Жаңа білім беру бағдарламасы

7M03218 Цифрлы медиакоммуникациялар(СПбМУ) в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Коммуникация теориясы мен тұжырымдамасын қолдана отырып, коммуникативтік процестің универсалды моделін құру.
  • Медиакоммуникацияның мемлекеттік басқару жүйелерімен өзара әрекеттесу ерекшеліктерін айқындау және мемлекеттік құрылымдардың сыртқы саяси қызметіне коммуникациялық қолдау көрсетуді қамтамасыз ету.
  • Екі жылдық магистрлік қос диплом бағдарламасы аясында отандық және шетелдік медианарықтың даму үрдістерін қадағалау және осы үрдістерді кәсіби қызметте пайдалану.
  • Қазіргі заманғы хабар тарату технологияларының ерекшеліктерін білу негізінде digital өнімдерді жасауда техникалық және шығармашылық дағдыларды пайдалану.
  • Интерактивті контент индустриясының құралдарын (интернет-порталдар, бейне-, аудиоконтент, бағдарламалық өнімдер дерекқорлары) қолдана отырып, мультимедиалық өнім әзірлеу.
  • Байланыстың жаңа технологиялары, этика мен психология заңдарын негізге алып, коммуникацияның әрқалай түрлерін қолдана отырып, медиакомпанияның түрлі бөлімдерінің жұмысын үйлестіру.
  • Әлеуметтік, гуманитарлық және экономикалық ғылымдардың тілі мен аппаратын қолдана отырып, медиа құбылыстарды зерттеу және сипаттау, сондай-ақ медиакомпаниялар мен жобаларды талдауда түрлі әдістерді қолдану.
  • Медиа және коммуникациялық өнімдерді әзірлеуде медиа дискурста қолданылатын бұқаралық ақпарат құралдарының лингвистикалық ерекшеліктерін, шығармашылық коммуникативті қызметтегі интерактивті әдістерді талдау.
  • Коммуникациялық қызметтің дәстүрлі формаларына қатысты стратегиялық коммуникацияның негізгі компоненттерін, параметрлерін, ерекшеліктерін анықтау; коммуникациялық стратегиялар әзірленетін коммуникациялық модельдердің эволюциясын талдау.
  • Маркетингтік стратегияны әзірлеу, оның тиімділігін бағалау, тұтынушылық сұраныстарды, ағымдағы жағдайды және нарық сегментіндегі бәсекелестік позицияны ескере отырып, онлайн-жылжыту.
  • Корпоративтік және бренд-коммуникациялар бағытындағы жұмыстың ерекшелігін айқындау; медиа-менеджерлермен жұмысты тиімді реттеу және медиа-бизнес корпорацияның және/немесе брендтің бизнесіне қалай әсер ететінін түсіну.
  • Команда құру, бірге күнтізбелік жоспар құру, жоба құны және оны шынайы талаптарға бейімдей отырып, тиімді жүзеге асыру.
Top