Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01503 Физика в ҚарУ Е.А.Бөкетов

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Кәсіби қызметте өндірістік және әртүрлі тәжірибеге бағытталған есептерді шешу үшін математикалық аппаратты қолданады.
  • Оқу процесін ұйымдастырады, жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында педагогикалық шеберлікті жетілдіреді және тәрбие жұмысының заманауи формалары мен әдістерін, инновациялық педагогикалық технологияларды енгізеді.
  • Кәсіби деңгейде білім мен түсініктерді қолданады, дәлелдер тұжырымдайды және жаңартылған білім беру мазмұнының принциптері негізінде физиканы оқытуда инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану мәселелерін шешеді.
  • Теориялық білімді практикалық қолдану жазықтығына барабар аудару үшін педагогикалық ғылымның теориялық және әдіснамалық негіздерін қолдануға қабілетті.
  • Күнделікті есептерді шешу үшін математикалық есептеулерді орындай алады; күнделікті өмірде және еңбек қызметінде кеңінен қолданылатын әр түрлі формада (кестелерде, диаграммаларда, графиктерде) ұсынылған ақпарат негізінде қорытынды жасайды.
  • Білім беру міндеттерін қоюға қабылетті, оқушылардың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, сабақты жоспарлауды жүзеге асырады, оқытудың тиісті әдістемелерін, бағалау құралдарын айқындайды, дидактикалық материалдарды әзірлейді.
  • Біртұтас жүйе және адам ретінде қоғам туралы, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау саласындағы тараптардың құқықтық мүдделері, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың экономикалық және әлеуметтік жағдайлары, адам мен табиғи ортаға зиянды және қауіпті факторлардың әсері, ғылыми зерттеулерді жүзеге асырудың негізгі қағидаттары туралы білімді қолданады.
  • Физика саласындағы білім мен түсінікті, физикалық зерттеу әдістерін, физиканың ғылым ретінде техниканың дамуына әсерін, физиканың басқа ғылымдармен байланысын және оның мамандықтың ғылыми-техникалық мәселелерін шешудегі рөлін қолданады.
  • Мектептегі физика курсының бөлімдерін оқыту әдістемесінің теориялық және практикалық негіздерін және физикалық экспериментті (зертханалық, демонстрациялық, компьютерлік) ұйымдастыру және қою дағдыларын меңгерген.
  • Іргелі физикалық заңдар мен теориялар, табиғат пен техникадағы құбылыстар мен процестердің физикалық мәні туралы білім жүйесіне ие және физиканың негізгі заңдарын практикаға бағытталған іс-әрекетте қолданады.
  • Тиімді коммуникацияны жүзеге асырады, кәсіби терминологияны сауатты қолдана отырып, білім алушылардың тілдік құзыреттерін дамыта алады.
  • Бақылау нәтижелерін, соның ішінде астрономиялық бақылау нәтижелеін өңдеу үшін эксперименттік және теориялық физика, заманауи есептеу техникасы және ақпараттық технологиялар бойынша білім мен түсініктерді қолданады.
  • Жаратылыстану-ғылыми ақпаратты талдау және өңдеу үшін жинау мен түсіндіруді жүзеге асыра отырып, заманауи ақпараттық-коммуникациялық құралдар мен технологияларды қолданады.
  • Оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру және білім беру ортасының жағдайларына қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар, күнделікті тіршілік жағдайында оқушылар ағзасының әр түрлі мүшелері мен жүйелерінің құрылымы, дамуы мен қалыптасуының негізгі ерекшеліктерін қолданады.
  • Өзінің кәсіби қызметінде қазіргі қоғамның бәсекеге қабілеттілігі, прагматизм, өзара түсіністік, төзімділік және демократиялық құндылықтарының басымдықтарында өзінің азаматтық ұстанымын қолданады.
Top