Білім беру бағдарламасы өзекті емес

6B01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану , инклюзивті білім беру тьютері в Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Ерекше қажеттіліктері бар (танымдық, зияткерлік, физиологиялық, мінез-құлық) балаларды сүйемелдеу мен әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық көмек көрсетуге қабілетті әлеуметтік педагогтар мен өзін-өзі тану мұғалімдерін,инклюзивті білім беру тьюторларын дайындау. Мақсаты бойынша міндеттер анықталды: -даму және түзету, оңалту орталықтарында, әлеуметтік-консультативтік мекемелер мен білім беру ұйымдарында балаларды сүйемелдеуді жүзеге асыруға қабілетті эмпатиялық, перцептивтік дағдылар мен интерактивті іскерлікті қалыптастыру; - жайлы әлеуметтік және инклюзивтік орта құруға бағытталған тұлғаның адамгершілік, рухани, азаматтық-патриоттық, эмоциялық, коммуникативтік қасиеттерін тәрбиелеу; - білім беру ұйымдарында және түзету және оңалту орталықтарында балалармен жұмыс кезінде әлеуметтік педагогтың тұрақты нормативтік - құқықтық білімін, құндылықты қондырғыларын дамыту; - әлеуметтік педагог пен инклюзивтік білім беру тьюторының кәсіби дағдылары мен икемділігін әлеуметтендіру.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B019 Әлеуметтік педагогтарды даярлау
  • ҰБТ-дағы пәндер Биология және География
  • Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
Top