Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B08110 Агрономия в Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Академиялық адалдық пен әдептілік принциптерін ескере отырып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде кәсіби ортада және қоғамда еркін қарым-қатынас жасау.
  • Қазіргі агрономияда өсімдік шаруашылығының жоғары сапалы өнімдерін ұйымдастыру мен өндіру бойынша кешенді міндеттерді шешуге бағытталған агрономиялық зерттеулер мен әзірлемелерді тиімді жүргізу және пайдалану
  • Морфологиялық белгілері бойынша өңірде анағұрлым кең таралған жабайы өсімдіктер мен ауыл шаруашылық дақылдарын тану, олардың физиологиялық жағдайын, бейімдеу әлеуетін бағалау және өнімнің өсуін, дамуы мен сапасын жақсарту факторларын анықтау.
  • Ауыл шаруашылық алқаптары мен егістерінің зиянкестерімен, ауруларымен және арам шөптерімен күрес бойынша фитосанитарлық мониторинг жүргізу әдістерін қолдана білу.
  • Зерттеушілік, кәсіпкерлік дағдыларын және белгісіздік жағдайында жұмыс істеу дағдыларын пайдалану.
  • Ауылшаруашылық өндірісіндегі агрометеорологиялық жағдайларды бақылау нәтижелерін зерделеу және тиімді жоғары технологиялық зерттеу әдістерін таңдау, ауыл шаруашылығы өнімдері мен агротехникалық операцияларды отандық және әлемдік стандарттау және сертификаттау бойынша құжаттамаларды дайындау кезінде қолдану; дақылдардың биологиясы мен микробиологиясын, аймақтық табиғи ресурстары мен егіншілік жүйелерін ескере отырып, олардың әртүрлі түрлері мен сорттары үшін қоректік заттарға қажеттілігін анықтай отырып, суармалы және жаңбырлы режимдегі егістердің топырақ жағдайын егжей-тегжейлі зерделеу.
  • Топырақтың негізгі типтері мен түрлерін тану, диқаншылықта оларды пайдалану бағытын және құнарлылықты ұдайы жаңғырту тәсілдерін негіздеу қабілетін меңгеру.
  • Дүниетанымдық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті, әлеуметтік - мәдени, кәсіби дамуды, ғылыми және эксперименттік зерттеулердің, әдістерін көрсету.
  • Ақпаратты талдау және қабылдау, эксперименттердің статистикалық нәтижелерін жалпылау және қорытындыларды тұжырымдау арқылы зерттеу мақсаттарын өз бетінше анықтау және оған жету жолдарын таңдау қабілеті бар ақпараттық, есептеу және цифрлық сауаттылыққа ие болу.
  • Жеке және команданың мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу, өз көзқарасын дұрыс қорғау білу, өз әрекеттерін түзету және алуан түрлі әдістерді пайдалану, салуатты өмір салтын ұстану.
  • Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын таңдауды, ауылшаруашылық өсімдіктерін қорғауды, минералды тыңайтқыштарды өңірдің нақты жағдайларына және ауыл шаруашылығын интенсификациялау деңгейлеріне егін өнімділігін арттыру үшін пайдалануды сапалы ұйымдастыру.
  • Еңістердің құнарлығын, қиябеттілігі мен экспозициясын, грунт суларының деңгейлерін, қолданылатын тыңайтқыштар мен топырақ өңдейтін машиналарды ескере отырып, топырақ өңдеу жүйесін ауыспалы егіс дақылдарына бейімдеу.
Top