7M02301 Филология (1.5) в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру саласының әр түрлі деңгейінде филолог маман ретінде оқыту-педагогикалық, әкімшілік-басқарушылық, мәдени-ұйымдастырушылық қызметтерді жүзеге асыруға қабілетті әрі бейіндік салада ғылыми зерттеулерді орындауға құзыретті, еңбек нарығы талаптарына сай маман даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 1,5 года
-
Кредиттер көлемі 90
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M060 Филология
-
Білім беру саласы 7M02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M023 Тілдер және әдебиет
-
Латын графикасы және пәндік терминологиясы
Несиелер: 6Латын графикасына негізделген қазақ жазуы, орфографиялық ережелер, әртүрлі ғылым салалары бойынша термин сөздердің жазылу нормасын үйреніп, жазбаша және ауызша коммуникативтілік құзыреттілігін арттырады. Мамандық бойынша ғылыми терминологияның кезеңдік сипаты мен қазақ терминологиясы дамуының ғылыми қағидаттары мен практикалық қолданысын игереді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Жобалау технологиясының негіздері
Несиелер: 6Жобалай оқыту технологиясының жаңа заман сұранымына сай білім берудегі мүмкіндігі мен оның ғылыми дәйектелуі арасындағы; бұл технологияның кредиттік оқу жүйесінің талаптарымен толық үндестігі мен әлі де жаттанды оқытудан қол үзе алмаған білім берудің схоластикалық жүйесі арасындағы; жобалай оқытудың өзгетілді дәрісханаларда мемлекеттік тілді меңгертудегі тиімділігі мен оның нақты практикадағы қолданысы арасындағы қайшылықтарды шешуді көздейді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Басқару психологиясы
Несиелер: 2Басқарудың ғылыми-әдістемелік негіздері. Басқарудың психологиялықтеорияларының дамуы. Басқару психологиясының жалпы теориялық мәселелері. Басқарушылық ісәрекетті талдау. Менеджердің тұлғалық ерекшеліктері. Басқару міндеттерінің психологиялық ерекшеліктері. Меншік психологиясы. Басқарушының кәсіби іс-әрекеті. Басқару субъектісінің қызметтері. Басқарушылық қарым-қатынас психологиясы. Қызметкерлердің психологиялық сипаттамалары. Қызметкерлерді ынталандыру психологиясы. Ұйымның адам ресурстарын басқару технологиясы. Ұйымның кадрлық саясатын психологиялық қолдау. Ұйымдағы дау-дамалар психологиясы. Тұлғаның кәсіби деформациясының алдын алу технологиялары.
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Функционалды грамматика
Несиелер: 4Функционалды бағыттың метатілін, ұғымдық аппаратын, зерттеу бағыттары мен әдіс-тәсілдерін,тілді функционалдық тұрғыда зерттеудің қазіргі ұстанымдарын, тілдегі тұлғалық және жұмсалымдылық бағыттың ерекшеліктерін, темпоралдылық категориясын, персоналдылық функционалды семантикалық өрісті, аспектуалділік категориясын, шақтық локалдылық/шақтық бейлокалдылық функционалдық семантикалық өрісін, модальділік функциясын меңгереді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Компьютерлік лингвистика және интеллектуалдық технологиялар
Несиелер: 6Компьютерлік лингвистика табиғи тілдерді автоматты түрде талдауға байланысты міндеттерді қарастырады. Пәнді оқу барысында машиналық аударма, ақпарат іздеу, ақпараттың дауыстық енгізілуі, оқу және анықтамалық тіл ресурстарын құру, тілдік теория саласында тәжірибелік тапсырмалар, тілдік деректерге негізделген функционалдық қосымшаларды жасау мен қолдану мәселелері үйретіледі.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Менеджмент
Несиелер: 2Курс менеджменттің мазмұнын ашып, қазіргі заманғы басқарудың негізгі принциптері мен әдістерін, сондай ақ ұйымның өмір сүруін және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудегі рөлін, басқарушылық қызметтің әртүрлі түрлерін жүзеге асырудың нақты дағдыларын, басқару жүйелерін және жобалық талдауды қалыптастырады, сондай-ақ басқарудың даму тарихын қарастырады. болашақ менеджерлердің кәсіби біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыруға қызмет етеді.
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Шетел тілі (кәсіби)
Несиелер: 2Меңгерілген тілдік білім мен сөйлеу біліктерін жүйелеу. Шет тілінде ауызша қарым-қатынас формаларының дағдыларын жетілдіру, баяндамалар мен хабарламалармен таныстыру, кәсіби қарым-қатынасты жүзеге асыру. Жазбаша дағдыларды жетілдіру. Қазіргі заманғы техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кәсіби саладағы коммуникативтік міндеттерді шешуді жетілдіру.
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Қазақ тіл білімінің даму үрдісі
Несиелер: 4ХХІ ғасырда тіл ғылымының жаңа бағыттары бойынша қалыптасқан антропоөзектік бағыттарға тән пәнаралық байланыста юрислингвистика, лингвомәдениеттану, гендерлік лингвистика, компьютерлік лингвистика және т.б. салалардан мәлімет беріледі. ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы қазақ тіл білімінде жаңа бағыттармен, олардың проблематикасымен, қайнар көздерімен, қалыптасу ерекшеліктерімен және одан әрі даму перспективаларымен таныстырады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Лексикография теориясы мен практикасы
Несиелер: 6Тіл білімі саласындағы үлкен саланың бірі – лексикография.Лексикография – тарихы тереңде жатқан сала, сондай-ақ келешекте ашылатын жаңалықтары мен мүмкіншіліктері де мол.Лексикография теориясы сан алуан сөздік жасаудың мол тәжірибелерін ғылыми тұрғыдан қорытындылау дың негізінде, лексикологиялық зерттеулер мен солардың жетістіктеріне сүйене отырып жасалады. Демек лексикография мен лексикология бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болатын егіз ғылым салалары. Бүгінгі таңда сөздіктердің практикалық мәнімен қоса, оның ғылыми сапасына ерекше назар аударылады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері
Несиелер: 5Қазақ тілінің шығу тегі мен даму кезендері адамзат тілінің пайда болуы мен түркі тектес тілдердің даму дәуірлерімен бірлікте, соның шеңберінде қарастырылатыны туралы теориялық мағлұмат беріледі. Қазақ тілінің түркі тілдерімен бірге өткен жолын, көне түркі тілінің жалғасы екендігін дәлелдейтін теориялық негізге шумерология және түркітаным мәселелері жатады.
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Лингвистикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау
Несиелер: 6Курстың мақсаты филология аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қабілетті жоғары білікті филологтарды даярлау, олардың зерттеулерінің нәтижелерін жариялау, біліктілік жұмыстарын жазу және қорғау, конференцияларда сөйлеуге дағдыландыру. Ғылым мазмұны - адамзат жинақтаған барлық ғылыми білім, оларды ғылыми тәжірибені іс жүзінде қолдану бойынша теориялар мен ұсыныстар түрінде жүйелеуде таным үдерісінің негізгі категориялары мен лингвистикалық зерттеулердің ғылыми әдіснамасы туралы түсінік беріледі.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Пунктуация және сөйлеудің коммуникативтік-мазмұндық ұйымдасуы
Несиелер: 6Қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің функционалдық және коммуникативтік прагматикалық аспектілері жайы қарастырылады. Бүгінгі күнге дейін пунктуация синтаксис құрамында айтылып келді.Тіл әлеуметтік құбылыс болып табылатындықтан, ол үнемі даму процесінде болады, сондықтан синтаксистің қазіргі кездегі ерекшеліктері мен қызметіне көңіл бөлінуде. Пунктуацияның маңызы мен тыныс белгілерінің орналасу орны мен тәртібі негізгі символикалық формалары және негізгі қызметтерімен коммуникативтік негізгі теорияларымен тілдік дағды жүйесіндегі орны мен ең бастысы тіл тыныс белгілері жүйесіндегі бар мәселелерді қамтиды.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Гендерлік лингвистика
Несиелер: 6Гендерлік линвистиканың зерттеу нысаны, басқа ғылымдармен байланысы, сөйлеу қызметінің адам дүниесіне, сезіміне əсері, гендерлік линвистиканың дискурстық сипаты, әлеуметтік психолингвистиканың ерекшеліктері қарастырылады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
ЖОО қазақ тілін модульдік технология арқылы оқыту
Несиелер: 5Педагогикалық технологиялар ішіндегі модульдік технологияның орны, модуль термині туралы түсінік, модульдік технологияның оқу үрдісінде жүзеге асу тетіктері, психологиялық-дидактикалық негіздері, модульдік бағдарлама құрудың ерекшеліктері, модульдік бағдарламалар үлгілері қарастырылады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Лингвомәдениеттану (minor)
Несиелер: 6Лингвомәдениеттану - бұл тілді мәдениет айнасы ретінде зерттейтін лингвистика саласы. Ол тіл мен мәдениет арасындағы өзара әсерін, тіл мен мәдениет арасындағы қарым-қатынасты, тіл концептілері мен мәдениет бірліктерін, мәдени кеңістіктің феномені ретінде символ мен стереотипті, фразеологияның лингвомәдени аспектісін, тілдік тұлғаны қарастырады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Сөзтану ғылымының көкейкесті мәселелері
Несиелер: 5Сөзтану ғылымы – көп аспектілі күрделі ғылым саласы, оның басты себебі сөздің иесі адамдық фактормен байланыстылығында. Сөзді адамдық фактормен бірге қарастыру арқылы ғана сөз мәдениетіне және сөзтану саласына қатысты ғылыми талдаулар мен нәтижелерге қол жеткізуге болады. Сөз мәдениетінің ғылыми-теориялық негіздерін анықтау үшін сөзтану деп аталатын ғылым. Қазақ тіл ғылымында сөзтану саласы туралы әлі зерттеулер жазылған жоқ. Алайда, оның ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан зерттелуге тиісті өмірлік қажеттіліктен туындаған теориялық-практикалық мәні бар салаларын зерттеу енді ғана қолға алына бастады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Қазақ әдебиеттануының өзекті мәселелері
Несиелер: 5Бұл пән қазақ әдебиеттану ғылымының тарихи қалыптасу кезеңін жүйелеп, зерттеу үшін өзекті мәселе болып табылады. Мұның өзі ұлттық әдебиеттану ғылымы қай бағытта дамыды, қандай жетістіктері бар, болашақта зерттеу жұмыстарын қай бағытта жүргізу керек деген принципті мәселелерді түйіндеуге мүмкіндік береді. Методологиялық тұрғыдан алғанның өзінде отандық әдебиеттанудың тарихи қалыптасу процесін жүйелеу — оның толық табиғатын танумен қатар, қандай теориялық проблема қай кезеңде қарастырылды және ғылыми таным ретінде қалай қалыптасты деген мәселелерді зерделеуде де принципті роль атқарады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Қазақ әдебиетіндегі интертекст
Несиелер: 5Қазақ поэзиясын және тәуелсіздік кезеңінің прозасын дамыту қазақ мәдениеті мен өнерінің қарқынды дамуы контекстіндегі мәтінаралық тұрғыда маңызды. Негізгі ақындық санаттар мен идеялардағы өзгерістер қазақ әдебиетінің эстетикалық жүйесіндегі өзгерістерді қарастырады. Жаңа эстетикалық парадигма мәселесін және Қазақстандағы ақындық тілдің даму үрдісіндегі интертекстің рөлін негіздеуді меңгертеді. Классикалық шығармалар идеяларының өміршеңдігі, ол идеялардың күні бүгінге дейін өзектілігі, сондай-ақ дүниені тереңнен өзгеше тануы олардың қазіргі әдебиетке ықпалының негізгі себептерінің бірі деуге болады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Ономастиканың теориясы мен практикасы
Несиелер: 5Ономастика теориясы мен практикасын оқытуда мынадай міндеттер қойылып отыр: қазіргі тіліміздегі ономастика теориясының мәселелері қарастыру, Қазақстан жер-су атауларын жинақтау, тарихи атауларын қалпына келтіру, аймақтық атаулар сөздігін шығаруға атсалысу. Топонимиканың теориялық және қолданбалы мәселелерін оқыту.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Лингводидактика
Несиелер: 5Лингводидактика – лингвистика мен әдістеме ғылымының интеграциясы, тілдерді оқыту үдерісінің теориялық негіздемесі және оның зерттелуін: тілдік білім берудің мазмұнын, оқытудың ұйымдастырушылық формаларын, зерттеу механизмдері және оқу үрдісін құрылымдауды қарастырады. Жаңартылған білім беру аясында тіл мен әдебиетті оқыту әдістемесі қарастырылады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Код ON1
Заманауи менеджменттің және жеке тұлғаны басқару психологиясы мәселелерінің теориялық-әдіснамалық негіздерін, ағылшын, орыс тілдерін жеке тұлғааралық және мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде лингвоелтанымдық сипатта қолданып, білім беру саласында педагогикалық жұмысты ұйымдастыра және басқара біледі.
-
Код ON2
Заманауи білім беру парадигмасы контексіндегі қазақ филологиясының даму бағыттары мен жаңа концептуалдық идеяларын түсініп, ақпараттық-коммуникацилық технологияларды ғылыми-практикалық қызметінде қолданады.
-
Код ON3
Филология ғылымының өзекті мәселелерін қарастырған ғылыми-әдістемелік еңбектерге сыни тұрғыда талдау жасап, ғылыми-зерттеушілік және ғылыми-педагогикалық әрекеті қалыптасады.
-
Код ON4
Қазақ тіл білімі мен әдебиеттануда қалыптасып жатқан жаңа ғылым салаларының теориялық негіздерін саралай отырып, қазіргі білім беру парадигмасындағы функционалды грамматика, когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану, т.б. бағыттардың жаңа концептуалды идеяларын түсініп, алған білімін кәсіби деңгейде, ғылыми зерттеулер жүргізу барысында қолдана алады.
-
Код ON5
Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқытудың интербелсенді әдіс-тәсілдерін педагогикалық тәжірибеде пайдалана біледі
-
Код ON6
Қазақ тілінің латын графикасына негізделген жаңа емле ережелерін, термин сөздерді жазудың орфографиялық нормаларын меңгереді және кәсіби қызметте қолдана біледі.
-
Код ON7
Қажетті ғылыми-зерттеу әдіснамасын таңдап, ғылыми әдебиеттер мен дереккөздермен жұмыс барысында алынған мәліметтерді талдау және зерттеу нәтижелеріне қол жеткізудің көрсеткіші ретінде БҒСБК , Thomson Reuters, Web of Science, Scopus базасына енген ғылыми басылымдарға мақала жариялайды.
-
Код ON8
Ағылшын, орыс тілдерін жеке тұлғааралық және мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде лингвоелтанымдық сипатта қолданып, білім беру саласында педагогикалық жұмысты ұйымдастыра және басқара біледі.
7M02301 Филология (орыс тілі және әдебиеті)
МагистратураАймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті
БББТ: M060 Филология
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский7M02301 Филология
МагистратураШ. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi
БББТ: M060 Филология
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша7M02301 Филология: қазақ тілі
МагистратураМахамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
БББТ: M060 Филология
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша7M02301 Қазақ филологиясы
МагистратураА.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
БББТ: M060 Филология
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша7M02301 Филология
МагистратураИнновациялық Еуразия университеті
БББТ: M060 Филология
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша7M02301 Филология (1)
МагистратураҚазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
БББТ: M060 Филология
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша7M02301 Филология
МагистратураҚазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
БББТ: M060 Филология
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша7M02301 Қазақ филологиясы
МагистратураТорайгыров университеті
БББТ: M060 Филология
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша7M02301 Филология о/б
МагистратураАбай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
БББТ: M060 Филология
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша7M02301 Филология
МагистратураАбай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
БББТ: M060 Филология
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша7M02301 Филология
МагистратураМанаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
БББТ: M060 Филология
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша7M02301 Филология
МагистратураХ.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
БББТ: M060 Филология
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша7M02301 Филология (қазақ)
МагистратураСемей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
БББТ: M060 Филология
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша