XIX ғасыр мен XX ғасыр басындағы қазақ көркемсөз өнерінің дамуы

  • Мақсаты: Қазақ көркемсөз өнерінің ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы қалыптасып дамуымен таныстыру. Пәннің мазмұны: ХІХ ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдайдың сөз өнеріне, әдебиетке әсері. ХІХ ғасыр әдебиетінің даму барысындағы өзгерістер, бағыттар. Көркемдік ерекщеліктер. ХІХ ғасыр әдебиетіндегі негізгі сарындар, саяси бағыттар мен әдеби-көркемдік ағымдар. Қазақ әдебиетіндегі жыр үлгісінің түрлі дәстүрлі жанрмен бірге уақиғалы дастан, поэмалар, сырлы лирикалық өлеңдер, сатира, айтыс түрлері, нәзиралық, ауыз әдебиеті үлгілеріндегі жаңа көркемсөз түрлерінің туып дамуы. ХІХ ғасырдағы дәстүрлі айтыс өнері және оның өкілдері. Сал серілер шығармашылығы, өнерпаздық, сыршылдық ағым. Қоқан хандығы езгісіне қарсы әдебиет. Зар заман поэзиясы, негізігі сарын, көркемдік сипаты. ХІХ ғасырдағы жаңа жазба әдебиет, жаңа түр, жанрлардың қалытасуы. ХХ ғасыр басындағы көркемсөз өнеріндегі әдеби-эстетикалық бағыттар, өріс алуына негіз болған қоғамдық-саяси уақиғалар. Діни ағартушылық бағыттағы ақындар, олардың шығармашылығының тақырып-идеясы. Ағартушы демократтық бағыттың өкілдері, шығармашылық мұрасы. Ұлт азаттық бағыттағы ақын-жазушылар шығармашылығындағы ұлттық мүдде. Әнші-ақындар шығармашылығы. Оқыту әдістері: өздік жұмысқа, шығармашылық жұмысқа бейімдеуде активті әдіс, интерактивті, кері байланысты орнату мақсатында репродуктивтік әдіс Студент белсенділігі: Пән бойынша өтілетін материалдарды игеріп, өз бетінше оқып талдап ой елегінен өткізу мақсатында оқытушымен білсекен жұмыс (СОӨЖ); танымдық құзыреттілігін қалыптастыру үшін студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) Бағдарламалық және ақпараттық қамтамсыз ету: оқу құралдар мен зерттеулер, ақпараттық-коммуникациялық технология (АКТ), көрнекіліктер Білім алушыны бағалау тәсілдері: аралық бақылау тест, мәтін талдау ауызша, қорытынды бақылау ауызша емтихан.
  • Несиелер 5
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 2
  • Семестр 2
Top