Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7R09144 Хирургиялық стоматология в С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

  • Ауыз қуысы ағзаларының іріңді хирургиясы -1
    Несиелер: 14

    Пән ауыз қуысының спицификалық және спицификалық емес қабынуларын консерватиті емдеу, алдын алау, диагностика жүргізу машықтары мен клиникалық ойлау қабілетін, периостит, перикоронарит, тістердің қиналып жарып шығуы, бет-жақ аймағы мен ауыз қуысындағы беткей абсцесстерді хирургиялық жолмен емдеу дағдыларын қалыптастырады. Коммуникация, топта жұмыс істеу, медициналық құжаттаманы жүргізу дағдыларын жетілдіреді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ауыз қуысына хирургиялық араласу кезіндегі жергілікті жансыздандыру
    Несиелер: 18

    Пән хирургиялық стоматология клиникасында жансыздандыруды жүргізудің жүйелі тәсілін қалыптастырады, анестезия әдістерін, дәрілік препараттарды тиімді таңдау дағдыларын қалыптастырады; науқастың ақпараттандырылған келісімін алу процедурасын жүргізу дағдысы; аппликациялық, инфильтрациялық, өткізгіштік жансыздандыруды орындау техникасы; жергілікті анестезия асқынуларынын алдын алу, жергілікті жансыздандыру жүргізумен байланысты шұғыл жағдайларды дамыту кезінде дәрігерлік көмек көрсету дағдысы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ауыз қуысы ағзаларының іріңді хирургиясы -3
    Несиелер: 15

    Пән пародонт ауруларын емдеу мен алдын алу, диагностика жүргізу, самай төменгі жақ буын аурулары, ауырулық дифункция синдромы, нейростоматологиялық аурулар, гингивотомия, гингивэктомия, қиынды қолданатын операциялар жүргізудің машықтары мен клиникалық ойлау қабілетін қалыптастырады, сонымен қоса, мүмкін болатын тәуекелдерді бағалау, болжанатын асқынулардың алдын алуы, кәсіби команда құрамында жұмыс істеу, медициналық құжаттаманы жүргізу және өз бетінше оқыту дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ауыз қуысы ағзаларының іріңді хирургиясы -2
    Несиелер: 12

    Пән жақ сүйектер одонтогенді остеомиелитін, жоғарғы жақ одонтогенді синуситін, сілекей без ауруларының қабынбалы және дистрофиялық түрлерін емдеу, алдын алу, диагноситка жүргізуі бойынша машықтарын және клиникалық ойлау қабілетін қалыптастырады, секвестрэктомия, гайморотомия, ороантральді ашылуларға пластика жүргізу, сілекей бездерінен конкременттерді алу, зондтау ен сілекей без түтігін бужирлау дағыладрын қалыптастырады. Коммуникация, топта жұмыс істеу, медициналық құжаттаманы жүргізу дағдыларын жетілдіреді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ауыз қуысы ағзаларын қалыптастырушы хирургиясы -1
    Несиелер: 12

    Пән тіс жарақатымен альвеола өсіндісі жарақаты кезінде ауыз қуысын қалпына келтіру операцияларын жүргізу және диагностика кезеңдерінде білімді, клиникалық ойлау және практикалық дағдыларды қалыптастырады, жұмсақ тіндердің жараларын алғашқы хирургиялық өңдеу, медициналық сақтандырудың негізгі принциптерін жүзеге асыру, науқаспен, оның айналасымен, медициналық персоналмен өзара дүрыс қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ауыз қуысы ағзаларын қалыптастырушы хирургиясы -2
    Несиелер: 12

    Пән ауыз қуысын протездеуге дайындау саласында клиникалық ойлау және практикалық дағдыларды қалыптастырады: вестибулопластика, тіл мен ерін үзеңгілерінің пластикасы, қызылиек рецессиясы кезіндегі пластика, экзостоздарды алу, ауыз қуысы шырышты қабатының тыртықты деформацияларын жою, соныменн қоса, медициналық құжаттарды жүргізу дағдыларын, ақпараттық деректер базасында ақпаратты іздеу, сыни бағалау дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Дентальді имплантация-1
    Несиелер: 15

    Пән диагностика кезеңдерінде клиникалық ойлауды және практикалық дағдыларды, дентальды имплантацияны өткізуге деген көрсеткіштер мен қарсы көрсеткішерін анықтауды, альвеолярлық өсіндінің биіктігін, енін өлшеуді жүргізу, тиісті жансыздандыруды жүргізе отырып, тіс имплантациясының хирургиялық кезеңін жүргізу, есепке алу-есеп беру құжаттарын жүргізу және науқаспен, оның айналасымен, топ құрамындағы медицина қызметкерлерімен өзара қарым-қатынас құру дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Ауыз қуысы ағзаларын қалыптастырушы хирургиясы -3
    Несиелер: 11

    Пән жұмсақ тіндердің және ауыз қуысы мүшелерінің, жақ сүйектерінің қатерсіз және ісік тәрізді түзілімдерін алып тастағаннан кейін ауыз қуысында қалпына келтіру операцияларын жүргізу, пластиканың әртүрлі түрлерін (Лимберг бойынша пластика, қоректендіруші аяқщасы бар қиындылар, сүйек пластикасы және т.б.), профилактикалық іс-шаралар және оңалту бағдарламаларын жүргізу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Ауыз қуысындағы жалпы соматикалық аурулардың көрінісі.
    Несиелер: 4

    Пән ауыз қуысындағы жалпы соматикалық аурулардың пайда болуы патогенезі мен клиникалық көрінісі бойынша білімін қалыптастырады, хирургиялық стоматологиялық аурулар кезінде жалпы соматикалық аурулардың клиникалық және зертханалық диагностикасы мәселелері бойынша тәжірибелік дағдыларын қалыптастырады, ықтимал тәуекелдерді бағалау және болжанатын асқынулардың алдын алу дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Дәрігер стоматолог-хирургтың тәжірибесіндегі клиникалық фармакология
    Несиелер: 4

    Пән премедикация, жергілікті ауырсынуды басу, хирургиялық стоматологиялық ауруларды жалпы және жергілікті дәрі-дәрмекпен емдеу үшін қолданылатын дәрілік препараттардың фармакокинетикасын және фармакодинамикасын нақты зерттеуге бағытталған. Клиникалық ойлау, дәрілік препараттарды ұтымды таңдау, ықтимал қатерлерді бағалау және болжанатын асқынулардың алдын алу дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Стоматологиядағы медициналық құқық менеджмент, маркетинг және аудит.
    Несиелер: 4

    Пән стоматологиялық қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларды оқытады; стоматологиялық кабинеттің медициналық персоналын оқыту және еңбек қызметін басқарудың жүйелі тәсілдерін қарастырады. Ғылыми негізделген басқарушылық шешімдерді қабылдау, науқастың қажеттіліктері мен сұраныстарын қанағаттандыру және стоматологиялық клиниканың үздіксіз дамуы үшін ойластырылған стратегияларды әзірлеу, стоматологиялық көмектің сапасын бағалау қабілетін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Дентальді имплантация-3
    Несиелер: 11

    Пән Дәрігер-стоматологтың тәжірибелік іс-әрекетінде менеджменттің және маркетингтің негізгі принциптерін болжау және жүзеге асыру, имплантация кезіндегі асқынулардың алдын алу және емдеу, хирургиялық стоматологиялық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әлеуетті қауіп-қатерлер мен асқынуларды бағалау, дентальды имплантация кезінде сандық технологияларды қолдану кезеңдерінде стоматолог-дәрігердің клиникалық ойлауы мен тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Дәрігер стоматолог-хирург тәжірибесіндегі медициналық оңалту.
    Несиелер: 4

    Пән жақ-бет аймағының функционалдық анатомиясының ерекшеліктерін зерттейді; ауыз қуысы мүшелерінің хирургиялық патологиясы бар науқастарды оңалту әдістері мен құралдарын (психокоррекция, физиотерапия, бальнеотерапия, рефлексотерапия және т.б.) қолдануды оқытады. Дәрігер-стоматолог-хирург тәжірибесінде реабилитация құралдары мен әдістерінің тұтас клиникалық-физиологиялық негіздемесін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Дентальді имплантация-2
    Несиелер: 15

    Пән ауыз қуысын дентальды имплантацияға дайындау кезеңдерінде клиникалық ойлауды және практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған, жақтың альвеолярлық өсіндісін аутогендік және/немесе аллогенді материалдармен, жақтың альвеолярлық өсіндісінің сүйек пластикасын, `синус-лифтинг`операциясын жүргізу. Коммуникация, командада жұмыс істеу, медициналық құжаттаманы жүргізу; қазіргі заманғы деректер базасында ақпаратты іздеу, бағалау дағдыларын жетілдіреді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Хирургиялық стоматологиялық аурулар кезінде тромбоциттермен байытылған плазманы қолдану.
    Несиелер: 4

    Пән тромбоциттермен байытылған аутологиялық плазманы қолдану үшін әсер етудің теориялық және патогенетикалық механизмдерін, клиникалық әсерлерін, көресткіштері мен қарсы көрсеткіштерін білуді қалыптастырады, оны алу мәселелері, хирургиялық стоматологиялық аурулар кезінде қолдану әдістері және ықтимал қауіптерді бағалау және болжанатын асқынулардың алдын алу дағдылары бойынша тәжірибелік дағдыларды қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Код ON1

    ON1. Науқас үшін үздік нәтижелерге қол жеткізу мақсатында кәсіби топ құрамында науқаспен, оның ортасымен, медициналық персоналмен тиімді өзара қарым-қатынас жасау.

  • Код ON2

    ON2. Ауыз қуысы мүшелерінің хирургиялық патологиясы бар ересек жастағы науқасты кешенді тексеруді жоспарлау және жүргізу, клиникалық диагнозды қою.

  • Код ON3

    ON3. Хирургиялық стоматологиялық көмектің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін әлеуетті тәуекелдерді, асқынуларды болжау және бағалау және ең тиімді әдістерді қолдану.

  • Код ON4

    ON4. Жергідікті жансыздандырудың көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштерін анықтау, жақ-бет аймағының жұмсақ тіндерінде жергілікті жансыздандырудың барлық түрлерін жүргізу.

  • Код ON5

    ON5. Ауыз қуысы мүшелерінің хирургиялық патологиясы бар науқастарға шұғыл медициналық көмек көрсету, хирургиялық стоматологиялық қабылдауда және төтенше жағдайларда өмірге қауіп төндіретін жағдайларда дәрігерлік көмек көрсету.

  • Код ON6

    ON6. Науқастарды гигиеналық оқытуды және хирургиялық стоматологиялық аурулардың алдын алу бойынша іс-шараларды жоспарлау және жүргізу.

  • Код ON7

    ON7. Қабыну ауруларын, жарақаттарды, ісіктерді және ауыз қуысының және жақ-бет аймағының ісік тәрізді түзілістерін емдеуді жоспарлау және жүргізу, оның тиімділігін дәлелді тәжірибе негізінде бағалау, дентальды имплантация жүргізу.

  • Код ON8

    ON8. Хирургиялық стоматологиялық бағыттағы науқастарға оңалту іс-шараларын жоспарлау және жүргізу.

  • Код ON9

    ON9. Медициналық құжаттарды рәсімдеу және жүргізу.

  • Код ON10

    ON10. Қазіргі заманғы деректер базасында ақпаратты іздеу және бағалау, конференцияларға және үздіксіз кәсіби даму мен өз бетінше оқытудың басқа да түрлеріне қатысу.

  • Код ON11

    ON11. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және ұйымдастыру өрісі шеңберінде Стоматолог-хирург-дәрігерінің практикалық қызметінде менеджменттің, маркетингтің, медициналық аудиттің, медициналық сақтандырудың негізгі нысандарын іске асыру.

Top