Қазіргі қазақ тілі фонетикасы

  • Пәннің мақсаты: Білім алушыларға қазіргі қазақ тілі дыбыс жүйесі бағытында қалыптасқан теориялық мәселелерді беріп, оны практикамен ұштастыра алу қабілеттерін дамыту. Пәннің мазмұны: Қазақ тілі дыбыс жүйесінің нысаны, мақсат-міндеттері мен зерттелу тарихы, дыбыс, оның түрлері мен жіктелісі, буын, екпін, үндестік заңы мен фонетикалық құбылыстарды әлемдік және отандық тіл білімінде қалыптасқан теорияларды меңгерту негізінде жүзеге асыру. Білім беру мен оқытудың әдістері: Case-Study, сыни тұрғыдан ойлау, Венн диаграммасы, идеялар себеті, ыстық орындық т.б. Студенттің қызметі: топпен жұмыс, жұппен жұмыс, жеке жұмыс, дәріс жүргізушімен жұмыс. Бағдарламалық қамтамасыз ету мен құрал-жабдықтар: YouTube, MOOC, интербелсенді тақта. Білім алушыларды бағалау әдістері: ағымдық және аралық бағалауды ауызша әрі тест түрінде, қорытынды бағалауды тест арқылы жүргізу.
  • Несиелер 5
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 1
  • Семестр 2
Top