Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B07109 Аспап жасау в АЭжБУ

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Өздігінен жетілу мен даму қабылетіне ие болу, бар белсенді өмір жолында жаңа білімдерді игеру.
  • Конфигурацияны жүзеге асыру мен микроконтроллерлер мен микрокомпьютерлерді бағдарламалау және оны жасақтау, монтаждау және құрастыра білу.
  • Аналогты және сандық құрылғылардың сұлбалық техникасын, автоматтандырылған жүйені басқару және түзету заңдарын білу.
  • Оқытылатын саланың оқу-практикалық және кәсіби міндеттерін шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолдану; ғылыми зерттеулер мен академиялық жазудың әдістерін білу және оларды оқытылатын салада қолдану; Академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетінің мәнін түсіну
  • Күнделікті өзгеріп отыратын әлеуметтік, экономикалық және басқа да шарттарға бейімделе білу; Техника мен технологиядағы өзгерістерге тез дағдылана алу және қабылдай алу.
  • Заманауи өркениет талаптарына сай ақпараттық және компьютерлік технологияларды, техниканың әлеуметтік-философиялық мәселелерін, инженерлі-техникалық қызмет тағайындалуын және оның адами мәнін түсіне білу.
  • Компьютерлік желілерді, қашықтықтан басқару жүйелерін әзірлеу және жоспарлау, мәліметтерді жинақтау және басқару, диагностикасын жүргізе білу.
  • Құрылғылар мен жүйелерді моделдей алу, түрлі жұмыс режимдерінде аспаптың уақыттық-жиіліктік сипаттамаларын ала алу.
  • Аспаптар мен жүйелердің өндіріс технологиясының негізін, компьютерлік технологиялар мүмкіндіктерін, компютерлік графиканың әдістемелері мен құралдарын білу.
  • Зерттеу және басқару қызметін жүзеге асыру; гуманитарлық мәдениеттілікке, адамға, қоғамға және қоршаған ортаға деген қатынасын реттейтін эстетикалық және құқықтық нормаларға ие болу.
  • Техникалық құжаттаманы жоспарлау, әзірлеу және рәсімдеуге арналған нормативті және басқару материалдарын білу
Top