Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B03110 Халықаралық қатынастар в Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Әлемдік экономика мен халықаралық экономикалық қатынастардың қазіргі тенденциялары мен проблемаларын, олардың ұлттық және әлемдік экономиканың дамуына әсерін талдау.
  • Халықаралық қатынастардың негізгі теорияларын, ҚР сыртқы саясатындағы көпжақты және интеграциялық дипломатия процестерін, халықаралық қатынастардың әлемдік саяси жүйесінің олардың тарихи, гуманитарлық, экономикалық және құқықтық шарттылығындағы дамуын түсіну.
  • Дүниетанымдық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті, ғылыми зерттеу әдістерін қалыптастыру негізінде әлеуметтік - мәдени, кәсіби дамуды көрсету.
  • Жеке және команда мүшесі ретінде жұмыс істей білу, өз көзқарасын дұрыс қорғау, халықаралық қатынастар саласында қарым-қатынас қабілеттерін дамыту.
  • Кәсіби қызметте дипломатиялық құжаттама және келіссөздер технологияларын жүргізу дағдыларын қолдану.
  • Мамандандыру аймағы мемлекеттерінің сыртқы саясатын қалыптастыруға әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды талдау.
  • Академиялық жазу және академиялық адалдық мәдениеті қағидаттарын ескере отырып, кәсіби ортада және қоғамда қазақ, орыс және шет тілдерінде еркін қарым-қатынас жасау.
  • Халықаралық қатынастар тарихының әртүрлі кезеңдерін, мемлекеттердің өзара қарым-қатынасындағы өзекті мәселелерді, интеграциялық процестерді, халықаралық конвенцияларды, геосаяси жағдайды талдау, маңызды халықаралық және аймақтық проблемаларға бағдарлану.
  • Коммуникациялық, ақпараттық және компьютерлік сауаттылыққа, ақпаратты жалпылау, талдау және қабылдау, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдау қабілетіне ие болу.
  • Қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың, халықаралық тәртіптің жай-күйі мен дамуын, ҚР сыртқы саясаты мен дипломатиясының даму перспективаларын, әлемдік қоғамдастық пен Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастықты талдау.
  • Дипломатиялық қызмет нәтижелерінің тиімділігін, ҚР мен шет елдердің халықаралық, өңірлік саясаты мен қауіпсіздігінің негізгі бағыттарын бағалау.
  • Дипломатиялық және консулдық қызметте дипломатиялық және іскерлік қарым-қатынасты ұйымдастыруға мүмкіндік беретін дипломатияның, дипломатиялық этикеттің және хаттаманың негізгі ережелерін пайдалану.
Top