Психолингвистика

  • Пәннің мақсаты: сөйлеу әрекетін адамзатқа тән арнайы әрекет ретінде зерттеудің тәсілдерін үйрету, оның психологиялық болмысы мен құрылымын, түрлерін меңгерту, сөздің қалыптасуы мен жетілуін қоғам мен тұлға дамуындағы негізгі қызметтермен байланыста зерттеу. Тіл психологиясы саласындағы негізгі түсініктердің қалыптасуы. Психолингвистика тарихы, тіл мен сана, хабарлау әрекетінің мәні мен деңгейі, ойды қабылдау және түйсіну, ішкі сөз. Тілдік қатынас және коммуникация психологиясы, БАҚ психологиясы, медиа-психология. Балалар тілі. Сөйлеудегі ауытқулар. Пәнді оқыту үдерісінде келесі мәселелер қамтылады: - сөз өнімі мен сөз қабылдау әрекеттерінің құрылымы мен оның тілдік жүйедегі қатынасын сипаттау; - сөйленістің пайда болу әрекеттері мен оның тіл арқылы жарыққа шығу тетіктерін айқындау; - магистранттарды қазіргі психолингвистика тарихымен, негізгі бағыттарымен таныстыру, тілдік құрылымдағы психикалық тетіктердің ықпалын зерттеу жолдарымен таныстыру.
  • Образовательная программа 7M01710 Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Несиелер 6
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 1
  • Семестр 2
Top