Жаңа білім беру бағдарламасы

7M04102 Мемлекеттік және жергілікті басқару в Yessenov University

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты 7М04102 - «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасының мақсаты орталық және жергілікті билік органдары, мемлекеттік мекемелер үшін жоғары білікті басқару кадрларын және мемлекеттік, қоғамдық және коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеу үшін бәсекеге қабілетті менеджерлер мен әкімшілерді, экономиканың түрлі секторларында инновациялық міндеттерді шешуге қабілетті, тәжірибеге бағытталған кәсіби және жеке құзыреттерді меңгерген мамандар даярлау болып табылады
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M071 Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Дайындық бағыты 7M041 Бизнес және басқару

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Басқарушылық шешімдерді, оның ішінде мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттіктерін орындауға бағытталған нормативтік актілерді әзірлейді
  • Аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін бағалайды және олардың болашаққа деген келешекін болжайды, мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимыл тетіктерін түсіндіреді
  • Кәсіби басқару қызметінде психологияның заманауи педагогикалық, коммуникативтік әдістері мен технологияларын қолданады, кәсіби қызметте табысқа жету үшін менеджменттің тиімді технологияларын көрсетеді
  • Басқалар жүргізген зерттеулерді сыни тұрғыдан талдайды, сонымен қатар өзінің ғылыми зерттеулерін жоспарлайды, ұйымдастырады
  • Жеке және мемлекеттік секторлардың мәселелерінің кең спектрін зерттеу үшін теориялық, практикалық, ғылыми-зерттеу және көшбасшылық дағдыларды пайдаланады
  • Тұлғааралық қарым-қатынасты орнатады және мемлекеттік қызметшінің имиджін қолдайды
  • Өзінің зерттеу қызметінің рефлексиясын және өзін-өзі бағалауын жүзеге асырады, одан әрі кәсіби даму бағыттарын анықтайды
  • Мемлекеттік басқару саласындағы басқару міндеттерін шешу үшін ақпараттық технологияларды қолданады
Top