Жаңа білім беру бағдарламасы

7M07212 Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану кезінде басқару в Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Мұнай және газ кен орындарында технологиялық процестерді басқару саласында техникалық ғылымдар магистрлерін дайындау. Мұнайгаз кәсіпшілігі жабдығын пайдалану күрделілігіне байланысты ұңғымалық өнімді өндіру, жинау, сақтау, тазалау технологиясын қолдану үшін қажетті процестерді басқару жүйелерін бақылау саласында дағдыларды қалыптастыру. Мұнай және газ кен орындарын игеру кезінде өңдіруді басқару үшін қажетті процестерді бақылау және басқару саласында білім алу мен практикалық дағдыларды қалыптастыру.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 1 год
  • Кредиттер көлемі 63
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M115 Мұнай инженериясы

Оқыту нәтижелері

  • Команданың мүшелері мен жетекшілері ретінде тиімді жұмыс жасау, барлық іс-әрекеттерге арналған тапсырмаларды және операциялық жоспарларды қалыптастыру, топ мүшелерінің міндеттерін бөлу және жұмыс нәтижесі үшін жауапкершілікті алуға дайын болу
  • Көпфункционалды жағдайларда оңтайлы шешімдерді жылдам таңдауға және таңдауға, технологиялық процестер мен объектілерді математикалық модельдеу әдістерін және құралдарын меңгеру
  • Кәсіби қызметтің бүкіл кезеңінде біліктіліктерін өз бетімен оқып, үздіксіз жетілдіріп, халықаралық ортада жұмыс істеуге мүмкіндік беретін шет тілін белсенді меңгеру, құжаттаманы әзірлеу және инженерлік нәтижелерді қорғау
  • Кәсіби ортада және социумда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сұхбаттаса алу.
  • Жобаларды әзірлеу және іске асыру кезінде қойылған өндірістік мақсаттарға барынша жақын жету үшін, шығындарды, экономикалық тиімділікті, маркетингтік зерттеулерді экономикалық талдауды жүргізу үшін техникалық құралдардың қолжетімді арсеналын тиімді пайдалану
  • Ақпараттық және есептеу сауаттылығы болуы тиіс, ақпараттарды жалпылау, талдау және қабылдай алу, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдай білу.
  • Мұнай-газ саласындағы технологиялық үдерістерді енгізудің заманауи машиналары мен механизмдерін енгізу, пайдалану және олардың жоғары тиімділігін қамтамасыз ету, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау, қоршаған ортаны қорғау талаптарына сай болу
  • Кәсіби қызметінде жаратылыстану-ғылыми, математикалық, қоғамдық, әлеуметтік- экономикалық және инженерлік білімдерін көрсете білу, теориялық және тәжірибелік зерттеулердің мәліметтерін, нормативтік құжаттар мен экономикалық талдау элементтерін математикалық өңдеу әдістерін көрсету.
Top