Қазақ фольклористикасы

  • Мақсаты: Қазақ халқының ауыз әдебиетін жеке пән ретінде оқыту арқылы халқымыздың сан ғасыр бойына жасаған рухани мәдениеті-фольклорлық мұраларды терең, жан-жақты таныстыру. Пәннің мазмұны: Қазақ фольклорының жиналу, жариялану тарихы мен табиғатын, даму жолдарын зерттейтін ғылым. Қазақ фольклорының қалыптасуы. Фольклордың пайда болуы туралы пікірлер, фольклор жанрлары мен түрлері; ауыз әдебиетінің табиғаты мен қыры; таралу, сақталу ерекшеліктері, жанр классификациясы, қазақ фольклорының қалыптасу кезеңдері; қазақ фольклорының зерттелу тарихы. Рулық қоғамдағы фольклор үлігілері (миф, еретегі, аңыз, әпсана, бақсы сарыны, арбау, байлау өлеңдері т.б.) жанрлар. Эпос жанрының ішінде көне эпос дәл осы дәуірдің көркем мұрасы. Оқыту әдістері мен оқыту: активті, интерактивті, репродуктивтік Студент белсенділігі: дәуірлік кезеңдегі көркем әдебиеттің өзіндік ерекшеліктерін ашып көрсету үшін көркем мәтінді талдай алу әрекетіндегі студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ), дәрістен алған теориялық білімін жинақтап, ғылыми ойлауын арттыру үшін студенттің оқытушының бірлесіп жұмысы (СОӨЖ) Бағдарламалық және ақпараттық қамтамасыз ету: ақпараттық-коммуникациялық технология (АКТ) құралдары, плакат, көрнекіліктер. Білім алушыны бағалау тәсілдері: аралық бақылау тест, сұрақ-жауап, қорытынды бақылау ауызша емтихан.
  • Несиелер 5
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 1
  • Семестр 1
Top