20 ғасырдағы қазақ әдебиеті

  • Курс XX ғасыр әдебиетінің тақырыптық -идеялық, көркемдік - эстетикалық даму үдерісінің ерекшеліктерін талдау мақсатында оқытылады. Азаматтық мұрат - мақсаты отаншыл қасиеттерге негізделген Алаш қайраткерлерінің әдеби және қоғамдық істерінің тарихи маңызы, қалам қайраткерлерінің түрлі жанрдағы шығармашылық ізденістерінің эстетикалық әлемі, жаңашылдық қырлары қарастыра отырып, білім алушылардың әдеби шығарманы контекстуалдық талдау дағдысын қалыптастырады. Курсты меңгеру барысында студенттер көркем әдебиеттің даму тенденцияларын анықтай алады. ХХ ғасырдың әдеби туындыларының поэтикасына қатысты жазылған әдебиеттанушы ғалымдардың, сыншылардың еңбектеріндегі ой -пікірлер, тұжырымдарын біледі. Суреткер шығармаларындағы адам тұлғасының түрлі қарым -қатынастық жүйесін талдап, ұлттық және әлемдік көркемдік дамудың әсерін анықтайды.
  • Образовательная программа 6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Несиелер 5
  • Оқу жылы 4
  • Семестр 1
Top