Білім беру бағдарламасы өзекті емес

6B07105 Өндірістік жылу энергетикасы в Yessenov University

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты «Өндірістік жылу энергетикасы» білім беру бағдарламасы жылу энергетика және жылу техника саласындағы бакалаврларды дайындауға бағытталған. «Өндірістік жылу энергетикасы» білім беру бағдарламасының мақсаты бітірушіге қызмет саласында табысты жұмыс істеуге, еңбек нарығында оның әлеуметтік ұтқырлығы мен тұрақтылығына ықпал ететін әмбебап және пәндік-мамандандырылған құзыреттерге ие болуға мүмкіндік беретін кәсіби білім алуды анықтайды. Бакалавриат бағдарламасын игерген бітірушілердің кәсіптік қызмет саласы жылу өндіру, оны қолдану, оның ағынын басқару және энергияның басқа түрлерін жылуға түрлендіру бойынша техникалық құралдарды зерттеу, жобалау, құрастыру және пайдалануды қамтиды. Бакалавриат бағдарламасын меңгерген бітірушілердің кәсіби қызметінің объектілері жылу және атом электр станциялары, өнеркәсіптік және коммуналдық кәсіпорындарды энергиямен қамтамасыз ету жүйелері және т. б. болып табылады. Бакалавриат бағдарламасын меңгерген түлектер дайындалатын кәсіптік қызмет түрлері: есептік-жобалық және жобалау-конструкторлық; ғылыми-зерттеу; ұйымдастыру-басқару; өндірістік-технологиялық; монтаждық-баптау; сервистік-пайдалану. "Жылу энергетикасы" білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін техника және технология бакалавры дәрежесі беріледі.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B162 Жылу энергетикасы
Top