ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті

  • Мақсаты: ХХ ғасырдағы, атап айтқанда, 1920-1990 жылдардағы қазақ әдебиетінің даму бағытын, өзіндік ерекшеліктерін, көркемдік табиғатын дарлай, саралай отырып білім беру, студенттердің көркем шығарманы талдаудағы эстетикалық талғамын қалыптастыру. Пәннің мазмұны: Кіріспе: ХХ ғасырдағы (1920-1990) қазақ әдебиетінің даму үрдісі; тарихи, қоғамдық, саяси-әлеуметтік жағдайдың әдебиет дамуына ықпалы. Осы кезеңдегі әдебиеттің тарихи, көркемдік табиғатын танытудағы іргелі ғылыми-теориялық зерттеулер. ХХ ғасырдағы (1920-1990) әдебиетінің шартты түрде кезеңдерге бөлінуі. Әр кезеңдегі қазақ әдебиетінің даму сипаты. Жанр табиғаты, шығарманың көркемдік әлемі, туындының жазылу тарихы, типтендіру мәселелері. 1920-40 жылдардағы әдебиет өкілдерінің шығармашылығы. Осы жылдардағы әдеби үрдіс туралы баспасөз бетінде жарияланған сыни мақалалардың полемикалықсипаты. 1940-1960 жылдардағы белгілі қаламгерлердің әдеби үрдістегі орны. Олардың шығармашылық мұрасын бүгінгі күн тұрғысынан талдау. 1960-1990 жылдардағы әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық, идеялық-көркемдік ізденістер. Оқыту әдістері мен оқыту: активті, интерактивті, репродуктивтік Студент белсенділігі: дәуірлік кезеңдегі көркем әдебиеттің өзіндік ерекшеліктерін ашып көрсету үшін көркем мәтінді талдай алу әрекетіндегі студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ), дәрістен алған теориялық білімін жинақтап, ғылыми ойлауын арттыру үшін студенттің оқытушының бірлесіп жұмысы (СОӨЖ) Бағдарламалық және ақпараттық қамтамасыз ету: интерактивті тақта, АКТ.Білім алушыны бағалау тәсілдері: аралық бақылау ауызша, қорытынды бақылау ауызша емтихан.
  • Несиелер 5
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 3
  • Семестр 1
Top