Жаңа білім беру бағдарламасы

6B11103 Туризм және қонақ үй бизнесі в Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының мақсаты: қазіргі заманғы инновациялық технологиялар саласында білімі бар, туризм индустриясы мен қонақжайлылықты жетілдіруге, туристік саланы мемлекеттік реттеуді қамтамасыз етуге, туристік іс-шараларды ұйымдастыруға және жоспарлауға бағытталған кәсіби қызметті жүзеге асыруға, бәсекеге қабілетті туристік кадрларды даярлау.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B091 Туризм
  • Білім беру саласы 6B11 Қызмет көрсету
  • Дайындық бағыты 6B111 Қызмет көрсету саласы

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • клиенттерге қызмет көрсету сапасының стандарттарын қолдау жағдайында логистикалық және көлік жүйелерінің тиімділігіне қол жеткізу үшін туристерді жеткізудің логистикалық процестері мен көліктік схемалары туралы түсінік қалыптастыру;
  • туризм және қонақжайлылық индустрия кәсіпорындарының қызметінің барлық түрлеріне стратегиялық, ситуациялық, кешенді экономикалық талдау жүргізу үшін ұйым қызметінің экономикалық тиімділігін айқындау әдістемесін қолдану;
  • туризм және қонақ үй бизнесінде басқарушылық шешімдер қабылдау үшін адами ресурстарды басқару әдістерін және кәсіпорынның қызметін зерттеу;
  • шаруашылыққа қызмет көрсету және оны жүргізу кезінде туындайтын қауіптерді азайту үшін туристік және қонақ үй кәсіпорындарының қауіпсіз өндірістік-шаруашылық қызметін ұйымдастыру;
  • туризм теориясы мен әдіснамасының негіздерін, UNWTO халықаралық Конвенциялары мен құжаттарының ережелерін меңгеру, халықаралық туризм мен қонақ үй бизнесінің даму үрдістерін анықтау;
  • клиенттердің әр түрлі қызметтерге деген қажеттіліктеріне бағытталған заманауи технологиялар мен қызмет көрсету технологияларын қолдану негізінде қонақжайлылық ұйымдарындағы қызметті жоспарлау және жобалау;
  • туризм және қонақжайлылық өнімдері мен қызметтерін жылжыту және жүзеге асыру үшін маркетингтік зерттеу әдістерін зерттеу;
  • іскерлік құжаттаманы құрастыру және ресімдеу және туристік және қонақ үй бизнесінің кәсіби қарым-қатынасы үшін сауатты жазу және ауызша сөйлеу, оның ішінде ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын меңгеру;
  • туристер мен турагенттердің құқықтары мен міндеттерін айқындау үшін нормативтік-құқықтық база негізінде туристер үшін құжаттар пакетін қалыптастыру;
  • туризм мен қонақ үй бизнесінде ойын-сауық қызметтерін жүзеге асыру үшін түрлі іс-шараларды жоспарлау мен ұйымдастыруды жүзеге асыру;
  • Құқықтық, экономикалық, іскерлік, өндірістік, экологиялық, мәдиниеттік ортадағы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттағы әлеуметтік маңызды құбылыстар мен процестерді түсінудің зерттеу әдістері мен инновациялық тәсілдерін бағалау және қолдануда қабілетті болу.
  • туристік қызмет көрсету жүйесінде өндірістік және шаруашылық қызметті ұйымдастыру үшін автоматтандырудың қазіргі заманғы озық технологияларын пайдалану;
  • туристік және қонақ үй кәсіпорындарын басқару үшін қызмет көрсету саласында тиімді бизнес жүргізу жолдарын болжау;
Top