Шет тілін оқыту әдістемесі

  • Пәннің мақсаты:мектепте ағылшын тілі пәнін тиімді үйретудің әдістемелік ерекшеліктерін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан игерту арқылы кәсіби деңгейі жоғары, білімі терең, тәжірибелік дағдысы жетілген, ұлттық ділі қалыптасқан, бәсекеге қабілетті, ғылыми әлеуеті кең әдіскер тіл маманын дайындау Пән мазмұны: Білім берудің теориялық және әдіснамалық негіздері: шет тілді білім беру әдістемесіндегі ғылыми зерттеу әдістері. Шет тіліндегі білім берудің әдіснамалық жүйесі: мақсаттары, тәсілдері, мазмұны, принциптері. Әр түрлі әдістерді, құралдарды, әдістерді, сондай-ақ интерактивті және ақпараттық технологияларды қолдана отырып, шет тілінде білім берудің негізгі технологиялары. Оқыту әдістері: эвристикалық, іздендіру, кейс-стади, көрнекілік (АКТ бағдарламаларын қолдану), қатысымдық әдіс, дәрісбаян әдісі, т.б. Студенттер әрекеті: тақырып бойынша ғылыми еңбектерді оқып танысады, өзіне қажеттісін алады; Жинаған ақпараттарын тәжірибелік сабақтарда дәйекті түрде өзінің ойын дәлелдеу үшін тиімді қолданып айтып береді; Оқу жоспарларын құрайды, үйренеді. Кейінгі жылдары шыққан мектеп оқулықтары және әдістемелік нұсқаулықтарымен танысады, оларға аннотация жазады; Өздеріне ұнаған оқыту технологиялары бойынша класстер құрады; сыныптар бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрады, сабақ өткізеді, оны талдап үйренеді; сабақтарында АКТ жаңа бағдарламаларын қолдануды қарастырады. БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын құрастырады. Программалық қамтамасыз етілуі және жабдықталуы: интерактивті тақта, AV/VR бағдарламасы Бағалау әдісі: ағымдық, аралық, қорытынды бақылау және ауызша емтихан.
  • Несиелер 4
  • Оқу жылы 3
  • Семестр 1
Top