Білім беру бағдарламасы өзекті емес

6B11102 Туризмдегі үлкен деректер базасы және саяхат индустриясы в Халықаралық білім беру корпорациясы

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Саяхаттау индустриясындағы үлкен көлемдегі мәліметтерді (Big data) талдап қолданатын инновациялық, цифрлық технологияларда еркін бағдарланатын туризм саласындағы жоғары білікті мамандарды - менеджерлері мен дилерлерін, агенттіктер мен кәсіпорындарын даярлау.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B091 Туризм
  • Білім беру саласы 6B11 Қызмет көрсету
  • Дайындық бағыты 6B111 Қызмет көрсету саласы

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Философия, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология категорияларына бағдарлану; тарих, экономика кезеңдерінде, мемлекеттік және құқықтық басқару негіздерінде; кәсіпкерлік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы дағдыларды, ғылыми зерттеулер жүргізудің тәжірибелік әдістері мен тәсілдерін қолдану, сондай-ақ салауатты өмір салты қағидаттарын сақтай отырып, өмір сүру қауіпсіздігін, экологияны қорғауды қамтамасыз ету
  • Тілдердің лексика-грамматикалық ережелерінің дағдыларын,қазақ (орыс) және бірнеше шет тілдерінде (қытай, түрік) қарым-қатынас дағдыларын кәсіби міндеттерді орындау үшін қажетті деңгейде меңгеру, логикалық тұрғыдан дұрыс, дәлелді түрде монологиялық және диалогтік сөйлеу құру
  • Туризм индустриясында, топография, геоақпараттық жүйелер саласында, туристік өнімді және туристік және қонақ үй қызметтерінің жаңа түрлерін, ивент –іс-шараларды, анимациялық қызметті өндіру мен ілгерілету, жоспарлау, әзірлеу, жобалау, брондау және резервтеу, үлкен деректерді жинау процесінде заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану
  • Цифрлық туризмнің негізгі түсініктері мен анықтамаларына, туризмнің белсенді түрлері саласындағы практикалық оқу – жаттығу үрдісін ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістемесіне бағдарлану, гид, экскурсия жетекшісі ретінде жұмыс тәжірибесін қолдану
  • Туристік-өлкетану зерттеулері, топография және бағдарлау, сондай - ақ Қазақстанның мәдени-тарихи, табиғи-экологиялық, киелі жерлері, әлем халықтарының этнографиясы саласында цифрлық деректерді жинау бойынша іргелі білімді, іскерлікті және дағдыларды қолдану
  • Әлемдік туризм индустриясының дамуындағы жаңа, инновациялық үрдістер мен өзгерістерді анықтау, маркетингтік және жарнамалық қызметтің негіздерін пайдалана отырып, жаңа ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың көмегімен туристік қызметтер нарығының үлкен деректерін, WEB-аналитиканы мониторингтеу және талдау дағдыларын қолдану
  • Туристік және қонақ үй кәсіпорнында персоналмен, сабақтас қызметтерді өндірушілермен және клиенттермен экскурсиялық және кәсіпкерлік қызметте туризм және қонақжайлылық индустриясының материалдық - техникалық базасының үлкен деректерімен жұмыс істеу дағдыларын қолдану
  • Жаңа, мобильді қосымшаларды пайдалана отырып, рекреациялық аумақтарда үлкен деректерді жинауды және цифрландыруды жүзеге асыру; компанияның өндірісі мен қызметіне жасыл экономика қағидаттарын және экологиялық іс-шараларды қаржыландыруды енгізу
  • Туристік бизнесті ұйымдастыру кезінде жалпы және ерекше тенденциялар, туристік бағыттардың географиясы, құқықтық формальдылықтар туралы білімдерін көрсету
  • Тұтынушылардың сұраныстарын қажетті сапамен зерделеу мақсатында туроператорлық және турагенттік қызметті ұйымдастыруда басқарушылық шешімдер қабылдау, ықтимал тәуекелдерді сипаттау
  • Топта немесе өз бетінше тиімді жұмыс істеу, туристік жорықтарды, турларды, экскурсияларды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу, клиенттермен жұмыс істеу үшін үлкен деректер туралы ақпаратты жинау, өңдеу және тарату
  • Кешенді туристік қызмет көрсету үрдісінде тәуекелдер мен проблемаларды ескере отырып, цифрлық деректердің кибер-қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету және қолдау
Top