7M01702 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті (1) в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Заманауи білім беруде инновациялық педагогикалық технологиялады толық меңгерген, еңбек нарығының сұранысына қажет жоғары білікті педагог мамандарды даярлау
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 1 год
-
Кредиттер көлемі 60
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M017 Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау
-
Лингводидактика
Несиелер: 4Лингводидактика – лингвистика мен әдістеме ғылымының интеграциясы, тілдерді оқыту үдерісінің теориялық негіздемесі және оның зерттелуін: тілдік білім берудің мазмұнын, оқытудың ұйымдастырушылық формаларын, зерттеу механизмдері және оқу үрдісін құрылымдауды қарастырады. Жаңартылған білім беру аясында тіл мен әдебиетті оқыту әдістемесі қарастырылады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Қазақ әдебиеттануының өзекті мәселелері
Несиелер: 4Ұлттық әдебиеттану ғылымы қай бағытта дамыды, қандай жетістіктері бар, болашақта зерттеу жұмыстарын қай бағытта жүргізу керек деген принципті мәселелерді түйіндеуге мүмкіндік береді. Методологиялық тұрғыдан алғанның өзінде отандық әдебиеттанудың тарихи қалыптасу процесін жүйелеу — оның толық табиғатын танумен қатар, қандай теориялық проблема қай кезеңде қарастырылды және ғылыми таным ретінде қалай қалыптасты деген мәселелерді зерделеуде де принципті роль атқарады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері
Несиелер: 4Әдебиет тарихының дәуірлеу кезеңін және әр кезең әдебиетінің ерекшеліктерін білу; әдеби бағыт, әдеби ағым т.б. тарихи кезең мен өзара байланысын зерттеу, зерделеу арқылы меңгерту; әдеби мұралардың идеялық мазмұнына қарай талдай алу, көркемдік заңдылықтарды ажырата алу; әр кезең әдебиеті өкілдерінің шығармаларындағы ұқсастықты таба отырып, өзіндік ой-пікірін қорғау.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
БАҚ тілі және жарнаматану
Несиелер: 5Жарнама тілінің қазіргі даму кезеңінде қолданылуы мен бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамның тілдік мәдениетін қалыптастыруға әсері, бұқаралық ақпарат құралдарының тілін зерттеуге жүйелі көзқарасты қалыптастыруды қарастырады. Болашақ маманның филологиялық дайындығын жүзеге асыру мақсатында, жарнама тілі мен қазіргі заманғы медиалингвистика мәселелері мен медиалингвистиканың пайда болуының теориялық негіздері мен қоғамдық алғышарттары туралы түсінік береді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Менеджмент
Несиелер: 2Курс менеджменттің мазмұнын ашып, қазіргі заманғы басқарудың негізгі принциптері мен әдістерін, сондай ақ ұйымның өмір сүруін және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудегі рөлін, басқарушылық қызметтің әртүрлі түрлерін жүзеге асырудың нақты дағдыларын, басқару жүйелерін және жобалық талдауды қалыптастырады, сондай-ақ басқарудың даму тарихын қарастырады. болашақ менеджерлердің кәсіби біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыруға қызмет етеді.
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Қазақ тілін оқытудың проблемалық мәселелері
Несиелер: 5Қазақ тілін проблемалық əдіс арқылы оқытудың ерекшелігі, проблемалық əдісті қолдану арқылы білім алушының креативті ойлауын дамыту мен сабақтың мазмұнын құруға, шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейту, проблемалық міндет қою, оны шешуге бағыттауда проблемалық əдісті шығармашылықпен қолданып, білім алушының ойлау қабілетін дамыту, интеллектуалдық танымын арттыруға үйретеді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Тіл және мәдениетаралық коммуникация
Несиелер: 5«Тіл және мәдениетаралық коммуникация» лингвистика, мәдениеттану, коммуникативистика және лингодидактика тоғысында орналасқан қарқынды дамып отырған және қоғаммен талап етілген теоретикалық және қолданбалы ғылыми бағыт болып табылады. Этникалық мәдениеттің жергілікті мәдени бөлігінде және жаһандық халықаралық кроссмәдени коммуникациядағы кеңістік пен уақыт аспектілердегі түсініктердің қалыптасуына ықпал ету мәселелері қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Модульдік оқыту технологиясы
Несиелер: 5Педагогикалық технологиялар ішіндегі модульдік технологияның орны, модуль термині туралы түсінік, модульдік технологияның оқу үрдісінде жүзеге асу тетіктері, психологиялық-дидактикалық негіздері, модульдік бағдарлама құрудың ерекшеліктері, модульдік бағдарламалар үлгілері қарастырылады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Шетел тілі (кәсіби)
Несиелер: 2Меңгерілген тілдік білім мен сөйлеу біліктерін жүйелеу. Шет тілінде ауызша қарым-қатынас формаларының дағдыларын жетілдіру, баяндамалар мен хабарламалармен таныстыру, кәсіби қарым-қатынасты жүзеге асыру. Жазбаша дағдыларды жетілдіру. Қазіргі заманғы техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кәсіби саладағы коммуникативтік міндеттерді шешуді жетілдіру.
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Медиадискурс және аударма теориясы
Несиелер: 5Дискурсты зерттеуге арналған прагмалингвистикалық және әлеуметтік-лингвистикалық бағыттар. Дискурстың макроқұрылымы және суперқұрылым. Дискурста қолданылатын ақпарат ұсыну түрлері. Дискурс және когниция. Саяси дискурс. Жарнамалық дискурс. Компьютерлік-қосымша түрде қолданылатын дискурс. Педагогикалық дискурс. Аударманың лингвистикалық теориясының негізгі қағидалары мен аударма процессінің заңдылықтарын меңгеру кез келген жанрдағы медиатекстерді құру мен аударудағы әдіс-тәсілдерді таныстыру.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Жаңартылған білім беру мазмұны жүйесіндегі филологтың тұлғасы
Несиелер: 4Заманауи педагогикалық технологиялар, даму тарихын, педагогикалық технологиялар мен дәстүрлі оқыту технологияларының арақатысын, педагогикалық технологиялардың түрлерін, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқыту үрдісінде жаңа оқыту технологияларын тиімді қолданудың әдістемесін мен ұстанымдары, әдістері қарастырылады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Басқару психологиясы
Несиелер: 2Басқарудың ғылыми-әдістемелік негіздері. Басқарудың психологиялықтеорияларының дамуы. Басқару психологиясының жалпы теориялық мәселелері. Басқарушылық ісәрекетті талдау. Менеджердің тұлғалық ерекшеліктері. Басқару міндеттерінің психологиялық ерекшеліктері. Меншік психологиясы. Басқарушының кәсіби іс-әрекеті. Басқару субъектісінің қызметтері. Басқарушылық қарым-қатынас психологиясы. Қызметкерлердің психологиялық сипаттамалары. Қызметкерлерді ынталандыру психологиясы. Ұйымның адам ресурстарын басқару технологиясы. Ұйымның кадрлық саясатын психологиялық қолдау. Ұйымдағы дау-дамалар психологиясы. Тұлғаның кәсіби деформациясының алдын алу технологиялары.
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Код ON1
Заманауи философияның, менеджменттің және жеке тұлғаны психологиялық басқару мәселелерінің теориялық-әдіснамалық негіздерін, кәсіби қарым-қатынас теориясы мен практикасын меңгерген.
-
Код ON2
Әдеби шығармалардың идеясын, құрылымын, мазмұнын, мақсаты мен міндеттерін жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес пайдаланады.
-
Код ON3
Оқыту дидактикасының негізгі категорияларын, оқу үрдісінің құрылымын, білім беру үдерісін бағалаудың теориясы мен тәжірибесінің заманауи негіздері бойынша анықтай алады.
-
Код ON4
Тіл ғылымының қалыптасу, даму кезеңдерін, тіл дамуына ортақ заңдылықтарды,олардың туу себептерін, оны сөйлесімде, мәдениетаралық коммуникацияда т.б.жағдайда пайдалана алады.
-
Код ON5
Инновациялық педагогикалық технологияның теориялық негіздерін, идеялары мен даму бағыттарын инновациялық шығармашылық тұрғыдан қолдануда креативті ойлау мен шығармашылық тұрғыдан шеше алады
-
Код ON6
Қазіргі кездегі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, ұтқыр интернет-ресурстарды, статистикалық деректерді практикалық тұрғыдан дербес жүзеге асыра алады.
7M01702 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
МагистратураҚазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша7M01702 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
МагистратураХалықаралық Бизнес Университеті
БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша7M01702 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті (1.5)
МагистратураҚазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша