VII-XVIII ғасырдағы әдебиет

  • Мақсаты: Ежелгі дәуір әдебиеті мен дәстүрлі жыраулық және ақындық поэзияның табиғи сабақтастығы, көркемдік, стильдік жалғастық мәселелерімен жан жақты ғылыми-теориялық тұрғыдан таныстыру. Пәннің мазмұны: Көне түркі әдебиеті. (ҮІ-ІХ ғасырлар) Орхон Енисей жазулары. "Күлтегін" жыры. Қорқыт ата кітабы ("Китаби дедем Коркуд"). Жыраулар поэзиясының жариялану, зерттелу жайы. Хандық дәуір әдебиетінің жиналуы, жариялануы XIX ғасырдың екінші жартысынан басталады. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиеттің жиналып, жариялану, зерттелуін үш кезеңге бөліп қарастыру. Бірінші кезең. XIX ғасырдын екінші жартысынан бастап Кеңес үкіметі орнағанға дейінгі кезең аралығындағы жиналу, жариялану жұмыстары. Ш.Уәлихановтың, В.В.Радловтың жыраулар шығармашылығына қатысты пікірлері, жинап бастыруы. Жыраулар мұрасының «Ноғай уа құмық шығырлары». М.Османов, «Жақсы үгіт» М.Бекмұхамедов, «Шайыр», «Көксілдер», Ғ.Мұштақ «Тауарих хамса»,Қ.Халидұғлы «Ақын» А. Берқалиұғлы құрастырған жинақтарға енуі. Екінші кезең. 1917 жылдан - 1959 жылдар аралығындағы жиналып жариялануы, зерттелуі. Үшінші кезең. 1959 жылғы әдеби мұра жайлы мәселе көтерілген конференциядан кейінгі және осы күнге дейінгі зерттелуі. XX ғасырдың 60-90 жылдар аралығында жыраулар поэзиясының тиянақты зерттелуі: Б.Кенжебаев, Ә.Марғұлан, Х.Сүйіншәлиев, М.Мағауин зерттеулерінің маңызы. Жыраулар поэзиясының көркемдік-идеялық ерекшеліктері Оқыту әдістері мен оқыту: СТО технологиясы, интерактивті, репродуктивтік. Бағдарламалық және ақпараттық қамтамасыз ету: ақпараттық-коммуникациялық технология (АКТ)құралдары, көрнекіліктер. Білім алушыны бағалау тәсілдері: аралық бақылау тест, сұрақ-жауап, қорытынды бақылау ауызша емтихан.
  • Несиелер 4
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 2
  • Семестр 1
Top