талдай білуге дағдыланады.
  • Кәсіби қызметте теориялық білімдерді қолдана алу біліктері мен дағдыларын меңгереді, тіл маманының кәсіби парызын ұғынады, қызмет нәтижесіне жауапкершілікпен қарайды.
  • Педагогика, экономика және құқық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, экология және тіршілік қауіпсіздік саласында еркін және сыни ойлау қабілетін дамыту, гуманитарлық ғылымдар саласында базалық білімді меңгеру, оларды кәсіби қызметтің әр түрлерінде, сондай-ақ қоғамдық-саяси өмірде қолдануға қабілеті.
  • Өркениеттің дамуындағы филология саласының негізгі нормаларын, даму бағыттарын біледі, кәсіби қызметте теориялық білімдерді қолдана алу дағдысын қалыптастырады.
  • Тіл білімі мен лингвистикалық ілімдер тарихы аясында тілдік заңдылықтарды, олардың теориялық негіздерін игереді.
Top