Әдебиет теориясы және филологиялық талдау

  • Курс студенттерді әдебиет теориясының даму және қалыптасу ерекшеліктерімен таныстыруды, әдеби бейне, көркем шығарма, әдеби жанр, көркем шығарманың тілі т.б. әдебиеттанудың басты категорияларын меңгертуді мақсат етеді. Пән негізгі әдеби-теориялық категорияларды. оқытуға, көркем мәтінді талдау үшін қажетті практикалық және кәсіби-теориялық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Пәнді игеру нәтижесінде студент сөз өнерінің поэтикасын, көркем мәтінге филологиялық талдаудың методологиялық аспектісін түсіндіреді; негізгі әдеби-теориялық категорияларды сипаттайды; көркем мәтінге филологиялық талдаудың мәні мен негізгі бағыттарын қарастырады және саралайды; әдеби құбылту мен айшықтаудың түрлерін анықтайды; ұлттық және әлемдік әдебиеттің қазіргі даму бағыттарын айқындайды; шығарма идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан талдайды; сөз өнерінің қоғамдық функциясын түсініп, практикада қолданады.
  • Несиелер 6
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 4
  • Семестр 2
Top