Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D01101 Педагогика және психология в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Бәсекеге қабілетті, сұранысқа ие, жалпы және кәсіби мәдениет деңгейі жоғары, өзін-өзі дамытуға қабілетті, қоғамның саяси, әлеуметтік-экономикалық және технологиялық дамуының инновациялық өзгерістері жағдайында әлеуметтік бейімделуге қабілетті білім беру және психологиялық-педагогикалық ғылымдар саласында біліктілігі жоғары ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
  • Академиялық дәреже Докторантура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 3 года
  • Кредиттер көлемі 180
  • Білім беру бағдарламаларының тобы D001 Педагогика және психология
  • Білім беру саласы 8D01 Педагогикалық ғылымдар

Оқыту нәтижелері

  • ON2 Ғылым және инновация модулі. Заманауи ғылыми жағынан негізделген педагогикалық технологияларды сипаттайды және сәйкестендіреді; Зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми ақпаратты жинауды ұйымдастыру, деректерді өңдеу, оларды интериоризациялау технологиясын көрсетеді; Арнайы, кәсіптік білім берудің теориясы мен әдістемесі саласында жаңа білімді дамытады; Білім алушылар мен зерттеушілердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың инновациялық технологияларын пайдалана отырып, ЖОО-да барлық сабақ түрлерін жүргізеді және ғылыми іс-әрекет түрлерін ұйымдастырады; Ғылыми таным әдістеріне сәйкес ғылыми аппаратты, докторлық диссертацияның құрылымы мен мазмұнын жобалайды және енгізеді.
  • ON3 Ғылыми-зерттеу жұмысы модулі. Педагогикалық зерттеулер жүргізу барысындағы педагогикалық өлшемдерді іске жүзеге асыру мүмкіндіктерін қалыптастырады, осы салада қолданылатын дағдылар мен зерттеу әдістерін меңгереді; Қазіргі психологиялық-педагогикалық зерттеулер контекстінде жаңа және күрделі идеяларды сыни тұрғыдан талдайды, бағалайды және синтездейді; Этномәдени білім беру жүйесін педагогикалық жобалаудың теориялық (психологиялық және педагогикалық) негіздерін сипаттайды, салыстырады және сұрыптайды; білім беру тәжірибесін жақсарту үшін әріптестермен және шетелдік серіктестермен кәсіптік өзара іс-қимыл жасауға бастамашылық жасайды; қазіргі заманғы теориялар мен талдау әдістері негізінде академиялық тұтастықпен сипатталатын дербес ғылыми зерттеу жүргізеді.
  • ON1 Іргелі білімнің әдіснамасы модулі. Ғылым тарихы мен философиясының бөлімдері мен бағыттарын, педагогикалық-психологиялық мәселелерді философиялық талдаудың әдістері мен тәсілдерін, тарихи процестің негізгі заңдылықтарын, адамзат тарихындағы және қазіргі әлемдегі педагогика мен психология ғылымдарының даму кезеңдерін біледі, түсінеді және көрсетеді; Психологиялық-педагогикалық ғылым саласындағы теориялық-әдіснамалық тұжырымдамалардың негізгі ережелерін сипаттайды және сәйкестендіреді.
Top