Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B04202 Сот және прокурорлық қызмет в Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі, экономика және кәсіпкерлік, құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, зерттеу әдістері бойынша жан-жақты үйлесімді дамыған тұлға ретінде білімін көрсету.
  • құқық қолдану қызметін тарихты, теорияны, әдіснаманы, проблемаларды, құқықтың түрлі салалары нормаларының ерекшелігін, ұлттық және халықаралық құқықтық жүйенің ерекшеліктерін білу және түсіну негізінде жүзеге асыру
  • философиялық білім, сондай-ақ жеке тұлғаның психикалық және физикалық ерекшеліктері, өзін-өзі жетілдіру жолдары, жеке өсу және өзін-өзі тану туралы білім негізінде жалпы адамзаттық және әлеуметтік-жеке құндылықтарды дамыту
  • кәсіби қызметте заңды ұғымдар мен категорияларды түсіндіру, логикалық дұрыс және дәлелді ауызша және жазбаша сөйлеуді көрсету
  • цифрландыру жағдайында кәсіби қызметте теориялық және практикалық міндеттерді шешу үшін базалық ғылыми-теориялық білімді, заманауи ақпараттық-коммуникациялық құралдар мен технологияларды қолдану
  • нормативтік құқықтық актілерді қолдану, кәсіби қызметте материалдық және процессуалдық құқық нормаларын іске асыру
  • Прокурорлық қадағалауды, прокурорлық қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыру әдістемесі мен тактикасын пайдалану, ҚР Конституциясының сақталуына және ҚР аумағында қолданылатын заңдардың орындалуына прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру кезінде прокурорлық қызметкердің функционалдық, сондай-ақ пәндік қызметін регламенттейтін ҚР Бас прокуратурасының ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарын қолдану
  • құқықтық реттеу саласындағы қақтығыстарды басқару технологияларын қолдану
  • заңнаманы жетілдіру және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ұсынымдар әзірлеу мақсатында құқықтық проблемаларды зерттеу, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына заңдық сараптама жүргізу
  • сот практикасын және сот статистикасын, оның ішінде сот актілерін дайындау және сот шешімдерін шығару кезінде талдау мен қолдануды жүргізу
  • нормативтік құқықтық актілердің жобаларына заңдық сараптама жүргізу
  • академиялық жазудың, ғылыми зерттеулердің, экспериментті жоспарлау мен жүзеге асырудың, зерттелетін саладағы процестерді талдаудың, эксперименттік деректерді бағалау мен интерпретациялаудың тәсілдері мен әдістерін пайдалану
Top