Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7R01123 Пульмонология ересектердің, балалардың в Қарағанды медицина университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Науқас үшін ең жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін науқаспен, оның қоршаған ортасымен, денсаулық сақтау мамандарымен, соның ішінде пәнаралық және кәсіпаралық командалар құрамы ретінде тиімді өзара әрекеттесуді көрсету
  • Әртүрлі патологиялық процестерде органдар мен тіндердегі патоморфологиялық өзгерістерді түсіндіру
  • Ұлт денсаулығын нығайту саясатын жүзеге асыру үшін, оның ішінде төтенше жағдайларда да өз мамандығы бойынша денсаулық сақтау жүйесінде қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерді қолдану
  • Тыныс алу жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін; клиникалық көріністерін анықтаумен және синдромдарды бөліп көрсетумен пульмонологиялық аурулардың дамуының патогенетикалық механизмдерін; пульмонологиялық бейіндегі аурулардың рационалды фармакотерапиясы мен дәлелді медицинасы мәселелерін білуді көрсету
  • Пульмонологиялық аурулары бар науқастарда диагностиканың визуалды әдістерін жүргізу үшін көрсеткіштерді анықтау және олардың нәтижелерін түсіндіру
  • Кәсіби әдебиеттерді бағалау, күнделікті қызметінде халықаралық дерекқорларды тиімді пайдалану, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу
  • Интервенциялық пульмонологияның негізгі диагностикалық және емдік процедураларын жүргізу (ассистенттеу), диагностиканың интервенциялық әдістерінің нәтижелерін интерпретациялау; шұғыл және өмірге қауіп төндіретін жағдайларда білікті медициналық көмек көрсету
  • Пульмонологиялық аурулар кезінде функционалдық зерттеу әдістерін жүргізу және олардың нәтижелерін түсіндіру
  • Медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде пульмонологиялық патологиясы бар ересек және бала жастағы науқастарға диагноз қою және емдеуді, профилактиканы, медициналық оңалтуды, динамикалық бақылауды жүзеге асыру; өкпе туберкулезін және тыныс алу органдарының онкологиялық ауруларын анықтау бойынша менеджментті жүзеге асыру, оларды пульмонологиялық аурулармен саралай білу
  • Көрсеткіштерді анықтау және пульмонологиялық аурулары бар науқастарды инвазивті емес респираторлық қолдау режимдерін таңдау
  • Пульмонологиялық көмектің қауіпсіздігі мен сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін этикалық принциптерге бейілділікті көрсету және ең тиімді әдістерді қолдану
  • Өмір бойы кәсіби білім мен дағдыларды жетілдіру, кәсіби команданың басқа мүшелерін оқыту және үздіксіз кәсіби дамудың әртүрлі формаларына белсенді қатысу
Top