Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02207 Шығыстану в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Мәдени, ғылыми, саяси-экономикалық және діни-философиялық сипаттағы ауызша және жазбаша аударманы жүзеге асыру;
  • Шығыстану саласындағы тиісті әдебиеттерге аналитикалық шолулар дайындау, шығыс елдерінің тарихи жазба ескерткіштерімен және дереккөздерімен жұмыс жасау;
  • Теориялық оқыту контекстінде алған ақпараттар мен тәжірибе негізінде Шығыс елдерінің экономикалық процестері туралы жаңа білімді қалыптастыру, қазіргі халықаралық қатынастардағы экономикалық дипломатияның рөлін бағалау дағдылары;
  • Шығыс елдерімен қарым-қатынастарды іске асыратын мемлекеттік басқару органдары, қоғамдық ұйымдар, коммерциялық құрылымдардың әлеуметтік және мәдени жобаларын даму жоспарлары мен бағдарламаларын дайындауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
  • Шығыс елдерінде болып жатқан құбылыстар мен процестерді түсіндіру үшін заманауи негізгі шығыстану ұғымдарын жіктеу;
  • Шығыс елдерінің әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени дамуының ерекшеліктері мен спецификасын анықтау;
  • Шығыс халықтарының этнографиялық, этнолингвистикалық және этнопсихологиялық ерекшеліктері және олардың іскерлік мәдениет пен этикеттің қалыптасуына әсері туралы білімін пайдалану;
  • Әлеуметтік, этникалық, конфессиялық және мәдени айырмашылықтарды толерантылықпен қабылдай отырып, мәдениетаралық коммуникация негіздерін, негізгі ұғымдарды тарату.
  • Тәуелсіз саяси зерттеулер жүргізуде және оның нәтижелерін негіздеуде әртүрлі әдістер мен құралдарды саралау және қолдану;
  • Шығыс және батыс тілдерінде стандартты дипломатиялық құжаттарды (меморандумдар, ноталар, естелік хаттар, ресми хаттар) жүйелеу және ресімдеу;
  • Негізгі дүниетанымдық және әдістемелік мәселелерді талдау, соның ішінде ғылымның қазіргі даму кезеңінде зерттелетін пәнаралық сипаттағыны қоса алғанда;
  • Шығыс елдерінің тарихи дамуының әдіснамасын, қазіргі шығыстану ғылымының негізгі жетістіктері мен даму тенденцияларын талдайды және қазіргі тарихи процестерді талдауда алған дағдыларын іс жүзінде қолдану;
Top