Қазіргі қазақ әдебиеті

  • Мақсаты: ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы әдеби үрдістің даму ерекшеліктерін әдебиеттану ғылымының қол жеткізген бүгінгі табыстары негізінде ашып көрсету, студенттердің көркем шығарманы талдаудағы эстетикалық талғамын қалыптастыру Пәннің мазмұны: Кіріспе: Қазіргі қазақ әдебиеті – көркем мазмұн мен пішін тұрғысында да, идеялық-концептуалдық тұрғыда да жаңарған, толысқан әдебиет. Ұлттық рухтың жаңғыруы әдеби әлемде игі өзгерістер мен құбылыстарға жол ашты. Егемендіктің жариялануы бұрынғы саяси идеологияның салдарынан бұрмаланған ұлт тарихын қайта зерделеуге, тарихтағы және жалпы руханияттағы ақтаңдақтардың орнын толтыруға мүмкіндік берді. Ұлттық әдебиеттің саясат құрсауынан босап, әлемдік әдеби кеңістікпен ықпалдастығы артуынан көркемдік даму арналарында әлемдік үрдістердің әсер-ықпалы айқын аңғарыла бастады. Қазақтың тарихи прозасы (поэтика, шеберлік мәселелері). Тарихи шығармалардың тарихи-көркемдік және эстетикалық сипаттары. Лирикалық прозаның табиғаты. Дәстүрлілік пен жаңашылдық. Дәстүр және әдеби процесс. Қазіргі қазақ романдарының идеялық-эстетикалық нысанасы, ұлттық дүниетаным қырлары, заманауи сырлары, көркем тіл мәселесі, суреткерлік ерекшеліктері. Қазіргі қазақ повестерінің тақырыптық-идеялық нысанасы, шеберлік шеберханасы, сюжеті мен композициясы, көркемдік ойлау, сөз таңдау дәрежесі. Қазіргі қазақ әңгімелері. Тақырыбы мен мазмұны. Көркемдік қыры. Тілі мен стилі. Қазіргі қазақ драматургиясындағы тартыс пен конфликт, қимыл-әрекет пен декорациялау, тақырып ауқымы, тіл шеберлігі мәселелері. Қазіргі қазақ сыни еңбектерінің зерттеу салалары. Оқыту әдістері мен оқыту: активті, интерактивті, репродуктивтік Студент белсенділігі: дәуірлік кезеңдегі көркем әдебиеттің өзіндік ерекшеліктерін ашып көрсету үшін көркем мәтінді талдай алу әрекетіндегі студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ), дәрістен алған теориялық білімін жинақтап, ғылыми ойлауын арттыру үшін студенттің оқытушының бірлесіп жұмысы (СОӨЖ) Бағдарламалық және ақпараттық қамтамасыз ету: интерактивті тақта, АКТ Білім алушыны бағалау тәсілдері: аралық бақылау ауызша, қорытынды бақылау ауызша емтихан.
  • Несиелер 5
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 3
  • Семестр 2
Top