Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M04127 Қаржы в Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Қаржы саласында инновациялық ойлауы бар, озық технологияларды меңгерген, әлемдік қаржы және экономикалық кеңістік жағдайында ықпалдасуға, сондай-ақ қазақстандық және өңірлік қаржы нарығының қаржылық маңызды міндеттерін шешуге қабілетті магистрлерді даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 1 год
-
Кредиттер көлемі 63
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M074 Қаржы, банктік және сақтандыру ісі
-
Білім беру саласы 7M04 Бизнес, басқару және құқық
-
Дайындық бағыты 7M041 Бизнес және басқару
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
Ғылыми тәжірибе негіздері
Заманауи банктік инновациялар
Шет тілі (Кәсіби)
Менеджмент
Стратегиялық инвестициялық менеджмент
Банк қызметіндегі инновациялық технологиялар
Тайм-менеджмент
Банк саласындағы IT-технологиялар
Маркетингтік коммуникация
Коммерциялық банктегі жобалық қызмет
Қаржылық менеджмент (ілгерінді курс)
Салықтық декларациялау (ілгерінді курс)
Ғылыми зерттеу әдіснамасы
Стратегиялық маркетинг
Басқару психологиясы
Оқыту нәтижелері
- қаржы менеджменті, қаржылық зерттеу әдістері саласында жаңа білім алу; ақпаратты алудың, сақтаудың және өңдеудің негізгі әдістерін, тәсілдері мен құралдарын меңгеру; зерттеу нәтижелерін талдау үшін нормативтік құжаттарды пайдаланудың негізгі принциптерін меңгеру.
- салықтық реттеу, декларациялау, салықтық менеджмент, ұйымдардағы салық есебі саласындағы кәсіби білім дағдыларына ие болу.
- пікір шығару, идеяларды бағалау және қорытындыларды тұжырымдау қабілетіне, ғылыми зерттеулер жүргізу үшін қажетті дағдыларға ие болу, қажетті материалды дұрыс ұсына білу, ақпаратты талдау және жүйелеу.
- қаржылық менеджмент, зерттеудің қаржылық әдістері саласында жаңа білім алу; ақпаратты алудың, сақтаудың және өңдеудің негізгі әдістерін, тәсілдері мен құралдарын меңгеру; зерттеу нәтижелерін талдау үшін нормативтік құжаттарды пайдаланудың негізгі принциптерін меңгеру.
- әлемде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық үдерістер, корпорациялардың мемлекеттік қаржылары мен қаржыларын ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесін бағалай және талдай білу және Қазақстанның экономикалық тәжірибесіне индустриялық дамыған елдердің озық тәжірибесін енгізу
- қаржылық институттардың, корпорациялардың және банктердің қаржылық қызметін бағалау және талдау, нарықтық экономика жағдайында шаруашылық жүргізуші субъекті қызметіне қаржылық талдау жүргізу қабілетін иемдену.
- менеджмент және басқару психологиясы саласында іргелі білім мен дағдыларды қолдану, алған білімдерін практикада барабар қолдана білу; жеке тесттермен және әдістемелермен жұмыс істеу; тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін зерделеу, теориялық білімді өз бетінше шығармашылық пайдалану және практикалық қызметте өндіріс пен Қызметтерді басқару дағдыларына ие болу
- қаржы және банк заңнамасы, мемлекеттің ақша-несие және салық-бюджет саясаты мәселелері саласындағы құзыреттілігін игеру, өз пайымдауларын негіздеу және оларды көрсету дағдыларына ие болу.
- қаржылық тұрақтылықты басқару, қаржылық институттар мен корпорациялардың қызметін қадағалау, сондай-ақ қаржы институттарында тиімді басқару саласындағы құзыреттілігін игеру, мониторингтің заманауи әдістерін қолдана білу.
- ғылыми зерттеулер мен ғылыми эксперименттерді ұйымдастыру және жоспарлау үшін шет тілі саласында білімі мен дағдыларына ие болу, пайымдау, идеяларды бағалау және қорытындыларды тұжырымдау қабілетіне ие болу, ғылыми зерттеулер жүргізу үшін қажетті дағдыларға ие болу, қажетті материалды дұрыс ұсына білу, ақпаратты талдай және жүйелей білу.
- теориялық білім мен практикалық дағдыларды шебер үйлестіру негізінде корпорацияның қаржылық есептілігін дұрыс жасау қабілетін игеру.
- әлеуметтік-экономикалық процесте компьютерлік техниканы, бағдарламалық өнімдерді, технологияларды, коммуникация құралдарын еркін меңгеру, әртүрлі ақпараттық ресурстар мен мультимедиялық технологияларды, цифрлық білім беру ресурстарын жұмыс істей және пайдалана білу.