Білім беру бағдарламасы өзекті емес

8D05107 Фитобиотехнология в Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының мақсаты - жоғары білікті ғылыми және ғылыми - педагогикалық кадрларды дайындау, фитобиотехнология саласындағы инновациялық, жоғары деңгейдегі теориялық және қолданбалы ғылыми зерттеулер мен әдістемелерді жүзеге асыратын, фитобиотехнология саласындағы жаңа идеяларды, тәсілдерді және әдістерді – өсімдіктерді сұрыптау, тағам, парфюмерлік, косметикалық өнеркәсіп, фитофармакология, өсімдік шикізатын өңдеу саласында елеулі үлес қосатын мамандарды қалыптастыру. Бағдарлама жоғары санатты маман қалыптастыруға бағытталған, ол келесі қабілеттіліктерге ие болады: - өнеркәсіптік, медициналық, ауылшаруашылық фитобиотехнологиялар саласындағы бірегей ғылыми зерттеу нәтижесінде жаңа білімдерді қалыптастыруға және талқылауға, - өсімдіктер биотехнологиясы, өсімдіктерді сұрыптау, тағам, парфюмерлік, косметикалық өнеркәсіп, фитофармакология, өсімдік шикізатын химиялық өңдеу саласында және басқа да аралас салаларда инновациялық биотехнологиялық әдістерді қолдану, - биотехнологиялық өнім жасау мақсатында қазіргі заманғы биотехнологиялық әдістер негізінде ғылыми жобаның бастамасын жасауға немесе әдістемелерді және өндірісті ұйымдастыруға қабілетті болу, - биологиялық ғылымды басқаруда, өндірісте ұйымдастырушылық жұмыста және практикалық қызметте менеджменттің әр түрлі деңгейлері мен түрлеріне алған кешенді білімдері мен дағдыларын қолдану, - әлемдік қоғамдастыққа өз зерттеулерінің нәтижелерін жоғары деңгейде көрсете білу, командада өзгелердің пікірін тыңдау және өз көзқарасын қорғай білу.
  • Академиялық дәреже Докторантура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 3 года
  • Кредиттер көлемі 180
  • Білім беру бағдарламаларының тобы D082 Биотехнология
Top