Жаңа білім беру бағдарламасы

6B02302 Филология в Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты ҚР еңбек нарығының талаптарына лайықты; өзгермелі әлемде игерген терең білімі, кәсіби дағдысы негізінде жеңіл бейімделе алатын, эмоционалды интеллекті деңгейі жоғары, қазақ филологиясын дамытуда жетекші рөл атқаруға дайын, жоғары білікті филолог мамандар даярлау. Әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдаса отырып заманауи талаптарға жауап беретін ұлттық филологиялық білім берудің моделін қалыптастыру.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B037 Филология
  • Дайындық бағыты 6B023 Тілдер және әдебиет

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • қазақ әдеби тілінің тарихын негіздейді; тілдік обьектілердің стильдік ерекшеліктерін бағалайды; жалпы тіл білімінің теориялық тұжырымдарына, функционалды грамматика теориясына қатысты пікір білдіреді, тілдің танымдық, мәдени, этникалық, психологиялық, қолданбалық ерекшелігін дәйектейді.
  • лингвистика теориясы мен лингводидактиканың қазіргі ғылыми-зерттеулеріндегі жаңалықтарды сыни тұрғыда талдайды; тіл білімінің жаңа бағыттарындағы негізгі теориялар мен концепцияларды салыстырады; тілдік ортаның дамуына ықпал ететін экстралингвистикалық және интралингвистикалық, транслингвистикалық факторларды ажыратады, түркі тілдерінің грамматикалық тұлғаларын салыстырады.
  • Құқықтық, экономикалық, кәсіпкерлік, өндірістік, экологиялық ортадағы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттағы қоғамдық әлеуметтік маңызды құбылыстар мен процестерді зерделеуде зерттеу әдістері мен инновациялық тәсілдерді бағалау және қолдану қабілетіне ие.
  • қазақ тілінің дамуына ықпал ететін әлеуметтік, ғылыми жобалар жасайды; қазақ тілі бойынша ғылыми жұмысты ұйымдастырады, бағалайды; лингвистиканы зерттеуде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігін бағалайды.
  • көптілді ортада тұлғааралық және мәдениаралық коммуникация барысында әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық ғылым салаларындағы іргелі білім мен дағдылар негізінде олардың казақстандық қоғамды жаңғырту мен цифрландырудағы рөлі аясында белсенді азаматтық позицияны танытады.
  • қазақ тілінде сауатты, тілдік, стильді нормаға сай жазба жұмыстар, шығарма, эссе, әңгіме құрастырады; тіл блімінің жаңа бағыттарының даму үдерісіне қатысты болжам жасайды; қазақ тілі бойынша зерттеуді жоспарлайды.
  • іскерлік коммуникацияның құралдары мен стратегиясын қолданады; мәдениетаралық деңгейде сұхбаттасады; қазақ тілінде іс қағаздар жүргізеді; академиялық мәтінді интерпретациялайды; қазақ-орыс тілдерінде ауызша және жазбаша аударма жасайды; тілдік объектілерге лингвистикалық сараптама жасайды.
  • әлеуметтік, мәдени, кәсіби қызмет саласында сараптамалық, консалтингтік, аналитикалық қызмет көрсетеді; жасанды интеллектідегі қазақ тілі қолданысының мәселесін шешеді; тіл саясатының бағыттары мен әртүрлі бағдарламалардың тілдік ортаға ықпалын бағалайды.
  • әдебиет теориясы мен сынын, поэтикасын сын тұрғысынан талдайды; қазақ әдебиеті тарихындағы негізгі кезеңдерді, бағыттарды, мектептерді, оның өкілдерін ажыратады; әдеби тұжырымдарды салыстырады.
  • қазақ және шетелдік ақын-жазушылардың шығармашылығына идеялық-мазмұндық, жанрлық ерекшелік, сюжеттік-композициялық, стильдік, поэтикалық тұрғыда кешенді талдау жасайды; түркі халықтары әдебиетінің даму бағытын бағалайды.
  • қазақ тілі грамматикалық құрылымының тарихи өзгерістерін зерттейді, көркем мәтінге лингвистикалық талдау жасайды, алаш дәуіріндегі тілтанушылардың ғылыми тұжырымдарын басшылыққа алады, түркі тілдерінің грамматикалық ерекшеліктерін жалпылайды.
  • қазақ тілінің фонетика, лексикология, морфология, синтаксис салалары бойынша теориялық білімін көрсетеді; жоғары эмоционалды интеллекті, шешендік өнер мен сөйлеу әдебін көрсетеді; тіл тарихының негізгі кезеңдері мен өкілдері, ағымдары мен жаңа бағыттарын ажыратады; тілдерді генеологиялық, типологиялық, функционалдық тұрғыда жіктейді; қазақ жазуының тарихын, емлесін сипаттайды.
Top