Шет тілінің ауызша және жазбаша сөйлеу тәжірибесі С1

  • Пәннің мақсаты студенттердің ағылшын тілін еркін меңгеріп, қоғамда, көпшілік ортада, халықаралық қарым-қатынаста, кәсіби қызметте пікір алмасып, ой бөлісіп, мақсатты сөйлей алуларын жүзеге асыруға қол жеткізу. Әлеуметтік-тұрмыстық және академиялық салалардағы қарым-қатынас стилі мен сипатына байланысты кәсіби қарым-қатынас жағдайларына сәйкес сөйлеу мінез-құлқы ережелерін оқыту, оқылған мәтіннің мазмұнын беру. Барлық білім алушыларға негізгі тілдік дағдыларды меңгерту: ауызша сөзді дұрыс тыңдап, оның мәнін түсінуі; ағылшын тілінде еркін сөйлеп, қарым-қатынас жасай алуы; жазу түрінде өз идеясын дұрыс жетікізуге төселу, университет деңгейіндегі мәтіндерді оқып, оның мазмұнын түсіне алуын қамтамасыз ету. Бағалау әдісі: ауызша емтихан.
  • Несиелер 4
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 3
  • Семестр 2
Top