Білім беру бағдарламасы өзекті емес

7M05311 Ядролық медицина в Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Ядролық-медициналық диагностика және терапия саласында инновация жүргізуге, ядролық медицинада ғылыми зерттеулер жүргізуге, қазіргі заманғы инновациялық ядролық медицина мен технология саласында ғылыми-зерттеу институттарын дамытудағы медициналық орталықтарға сұранысқа ие, медициналық, биологиялық және физикалық білімге, сонымен қатар кең эрудицияға ие жоғары білікті мамандарды даярлау. Бағдарлама кәсіби тұлғаның мамандарын келесілерге қабілетті болуына бағытталған: -ядролық медицина саласында ғылыми зерттеулердің нақты мәселелерін қою және оларды заманауи математикалық-программалардың көмегімен өз бетінше шешу; - өзіндік ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талдауға, өңдеуге және интерпретациялауға мүмкіндік беретін, нәтижені қамтамасыз ететін, терең практикалық және теориялық әдістерді талап ететін ғылыми зерттеулерді өз бетімен жүргізу; - кәсіби салада эксперименталдық, теориялық және компьютерлік зерттеу әдістерін қолдану; - қатерлі ісік ауруларын диагностикалау және емдеу үшін, иондаушы сәулелену көздерімен радиологиялық зерттеулер жүргізу; - ғылыми және инновациялық міндеттерді шешу үшін, ядролықфизика және медицина бөлімдерін пайдалану және инновациялық қызметтегі зерттеу нәтижелерін қолдану; - ядролық-медициналық зерттеулер, ғылыми конференциялар және семинарларды жоспарлау және жүргізу; ғылыми-техникалық құжаттарды жасау және ғылыми-техникалық жобалар, ғылыми мақалалар, баяндамалар, есептер дайындау; - дәрістік, семинарлық, практикалық, лабораториялық жұмыстарды классикалық және инновациялық сабақ беру әдістерін пайдалана отырып дайындау және жүргізу; - алдағы оқу барысына өзіндік бағдарлама және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасау.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M090 Физика
Top