Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02101 Дизайн в "Сырдария" университеті

  • Компьютерлік графика
    Несиелер: 7

    Әр түрлі полиграфикалық өнімдердің жобаларын жасау, көп бетті басылымдардың, шаблон - беттердің жобасын, иллюстрация, сыртқы бет, титул және т.б. компьютерлік дизайнын меңгеру. Жоғары талғамды өнегелі интеллектуалды бағалауды қамтамасыз ететін, идеалды эталондар құру, жобалау бағдарламалары және PageMaker, QuarkXPress, In Desing полиграфикалық өнімдерді беттеу т.б меңгеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Дизайн негіздері І
    Несиелер: 6

    Дизайнерлік ой туындыларды бейнелеу, пропорция сақтау, өзіне тән сурет салу шеберлігін арттыру, шығармашылық жұмыс жасағанда ерекше сезім тудыра алатындай қабілеттерін арттыру, өзіне тән стильді меңгеру, көркемдік графиканың түрлерін айқындайтын техникалық шешімін табуды, бейнелеу өнерінің барлық заңдылықтарын сақтап және әсемдік киімдерді дұрыс жобалауды меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Түстану
    Несиелер: 5

    Болашақ мамандарды дизайнерлік міндеттерді шешу кезегіндегі фактура және жарықтың қасиеттерін пайдаланумен түстерді сауатты қолдану үйрету болып табылады. Түстанудың негізгі теориялық түсінігі мен өзіне тән терминдерін, негізгі реңдік модельдерін, тарихи-мәдени қалыптасқан реңін, негізгі реңдік модельдерін, психология және түстерді қабылдау деңгейлерін; түстердің форма тудырушы, форма сипаттаушы, форма жоюшы факторларын үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Композиция І
    Несиелер: 8

    Әрбір дизайнер мамандық композиция заңдылығы міндетті түрде білуі тиісті. Берілген курс композициясының жалпы теориясының және композициясының категориясына арналған негізгі түсініктері туралы жалпы шолу бере алды. Материалдың көлемдік саралауларында әр түрлі түстік-графикалық тәсілдері пайдалана білу керек; композицияның өлшем заңдылықтары және негізгі заңдары; операцияларды меңгеруді білуі керек.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Өнер тарихы І
    Несиелер: 5

    Әлемдік көркем мәдениетінің теория мен тарихы облыстарына білімнің қажетті минималды деңгейін иемдеуге әрекет ететін жалпы білім беру пәні ретінде «дизайн», «сәулет өнері» мамандықтарының оқу жоспарына негізделеді. Басқа профильді пәндермен бірге алынған білімдер кәсіби дайындықтың териялық базасын толықтырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Композиция ІІ (бейін бойынша)
    Несиелер: 6

    Композиция заңдылығын әрбір дизайнер мамандануына қарамастан міндетті түрде білуі тиіс. Берілген курс композицияның жалпы теориясына және композицияның категорияларына арналған негізгі түсініктерін білуі керек. Жұмыстарды дизайндағы нысандарды пішінделуінің заңдылықтары және принциптерін сауатты пайдалануды, бейнелеуді, жұмыстың жазықтық шекарасын сауатты құрастыру; материалдардың көлемдік және түсті – графикалық өңделуін әр түрлі тәсілдерін пайдалануды меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіби қазақ (орыс) тілі
    Несиелер: 5

    Қатынастық-дискурстық аспекідегі қазақ (орыс) тілі, кәсіп пен маман-дықтың негіздері, іскерлік қатынас мәдениеті. Ғылыми мәтіндермен жұмыс істеуге, көпшілік алдында сөз сөйлеуге арналған қазақ/орыс тілдеріндегі ауызша, жазбаша тіл. Алуан түрлі мәдени ортада кәсіби қызметті ұйымдастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
    Несиелер: 5

    Жалпы экология негіздері. Қазіргі заманның экологиялық проблемалары. Түрлі салалардың ластану көздері мен сипаттамалары. Экология және тұрғын халық проблемасы. Урбоэкология: қаладағы адам, төтенше жағдайлар жағдайындағы экология. Қоршаған ортаны қорғау мәселелерінде мектепте және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіби бағытталған шетел тілі
    Несиелер: 5

    Тілдерді меңгеру деңгейі - В1-В2. Мамандықтың пәндік саласына шет тілінің кәсіби-бағдарланған тілінде кіріспе. Базалық категориялық ұғымдық аппарат және оның шет тіліндегі нұсқалары. Кәсіби және ғылыми терминология. Арнайы кәсіби-бағдарланған материал және оны берілген кәсіби жағдайларда пайдалану. Мамандық бойынша пәндік сала мазмұнының шет тіліндегі сипаттамасы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Графика сурет І (орыс тілінде)
    Несиелер: 5

    Полиграфиялық және жарнамалық өнімдердің дамуы мен сипаттамасы, бұқаралық ақпарат құралдары, баспа басудың әдістері, жарнамалардың, жарнама компанияларының түрлері мен типтері. Жарнама хабарландыруларын дайындаудың және көркемдік редакциялаудың әдістері мен түрлері. Жарнаманың сырт көзге көрсету әдістері, оларды жарнаманың стратегиясына қарай таңдау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Инженерлік графика І
    Несиелер: 5

    Инженерлік және жобалық графика байқауы үшін яғни дизайн мамандықтағы студаттарге дербес профильдік пәндерді зерттеуіне негіз береді. Аксонаметрия, комплекс сызбаларды тұрғызудың теория негіздерін; аралық және материалдық есептерді шығару әдістерін; сызбаны түрлендіру әдістері; сызбаларды тұрғызу және рәсімдеуінің теориялық негіздерін; қойылған есепті саралау және шығаратын жолын таңдау сипаттамасы

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Кескіндеме І (орыс тілінде)
    Несиелер: 5

    Студент заттың формасын және көлемін түспен бейнелей біліп, оны жобалық жұмыста түстік – ауа перспективасын пайдалана біледі. Сурет және жобалаудағы «жуу» (отмывка) тәсілі жайлы бастапқы білім дағдысы болу керек. Түстік пигменттерді колористік араластыра отырып, олардың мүмкіндіктерін және түстік байланыстардың сипаты мен оларды адамның қабылдауын үйретуді ұйымдастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Сурет І (орыс тілінде)
    Несиелер: 5

    Сурет пен композицияның көркемдік тәсілдері мен заңдылықтарын, суреттің әр алуан техникалық әдістері мен құралдарын, адамды бейнелеудің теориялық негіздерін, шығармашылық процестің барлық кезеңінен өтіп, шеберлік машықтарын пайдаланып, толық көркем суретті шығару. Натураға қарап, оймен және елестету арқылы сурет салуды сауатты бейнелеуді, бейнелеу өнерінің заңдылықтары мен ережелерін және олардың қолданылатын әдістері мен тәсілдерін біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Сұңғат өнері І (орыс тілінде)
    Несиелер: 5

    Қоршаған әлемнің түс байлығын көруге және көрсетуге үйрену, көлемдік нысанды сызықпен, дақпен және түспен реалистік сурет салудың принциптер мен әдістерін зерттеу, желілік және әуе перспективаны зерттеу, акварель және гуашьтың әр түрлі техникаларын меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Түс ажырату (ағылшын тілінде)
    Несиелер: 5

    Дизайнның базалық білім саласына түстерді қолдануды, түстерді ажырату, түстерді қабылдау психологиясы және түстік топтарды дұрыс пайдалану. Түс мәдениеті және символикалардың тарихи дамуы, түске деген сән, актуальді және символикалық реңдік үйлесімдікті іздену; түстік политра құрастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Дизайн композициясының негіздері (орыс тілінде)
    Несиелер: 5

    Сән теориясында кәсіби дайындығын қалыптастыру, сонымен қатар студенттердің ой – өрісін дамыту, қызметін сипаттау және түсіндіру. Киімді жобалау және макеттеу. Бұл пәнді зерделеу тұтасымен бітірушінің ие болатын білімділігі, іскерлігі және дағдылар еңбек бөлімінің талаптарымен қажеттілігі деңгейіне сай кәсіби жұмыспен кадрлар мен инженер-техникалық мамандарға қажеттіліктер арасындағы қарама-қайшылықтарды жеңуге бағытталған және тәжірибе жасауға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Костюм композициясы (орыс тілінде)
    Несиелер: 5

    Нақтылы идеяны, ойды, түрді көрсететiн, оның барлық элементтерін бір бүтінге бiрiктiруді, костюмның элементтерiнің құралдары, форма, мата және оның қасиетi, түс, конструктивтiк және сәндiк сызықтары жайында негізгі түсінігін, әр түрлi қасиеттерi бар матаның авторлық жобалардың орындауының және костюмның күрделi формасын ұйымдастыру қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Батик техникасымен жұмыс
    Несиелер: 5

    Батик өнерінің техникасымен, шет ел өнерімен танысу. Батик өнерін жетілдіруді дамытуды үйрене отырып, батик өнері арқылы, қыз баланы әсемділікке, әдемілікке тәрбиелеу және жаңа өмірге деген көзқарасын өзгерту. Кергіш ағаш (рамка), жібек мата, анилин бояулары, әр түрлі қылқаламдар, түтікше, балауыз (резерв), қоспа, эскиздер, боялған эскиз үлгілері, буклет, сызбалар, жасалған дайын бұйымдармен сынды құралдармен танысады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Композиция негіздері
    Несиелер: 5

    Болашақ мамандарды дизайнда және өнердегі құрылым, дизайнның сән ағымындағы ерекшеліктерін, негізгі болмысын ойлап табуда, жалпы ішкі өлшем заңдылықтары туралы білімдерін қалыптастыру, бейнелеуді үйренуде, киімнің ерекшеліктерін көрсете білуге, сондай –ақ костюмді модельдеуде және жобалау саласында жан –жақты мамандандырылған кәсіпкерді жұмысқа дайындау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Графикалық стилизация
    Несиелер: 5

    Кәсіби костюм дизайнерін дайындауда негіз болып табылады, бейнелеуді үйренуде арнайы курс жобаның бір бөлігі ретінде, жобалаудағы стилизациялаудың әртүрлі кезеңдердегі көркем жұмыстардың ерекшеліктері, костюмдегі графикамен бергенде дәстүрлі және заманауи құралдары. Пән модельдеуді ойластырған жобалауды іске асырудағы өте жақын әдіс ретінде қарастырады, костюм дизайн жұмыс эскиздерін ойлауды іздестірудегі зерттеу машықтары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Дизайн нысандарын құрылымдау (орыс тілінде)
    Несиелер: 5

    Жазықтық және көлемдік-кеңістік пішімдерді конструкциялаудың теориялық негіздерін, сенімділігі мен эстетикалық мәнерлілігін ескеріп, дизайн объектілерін пішімдеу мен үлгілеу, олардың элементтерін, қосылыс түйіндерін констркуциялау әдістерін, қазіргі заманғы материалдар қолданысын, сонымен қатар сәулеттік, графикалық және өндірістік дизайн объектілірін көркем жобалаудағы тенденциялар мен бағыттарды ашып көрсетеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Түстік графика (ағылшын тілінде)
    Несиелер: 5

    Түстанудың негізгі мазмұнын құрайтын материалдарын сурет, кескіндеме, композиция пәндерін оқыту бағдарламаларын қосымша ретінде қосылды. Бағдарламада студенттерді түстану графикасының мақсаттары және міндеттерімен практикалық сабақтарын жүргізу тәсілдерімен таныстыру және студенттердің өзіндік жұмысының сипаты, пәнінің оқу жоспарының басқа пәндермен байланысы ескерілген.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Шрифт
    Несиелер: 5

    Терілген шрифттің түрлері. Макет дизайнын әр түрлі шрифтер арқылы қолданылып орындалуы. Шрифтіктің классификациясы. Хат пен шрифт. Сәулеттік, графикалық, өндірістік және тағы басқа дизайн саласында жобаланатын қаріптің негізгі түрлерді, қаріп элементтерінің құрылу принциптерін, қаріптің негізгі түрлерінің құрылымдарын, жобаланатын өнімнің қолданылатын қаріпін, типографиканың негізгі принциптерін меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Арнайы киім композициясы (орыс тілінде)
    Несиелер: 5

    Арнайы киім түржинағының тігу және пішуін, лекало, эскиздерді әзірлеуде білім алуды, материал ерекшеліктерін білуді және матаны, астар материалын, фурнитураны, жіптерді дұрыс таңдауды, сонымен қатар компьютерлік бағдарламада киім эскиздерін орындау дағдысын және өз бизнесін ұйымдастыруды ұсынады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Макеттеу
    Несиелер: 5

    Жазықтық және көлемдік – кеңістіктік пішіндерді конструкциялаудың теориялық негіздерін, сенімділігімен эстетикалық мәнерлілігін ескеріп, дизайн объектілерін пішіндеу мен үлгілеу, олардың элементтерін, қосылыс түйіндерін конструкциялау әдістерін, қазірігі заман материалдар қолданысын макеттеу, көркем жобалаудағы тенденциялар мен бағыттарды ашып көрсетуді ұйымдастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Тігін бұйымдарының технологиясы (орыс тілінде)
    Несиелер: 8

    Құрастыру, көркем модельдеу, киімді тігу, ұйымдастырылған күрделі процесстерін орындалуын түсіну керек. Тігін өндірісінің негізгі жұмыстарының терминологиясы, тігін бұйымдарының түржиыны және олардың құрастырылуы, жұмыс кезінде пайда болатын ақаулардың түрлері және оларды жою жолдары мен әдістерін білу керек.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Тігін өндірісін материалдарын өңдеу теориясы (орыс тілінде)
    Несиелер: 8

    Тігін өндірісінің мамандары заманауи талаптарға жауап беретін жоғары сапалы үлгілер жасау үшін материалдардың ассортименті, түр-түсі, өрнектерімен қатар олардың қасиеттерін де жақсы меңгерулереді. Материалтануды оқып-үйрену барысында химия, физика математика пәндері бойынша білімі болуы керек. Алған білімдер текстильді материалдардың талшықтық құрам, тоқыма және трикотаждық өрімдерді танып-білуге үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Арнайы сурет І (бейін бойынша)
    Несиелер: 4

    Дизайнерлерді кәсіби дайындау үшін іргелі негіз болып табылады. Жобаның бір бөлігі ретінде сурет үйрететін арнайы курс, жобалаудың әртүрлі кезеңдеріне бейнелеу жұмысының ерекшелігі, жобаның график түрінде беруінің дәстүрлі және қазіргі құралдарының қолданылуы. Модульдеуді жобалық түпкі ойдың көрнекі іске асуына барынша жуықтау әдісі ретінде қарастырады, жобаларды іздеу және жұмыс нобайларын өңдеу дағдыланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Бұйымдарды топтап жобалау (aғылшын тілінде)
    Несиелер: 5

    Бағдарламамен өндіріс өніміне қойылатын көптеген әлеуметтік – экономикалық, эргономикалық, техника – экономикалық пен эстетикалық талаптар қаралады. Бағдарламада білім жүйесінің ең маңызды аспектілері қарастырылған, комплекті өнімдердің типология мен классификациясы, композициялық жұмыстың ережелері мен принциптерін қамтиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Жинақтаушы бұйымдарды жобалау (ағылшын тілінде)
    Несиелер: 5

    Қазіргі талапқа сай идея дайындау әдісін оқыту. Өнеркәсіптік дизайнның қазіргі тенденцияларын қалыптастыру үшін студенттерді этноматериалдық мәдениетпен таныстыру. Өнеркәсіптік дизайн нысандарын жобалауда ұлттық–аймақтық ерекшеліктерімен, бұйымдардың формасының қалыптасу заңдылықтарын қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Кәсіби компьютерлік бағдарламалар І
    Несиелер: 5

    Графикалық редактор көмегімен бейнелердің файлдарын құру, түзету және сақтауда; бейнелерді алуда өз бетімен графикалық бейнелерді құру және түзету. AutoCAD бағдарламасының соңғы мүмкіндіктерін қолдана отырып, семестірлік, курстық және дипломдық жұмыстарды жасауды, компьютерлік графика түрлері және олардың қолдану аясын; стильдерді, информациялық технологиялар бағытындағы көмекші әдебиеттермен өз бетінше танысуы және орындауы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Corl Draifтың негізгі құралдары
    Несиелер: 5

    СorelDRAW – машиналық графиканың нағыз шедеврлерін жасау үшін қолданылатын компьютерлік дизайнердің құралы. Түрлі-түсті көркемдеулерді; күрделі сызбаларды, кітаптар мен журналдар мұқабаларының фигуралық кітапталарын, фотографиялық шын және фантастикалық шын емес бейнелейлерді; дайын бейнелеулерді редакциялау үшін, графикалық Web-беттерді құру үшін, т.б. жасау үшін қолданылатын қолайлы игеруге қарапайым құралдарын қамтиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Материалдық мәдениет және дизайн тарихы
    Несиелер: 6

    Дизайнерлік масштабтық жоба мәдени тұжырымдамасыз жүзеге аспайды. Дәуір, қоғам, аймақ мәдениетіне тән белгілер мен таңбаларды жасауды қажет етеді. Бұл жағдайда олардың шығуы мен таралу шарттарын білу қажет. «Дизайн тарихы» ретінде белгіленген дизайнның маңызды теориясының мәселелеріне қатысты дизайн теориясының негізгі даму кезендерін, негізгі стильдердің сипатын білуді ұйымдастыру

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Бағытық дизайн нысандарын жобалау
    Несиелер: 5

    Өнеркәсіптік үлгілерін жобалау бағытындағы табысты жұмыс үшін сериялық өндіріс жеке өнім нысанының дизайн пішімін, бұйымдарды көркем құрастырудың түрлі бағыттарын оқытады. Көркем жобалаудың заңдылықтары мен техникалық әдістерін меңгереді. Өз жобасында ғылыми –техникалық прогресс жетістіктері мен өнеркәсіптік өндірісте жаңа материалдар қолдана білуі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Материалдармен жұмыс (орыс тілінде)
    Несиелер: 8

    Материалдардан жобалу барысында, бұйымның модельдік ерекшеліктерін жобалау арқылы, мата тоқылымдарының анализін, бояу тәсілдері. Материал түрлерімен жұмыс жасауды, мата таңдауды үйрену, матаның тоқылу айқаспа түрлерін, негізгі қасиеттерін, сапасын, матаны дикатирлеу тәсілдерін, алынған өлшем бойынша үлгіні мата бетіне орналастыру әдістерін білуі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ою-өрнек тарихы
    Несиелер: 5

    Ою-өрнектік шығу тарихын, дизайнын орындаушылық шеберлікке көркемдік эстетикалық көзқарасын қалыптастыру негізінде тәрбиелеу,шығарманың білім беру жүйесінде әлемдік ою-өрнек өнердің хронологиялық шеңберінен хабардар болу. Өрнекте негізгі стильдік бағыттарды анықтап,өрнек теориясы мен тарихы дамуындағы негізгі кезеңдерін, ерекшеліктерін,әйгілі шеберлер шығармашылығын, қазіргі заманғы дизайнда саласында тәжірибеде білімін дұрыс пайдалана білу

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Костюм дизайн элементері және үрдістері І (ағылшын тілінде)
    Несиелер: 7

    Студент пәнді меңгеру кезінде көркемдік сауатын алады және аналитикалық қабылдауды, композициялық қабілеттерін арттырады. Графикалық экспозицияны композицияда сауатты түрде жеткізу; киім үлгіренің коллекцияларын және нобайларды қарастыру; мәдени көркем жобалау ойларды кәсіби деңгейде меңгеру; костюмді бейнелеуде графикалық құралдармен жұмыс істей білу; техникалық және ғылыми хабарларды орнымен пайдалана біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Концептуалды жобалау
    Несиелер: 5

    Заттардың құрылымы композиция заңына сәйкес заттардың белгіленген ең тәуір функционалды және конструктивті сияқты ерекшеліктеріне ие болады. Дизайндағы композициялық ізденіс тұтынушының тиімді әсерлерімен қамтамасыз ететін күшейтілген пішіннің қасиеттеріне бағытталады. Алдына қойған мақсатын көру арқылы зерттеп дамыту және қойылған құрылымды жан-жақты зерттеп игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Өндірістік дизайн объектлерін өндіру І (ағылшын тілінде)
    Несиелер: 7

    Студент оқу жобасында жобаланушы нысанының сызбасын, техникалық және көркемдік ерекшеліктердің заңдылықтардың есебімен қажетті композициялық өндірістік шығармашылық ойын жетілдіреді. Жинақталған бұйымды әдістемелік көркемдік құрылымдауды ұйғарымдаудағы кезектік деңгейі, теориялық жағдайы мен жүйе түсінігімен танысады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Техникалық сурет және графика (ағылшын тілінде)
    Несиелер: 5

    Бұл пәннің негізгі оқытуы, жаттығуларды, жобаларды, нобайларды орындау. Сонымен қатар көркем және компьютерлік графиканы үйренуі болып табылады. Студенттерге оқу жүйесінде өнерді безендіру ауданының келесі түрлері болады: ерекшеліктер мен әртүрлі шрифттер, жарнамалық материалдар, афиша, плакат және т.б. курсытық жұмыстар мен бағдарламалық пәнді тәжірибе түрінде өткізу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тігін саласының жабдықталуы (орыс тілінде)
    Несиелер: 8

    Қазіргі өндірістегі түрлі тігін машиналардың , трикотаж, аяқ киім, галантереялық және тағы басқа жеңіл өнеркәсіп салаларында киімдер, ақжаймалар, трикотаж бұйымдарын өндіру үшін қызмет ететін негізгі жабдықтарды зерттейді. Жаңа тігін машиналары, тігін жабдықтарын копьютерлендіру мүмкіндіктері туралы жалпы мағлұмат береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Графика және модельдеу (ағылшын тілінде)
    Несиелер: 5

    Дизайнерлік суреттің графиканың негізгі құрылысын, жазықтықтағы негізгі көлемнің құрылысын, композициялық әртүрлі әдістерінің көмегімен және орындау техникасының негізі (нүкте, сызық, дақ, түс, жарық, материалдық болмыс), образды-бірлескен композицияны қолдануда жобалауды, дизайн объектіснің маркетингі және модельдеу. Пән дизайн жұмыстары жағына дайындық кезеңі болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Халықтық - аймақтық дизайн
    Несиелер: 5

    Дизайн мамандықтардың классикалық негізгі теориясы мен заманауй дизайн тарихын білуі, дизайн саласының бiлiмдерiн сауатты айшықтауға өз бетімен үйрену. Пәннің негізгі категориялары мен ұғымдарын білу. Тәжірибеде білімін дұрыс пайдалана білу. Негізгі және жалпы білімін көрсету, басқа мәдениетті қабылдай білу, этникалық принциптерге бейімділік, басқа мемлекеттік мәдениеті мен салт-дәстүрін зерттеп зерделеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Декоративті қолданбалы өнер (ағылшын тілінде)
    Несиелер: 5

    Декоративті өнермен әшекейлеу әдіс-тәсілдері жайында түсінігі болады. Қарапайым элементтерді монументальді-декоративті өнердің жасалуын;. материалмен жұмыс жасай білуді; іс жүзінде білімді практикада қолдана білу. Базалық және біріктірілген білімді көрсету, басқа әртүрлі мәдениеттердің ерекшеліктерін қабылдай білу, этникалық қағидаларға жолын ұстаушылық, сонымен қатар басқа мемлекеттердің мәдениеті мен дәстүрін қабылдай білу дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Өндірістік дизайн объектлерін өндіру ІІ (ағылшын тілінде)
    Несиелер: 7

    Студент оқу жобасында жобаланушы нысанының сызбасын, техникалық және көркемдік ерекшеліктердің заңдылықтардың есебімен қажетті композициялық өндірістік шығармашылық ойын жетілдіреді. Жинақталған бұйымды әдістемелік көркемдік құрылымдауды ұйғарымдаудағы кезектік деңгейі, теориялық жағдайы мен жүйе түсінігімен танысады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Графикалық дизайн
    Несиелер: 9

    Графика өнері туралы мағлұматтарды білуі; графикалық жұмыс істеу тәсілдерін, гравюраның барлық түрлерін (литография, линогравюра, ксилография) меңгеру,

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Дизайндағы заманауи материалдар (бейін бойынша)
    Несиелер: 5

    Пән ерекшелігі дизайнның барлық мамандықтарына оқытылуында болып табылады және барлық ерекшеліктерін бейнелеуге тиіс. Конструктивті және өңдеу материалдарының екрекшіктерін айыра білуі керек; дизайн нысанын жобалау үшін материалдарды дұрыс таңдай білуі және оны сауатты түрде қолдана білуі тиіс; әртүрлі материалдардың қасиетін үйлестіре білуі және олардың тозуға беріктігін болжай алуы тиіс.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Жанрнама жобалау және өндіру
    Несиелер: 9

    Плакаттық, сатиралық сурет түрлері, қарындашпен, көмірмен, бормен, арнайы өңделген тақталарға (гравюра) немесе тасқа (литография) бедерленіп, баспалық-механикалық әдіс арқылы көбейтуді меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Костюм дизайн элементері және үрдістері ІІ (ағылшын тілінде)
    Несиелер: 7

    Студент пәнді меңгеру кезінде көркемдік сауатын алады және аналитикалық қабылдауды, композициялық қабілеттерін арттырады. Графикалық экспозицияны композицияда сауатты түрде жеткізу; киім үлгіренің коллекцияларын және нобайларды қарастыру; мәдени көркем жобалау ойларды кәсіби деңгейде меңгеру; костюмді бейнелеуде графикалық құралдармен жұмыс істей білу; техникалық және ғылыми хабарларды орнымен және күрделі түрде пайдалана біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Ұлттық қолөнер бұйымдарын жобалау (ағылшын тілінде)
    Несиелер: 9

    Ұлттық қолөнер бұйымдарын жобалау пәні – қазіргі нарықтық экономика жағдайында ең күрделі, маңызды сабақтардың бірі болғандықтан, бұл құрал студенттерді еңбекке, оның ішінде ата кәсіп іскерлігіне баулуға, белсенділікке, шығармашылық қасиеттерін арттыруға, жан –жақты тәрбиелеуге көмегін тигізеді. Қолданылатын материалдың ерекшелігін ескере отырып қол өнер бұйымдарын әзірлеу технологиясын меңгеруді ұйымдастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Тігін бұймдарын конструкциялау және моделдеу (ағылшын тілінде)
    Несиелер: 9

    Студент жергілікті халықтың роционалды типтік өлшем, болашақ бұйымның сапасына қойлатын талаптар мен сапа көрсеткіштерін, киімнің маңызды ерекшеліктер комплексін ескере отырып, костюмның жүйелі жобалау әдістері мен принциптерін игеруі тиіс. Рационалды киімді жобалау үшін және әр түрлі силуэтті пішімді және пішінді модельдер құра білу, білім, дағды, іскерлікті игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Қолөнер негіздері (ағылшын тілінде)
    Несиелер: 5

    Шығармашылық әлеуетке түрткі болатын және креативті ойлауды дамытуға себепші болатын, қолөнер негіздері саласындағы мамандарды кәсіби дайындайтын, үнемі құбылмалы сән әлемінде тез бейімделуі үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады. Қазақ қол өнерінің даму тарихынан және өзіндік ерекшеліктерінен мағлұмат алады. Болашақ дизайнерлер қазақтың қолданбалы қол өнерін, өзіне тән көркемдік ерекшеліктерімен, тағылымдық мүмкіндіктерін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Өндірістік дизайн объектлерін өндіру ІV (ағылшын тілінде)
    Несиелер: 7

    Өндірістік бұйымдарды жасаудағы дизайнердің жұмысы жүйелі дамитын шығармашылық процесс болып табылады. Форманың қалыптасу теориясы – өнеркәсіптік форма құрылуының өзара байланысатын заңдылықтары мен принциптері туралы толық білім жүйесі болып табылады. Жинақтық бұйымдардың бейнелердің туындауының әлеуметтік – экономикалық әсерлерін меңгеру талап етіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 5
    Семестр 1
  • Костюм тарихы (ағылшын тілінде)
    Несиелер: 6

    Әртүрлі ғасырмен стильдегі костюмнің құрылымын түсті, сәндік, құрастыру және композициялық шешімдері бойынша талдай білу; тарихи және халық костюмдерінің пропорцияларын көрсету; маталардың бөлшектердің аксессуарлары мен және шаш қою үлгілерінің фактураларын ойластыру, заманауй көзқарас тұрғысынан киім үлгілерін жобалауда халық дәстүрлерін қолдануын меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 5
    Семестр 1
  • Материалтану (орыс тілінде)
    Несиелер: 9

    Киім тігуде қолданылатын алуан түрлі материалдардың құрылысы мен қасиеттерін, олардың ассортимента мен сапасын қарастырып, материалдарды орынды қолдану бойынша нұсқаулар береді. Пәнді оқып үйрену текстильді және тоқыма емес материалдарға қажетті шикізаттардың шығу тегі мен текстильді өндірістің негіздері туралы түсінік алуға мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 5
    Семестр 1
  • Ұлттық киім үлгілерін тарихы (ағылшын тілінде)
    Несиелер: 6

    Ұлттық киім үлгілерінің тарихы, пәні ұлттық киімдері мен қолөнерін, салт-дәстүрі, көп жылғы жұмыс жемісі болып табылады. Зерттеу барысында ою-өрнектер, олардың түрлері мен даму принциптері, аймақтық ерекшеліктері мен өзгешіліктері терең игеріледі. Әр ұлттық киім үлгілері мен аяқ киімдерінің, бас киімдерінің пішімдері, салтанатты және күнделікті киімдер дайындайтын материалдар зерттеледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 5
    Семестр 1
  • Биодизайн
    Несиелер: 6

    Биологиялық және экологиялық шарттарға сәйкес адамдардың өмір сүру ортасында, көк желектерді отырғызуды жобалау әдістерін, өсімдіктер ассортименттерін дұрыс қолдануды және мүмкүндігінше, сәулет тарихының толық материалдарын жүйелеуді, сәулет шығармашылығының өркендеу кезеңдерін, нақтылы кезеңдердегі сәулеттік стилдердің қалыптасуын студенттерге жүйелі білім беріп үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 5
    Семестр 1
  • Заманауи дизайн (бейін бойынша)
    Несиелер: 7

    Сәулет пен дизайнды зерттеу үшін ғылыми тәсілді қалыптастырудың, сәулет және дизайнның жанрлық шекараларының тоғысқан жеріндегі кеңісітік түсініктің дамуына байланысты негізгі теориялық ережелерді қарастырудың жалпы теориялық аспектілері болып саналады. Оған ең алдымен дизайндағы тарихи материалдарды пайдаланудың өзекті мәселелері, сондай –ақ интерьерлер, орта нысандарын, экспозициялар мен басқаларды жасауда дәстүрлі технологияны қолдану мәселелері жатады.

    Оқу жылы - 5
    Семестр 1
  • Өндірістік дизайн объектлерін өндіру ІІІ (ағылшын тілінде)
    Несиелер: 7

    Студент оқу жобасында жобаланушы нысанының сызбасын, техникалық және көркемдік ерекшеліктердің заңдылықтардың есебімен қажетті композициялық өндірістік шығармашылық ойын жетілдіреді. Жинақталған бұйымды әдістемелік көркемдік құрылымдауды ұйғарымдаудағы кезектік деңгейі, теориялық жағдайы мен жүйе түсінігімен танысады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 5
    Семестр 1
  • Костюм дизайн элементері және үрдістері ІV (ағылшын тілінде)
    Несиелер: 7

    «Костюм дизайн элементтері және үрдістері ІҮ» пәні «Ансамбль» және «Коллекция» көркем жүйесіндегі киімді жобалайды., Костюмді көркем жобалау әдістері және шығармашылық көзіне талдау біледі. Студент пәнді меңгеру кезінде көркемдік сауатын алады және аналитикалық қабылдауды, композициялық қабілеттерін арттырады, қиялдау және көлемді – кеңістіктік ойларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 5
    Семестр 1
  • Матамен жұмыс (орыс тілінде)
    Несиелер: 9

    Материал түрлерімен жұмыс жасауды, материал түрлерін таңдау үйрену, матаның жұмыс матаның тоқылу айқаспа түрлерін, матаның негізгі қасиеттерін, мата сапасын, матаны дикатирлеу тәсілдерін, алынған өлшем бойынша үлгіні мата бетіне орналастыру әдістерін, ылғалды-жылулықпен өңдеу тәсідерін меңгеру қажет. Бұл бұйымның құрастырылуын, көркем модельдеу ерекшелігін, бұйым барысындағы негізгі әдіс-тәсілдерді оқытатын арнайы курс.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 5
    Семестр 1
  • Ландшафты дизайн
    Несиелер: 6

    Ландшафт дизайнындағы жобалаудың жалпы қағидаларын игеру. Сәулеттік-ландшафтық ортаның заттық-кеңістік әдістері мен формаларын ұйымдастыру. Бақ, саябақтарды безендіру өнерінің тарихы мен стильдік ерекшеліктері және сәулет, мәдениет, дизайндағы ландшафты дизайнның рөлі. Ландшафты дизайн композицияларын дайындаудағы негізгі талғамдар мен бағыттар. Өсімдіктердің негізгі түрлерін меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 5
    Семестр 1
  • Өнеркәсіптік дизайн типологиясы
    Несиелер: 9

    Жобаларында философия мен қазіргі мәдениеттің жетістіктерін, сонымен бірге ғылыми – техникалық прогресс пен өндіріс орындарындағы жаңа материалдың құрамы туралы мәліметтер. Өндірістік бұйымдарды жасауда қолданылатын ортақ ойлар ізімен шешілетін міндеттерді жобалау, көркемдік жобалаудың заңдылықтарын білуді ұйымдастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 5
    Семестр 1
  • Костюм дизайн элементері және үрдістері ІІІ (ағылшын тілінде)
    Несиелер: 7

    «Костюм дизайн элементтері және үрдістері ІІІ» пәні сырт киім ассортиментінің жобаларының қалыптасуын және костюмнің негізгі жобаларын қарастырады. Көркемдік сауатын артады және аналитикалық қабылдауды, композициялық қабілеттерін арттырады, қиялдау және көлемді – кеңістіктік ойларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 5
    Семестр 1
  • Жиһаз дизайны
    Несиелер: 9

    Жиһаз жасау жабдықтары. Жиһазды құрастыру. Жиһаздың түрлері. Орындық жасау технологиясы. Бөлшектерді бекіту, біріктіру арқылы жиһазды құрастыру. Жиһаз өңдеу технологиясы. Ағаштан жасалған жиһаздардың артықшылықтары. Жиһазға арналған ағаш түрлері. Табиғи ағаштан жасалған жиһаз. Жиһаз құрастыру технологиясы. Адыра дайындау технологиясы. Эскизбен жұмыс жасау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 5
    Семестр 1
  • Код ON1

    пәндік және пәнаралық саланың негізгі бөлімдері бойынша білімді түсіну және интеграциялауды көрсету

  • Код ON2

    берілген ақпаратқа сүйене отырып,дизайн ағымындағы ерекшелікті және шығармашылық білімін практикада қолдана алу

  • Код ON3

    өндіріс саласында шығармашылықпен бірлесе шешуге тарту мақсатында пәннің негізгі концепциялары мен зерттеу құралдарын және құрылымын айқындай білу

  • Код ON4

    пәнді оқытуда АКТ-ны және цифрлық білім ресурстарын пайдалану

  • Код ON5

    өнеркәсіп дизайны саласында жұмыс істейтін кәсіби дизайнерге оның әртүрлі технологияларымен таныс болу

  • Код ON6

    болашақ дизайнерлердің кәсіби деңгейін көтеру мақсатында өмір бойы білім алуға мән беру

  • Код ON7

    дизайн өнерінің даму кезеңдерін, стильдерінен хабардар болып, шығармашылық қабілетін, икемділігін дамыта білу

  • Код ON8

    инновациялық технологияларды оқыту мен тәрбиелеудің мақсат-міндеттеріне, күтілетін нәтижелеріне және дизайнерлерді физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қолдана білу

  • Код ON9

    бұйымдарды жасаудағы өнерде негізгі стильдердің белгілеуінде қабылдаған терминологисын, тарихын жеткізе білу

  • Код ON10

    өзінің идеяларын жобалау барысында шығармашылық қабілетін дамыту

  • Код ON11

    болашақ дизайнерді кәсіби даярлау көркем жобалаудағы түрлі бағыттағы ансамбльдерді әзірлеу икемділігін дамыта білу

  • Код ON12

    өндірістік дизайн (сала бойынша) түрлі жобаларды меңгеру, қолдану және дизайн өнерін жетік білу

6B02101 Дизайн
Бакалавриат

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті

БББТ: B031 Сән, дизайн

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B02101 Дизайн
Бакалавриат

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ Е.А.Бөкетов)

БББТ: B031 Сән, дизайн

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B02101 Дизайн
Бакалавриат

Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті

БББТ: B031 Сән, дизайн

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B02101 Дизайн
Бакалавриат

Алматы технологиялық университеті (АТУ)

БББТ: B031 Сән, дизайн

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B02101 Дизайн
Бакалавриат

Қарағанды техникалық университеті (Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті)

БББТ: B031 Сән, дизайн

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B02101 Дизайн
Бакалавриат

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: B031 Сән, дизайн

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B02101 Дизайн
Бакалавриат

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

БББТ: B031 Сән, дизайн

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B02101 Дизайн
Бакалавриат

Инновациялық Еуразия университеті

БББТ: B031 Сән, дизайн

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B02101 Графикалық дизайн
Бакалавриат

Қазақ технология және бизнес университеті

БББТ: B031 Сән, дизайн

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B02101 Дизайн және компьютерлік графика
Бакалавриат

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

БББТ: B031 Сән, дизайн

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B02101 Мода, дизайн интерьера и промышленный дизайн
Бакалавриат

Мардан Сапарбаев институты (Mardan Saparbaev Instityty)

БББТ: B031 Сән, дизайн

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B02101 Дизайн
Бакалавриат

Ақтау гуманитарлы-техникалық университеті

БББТ: B031 Сән, дизайн

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B02101 Дизайн
Бакалавриат

«Тұран-Астана» университеті

БББТ: B031 Сән, дизайн

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B02101 Дизайн
Бакалавриат

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B031 Сән, дизайн

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B02101 Сәулет және дизайн
Бакалавриат

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті (Satbayev University)

БББТ: B031 Сән, дизайн

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B02101 Дизайн
Бакалавриат

"Алматы" Университеті

БББТ: B031 Сән, дизайн

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B02101 Дизайн
Бакалавриат

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

БББТ: B031 Сән, дизайн

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B02101 Дизайн
Бакалавриат

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

БББТ: B031 Сән, дизайн

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B02101 Дизайн
Бакалавриат

"Астана" Университеті

БББТ: B031 Сән, дизайн

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B02101 Дизайн
Бакалавриат

Астана халықаралық университеті

БББТ: B031 Сән, дизайн

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B02101 Дизайн
Бакалавриат

Мирас Университеті

БББТ: B031 Сән, дизайн

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
Top