Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M05102 Биомедицина в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Оқыту нәтижелері

  • Организмнің функционалдық жағдайын диагностикалау үшін биомедициналық зерттеулердің нәтижелерін теориялық талдау, бағалау және интерпретациялау, ағза қызметінің бұзылу себептерін түсіндіру үшін компьютерлік модельдеу әдістерін және теориялық талдау әдістерін меңгеру.
  • Заңды және нормативті документтерді, негізгі биоэтикалық принциптерді сақтайды, тірі табиғатқа жауапкершілікті көзқарасы бар, гуманистік, моральды-адамгершілік норма мен принциптерге сай шешімдерді қабылдай алады.
  • Лабораториялық талдау мен зерттеу негізінде қызметтік жағдайды профилактика мақсатында, пайда болған патологиялық ошақты (толық және ішнара) жою мақсатында іс-шаралар комплексін беру.
  • Жоғары оқу орындарында инновациялық және интерактивті технологияларды, биологиялық және медициналық пәндерді оқыту әдістемесін пайдалана отырып, педагогика ғылымының әдістемесін, жаратылыстану-биологиялық ғылымдарды оқытудың қазіргі заманғы әдістерін дамытудың перспективалық тенденцияларын көрсете білу
  • Ғылым тарихы мен философиясы, психология және педагогика саласындағы кәсіби білім мен біліктілігін пайдалана отырып, тұтас жүйелі ғылыми дүниетанымға негізделген биомедициналық саланың ғылыми-зерттеу зертханаларында, оның ішінде пәнаралық бағыттағы биожүйелердің кешенді ғылыми және биомедициналық зерттеулерін жобалау және жүргізу.
  • Оқушылардың жасқа сай және психофизикалық дамуын ескере отырып, қолданылатын педагогикалық технологиялар мен оқыту әдістерінің мүмкіндіктерін талдай отырып, психологиялық, педагогикалық коммуникацияның заманауи зерттеу құралдары мен заманауи технологияларын жеке практикада жіктеу және пайдалану.
  • Биомедициналық зерттеулердің заманауи әдістерін әзірлеу және жетекші биомедициналық бағыттардың контекстінде биология және медицина саласында зерттеулер жүргізуге арналған заманауи жабдықтарды сынақтан өткізу.
  • Ғылыми эксперименттер жүргізу және алынған нәтижелерді талдау үшін тірі жүйелердегі биологиялық процестерді зерттеудің интегративті әдістерін қолдану.
  • Биомедицина мен педогогика саласында қызмет жасау барысында, өзінің түпнұсқалығы мен шығармашылығын көрсетеді және өзінің кәсіптік өсу траекториясын дайындау, жоғары бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететеді, осы мамандықты дамытуға өз үлесін қосады (диссертация).
  • Еңбек іс-әрекетінде заманауи биомедициналық, ғылыми-зерттеу, ақпараттық және ұйымдастырушылық технологияларды пайдалану, пәнаралық салалар шеңберінде биомедициналық мәселелерді шешуде білім, түсінік және қабілеттерді қолдану.
  • Таңдалған зерттеу тақырыбының өзектілігін дәлелдеу, замануи биомедицина бағытындағы ғылыми мәселер мен міндеттерді қалыптастыру, зерттеу этаптарын анықтау, ғылыми-зерттеу мәселерді шешу.
  • Диагностикалық және емдеу іс-шараларын табысты жүргізу үшін адам ағзасының функционалдық жағдайын бағалаудың негізгі әдістерін қолдана отырып, жеке органдар мен жүйелердің жұмыс істеу заңдылықтарын талдау
Top