Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B04103 Қаржы в ЕТУ

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Тиімді өндірістік-экономикалық қатынастарды және бизнесті құру процесінде арнайы экономикалық білімді қолдана алады.
  • Ұйымның экономикалық және қаржылық жағдайына, сондай-ақ оның қызметінің әлсіз және күшті жақтарына объективті баға алу үшін оның деректерін талдаудың негізгі экономикалық және математикалық әдістерін қолдана алады.
  • Қаржы саласындағы проблемалық мәселелерді анықтауда зерттеу әдістері мен академиялық жазбаша білімдерін қолдана алады, тиімді коммуникацияны көрсете алады.
  • Негізгі бизнес концепцияларды қалыптастыру, түсіну және талдау, экономиканың нақты және қаржылық секторларында кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға қатысу, ресурстарды пайдалану және қалыптастыру, олардың бағасын анықтау туралы ақпаратты жүйелеу және жалпылау.
  • Кең көзқарасты қалыптастыру және кәсіптік салада қолдану үшін экономика, есеп және салық салу саласындағы білімдерін көрсету; банк ісінде, инвестицияда және ұйымның ресурстарын басқарудағы фактілерді, құбылыстарды, теориялар мен процестер туралы білімі мен түсінігін қолдана алу қабілетті
  • Бағалы қағаздар нарығының жұмыс принциптері мен нормативтік-құқықтық реттелуін, биржалық мәмілелердің ерекшеліктерін, биржалық нарықтың функциялары мен міндеттерін түсінуге қабілетті. Биржалық мәмілелерді жүзеге асыруға және жаңа қаржылық технологияларды қолдана отырып, интернет-Трейдинг барысында есептеулерді талдау үшін ақпараттық деректерді пайдалануға қабілетті
  • Тарихи және әлеуметтік-гуманитарлық тақырыптарды талқылау кезінде жоғары мәдениетті көрсете алады, өз ұстанымын дәлелдей алады, тиімді коммуникациялар құра алады, адамгершілік-құқықтық мәдениет деңгейін көтеруге жұмыс жасай алады, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың рухани-адамгершілік тетіктерін пайдалана алады.
  • Тұрақты дамуды қамтамасыз ету және бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелерін жоспарлауға, құрастыруға, талдауға және бақылауға қабілетті.
  • Тәуекелдерді талдау және бағалау, қаржылық тәуекелдерді басқарудың ең жақсы әдістерін табу және азайтудың негізгі жолдарын анықтау, қаржылық шығындарды азайту үшін қаржылық ресурстарды пайдалану тиімділігін бағалау.
  • Экономикалық қызметті ұтымды ұйымдастыру және менеджмент пен бизнес саласындағы кәсіби функцияларды тиімді жүзеге асыру үшін менеджмент және маркетинг саласындағы негізгі түсініктерді, теориялық білімдерді біріктіру.
  • Дәстүрлі және исламдық қаржыландыру құралдарын пайдалана отырып, дамуға қаражат тартудың тиімділігін бағалау және кәсіпорынның қаржылық шығындарын барынша азайту үшін ұтымды шешімдер қабылдау.
  • Кәсіби өсу және компанияның қаржылық қызметін ұйымдастыруда басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қаржы саласындағы іргелі дағдылар мен білімдерді қолдана алады.
Top