Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы сандық ресурстар

  • Курс қазақ тілі мен әдебиетін қазіргі білім беру жүйесіне сәйкес оқыту әдістерімен және сандық білім беру ресурстарын пайдаланудағы білімдерін, дағдылары мен іскерлікерін кеңейтуге бағытталған. Курста қазақ тілі мен әдебиетін мектепте оқыту кезінде білім беруді цифрландыру және электрондық оқыту (e-learning) жүйесін, гипермəтіндік технологияларды мобильді, бұлттық, смарт технологияларды енгізу және іске асыру процесін ұйымдастырудың теориялық-практикалық негіздері қарастырылады және талданады. Пәнді меңгергеннен кейін студент сандық құралдарды сипаттайды; онлайн-сервистер мен интерактивті оқытуға арналған платформаларды талдайды; оқытуда QR кодтарын қолданады; бейнеконференция жүйелерін саралайды; онлайн тестілеу және білімді бақылау сервистерін анықтайды; оқытудағы сандық ресурстардың тиімділігін бағалайды.
  • Несиелер 5
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 3
  • Семестр 2
Top