Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B07106 Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша) в Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті

  • Тасымалдау машиналары
    Несиелер: 5

    «Тасымалдау машиналары» курсын бітіргеннен кейін студент тасымалдау машиналарының негізгі анықтамаларын, қағидаларын, есептеу тәртібін және ерекшеліктерін, таңдауды және жобалауды білуі қажет. Студент теориялық білімін тәжірибелік сабақта бекітіп; тасымалдау техникасының тиімділігін арттыру мақсатымен инженерлік-қолданбалы есептеулерді және техникалық өлшемдерді орындайды, техника-экономикалық және басқару шешімдерін қабылдайды.

    Селективті тәртіп
  • Құрылымдау негіздері және машина бөлшектері
    Несиелер: 5

    Машиналар мен механизмдерді жобалаудың негіздері. Бөлек механизмдердің жұмыс принциптері, олардың машинадағы өз-аралық қарым-қатынастары, берілген жұмыс шарттары бойынша механизмдердің лайықты параметрлері табу, машиналардың ұзақ уақыттық жұмыс қабілеттерін және сенімділігін көтеру үшін жасалған әрекеттерді, машиналар мен механизмдердің техникалық күтімін орындауды анық білу үшін алдымен машиналардың бөлшектері мен тораптарының негізгі түрлерін, олардың беріктіктік қасиеттерін үйрету.

    Селективті тәртіп
  • Материалтану және конструкциялық материалдар негіздері
    Несиелер: 5

    Жаңа конструкциялық материалдарды жасау және пайдалану ғылыми-техникалық прогрестің маңызды бағыты болып табылады. Жаңа металдар мен қорытпалар, аса таза, аса өткізгіш, аса қатты, жоғары кеуекті ұнтақты, Композициялық, Полимерлік, ақаусыз және басқа да материалдар Жабдықтың сенімділігін күрт арттыруға мүмкіндік береді. Осындай материалдарды алу және өңдеу маңызды ғылыми технологиялық мәселелерді шешумен байланысты.

    Селективті тәртіп
  • Машина мен механизмдердің теориясы
    Несиелер: 5

    Жалпы инженерлік пән. Жалпы ғылыми және жалпы инженерлік пәндерді байланыстыратын маңызды рөл атқарады. Теориялық механика, материалдар кедергісі және машина бөлшектері курстары мен бірге жалпы машина жасауды қамтамасыз ететін және машина жасаудағы инженерлік білім негізін қалайтын пәндер тобын құрайды.

  • Жаңартпашылық қызымет негіздері және бәсекеге қабілеттілік
    Несиелер: 5

    Инновациялар, негізгі ұғымдар, инновациялардың түрлері, олардың жіктелуі. Инновациялық қызмет, қызмет түрлері, мемлекеттік қолдау. Бәсекелестік, ұғым, түрлері, жіктелуі. Бәсекелестік артықшылықтарды қамтамасыз ету, әдістері мен тәсілдері, олардың сипаттамасы. Бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету саласындағы нормативтік-құқықтық реттеу

    Селективті тәртіп
  • Экология негіздері және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Тірі ағзалардың, оның ішінде адамның тіршілік ортамен өзара қарым-қатынасын, қоршаған ортаға адам қоғамының әсер ету ауқымы мен әсер етудің рұқсат етілген шектерін, оларды азайту мүмкіндігін зерттейді. Бұл адамзаттың өмір сүруі және ғаламшарлық ауқымға ие болатын экологиялық дағдарыстан шығу туралы ғылым. Бұл ретте шешуші рөл экологиялық білім алады.

    Селективті тәртіп
  • Сұйықтар мен газдар механикасы, гидро-және пневможетек
    Несиелер: 5

    Техникалық Гидромеханика негіздері; тұтас орта үлгілері; Гидростатика негіздері; сұйықтар мен газдардың қозғалыс және тепе - теңдік заңдары; гидродинамикалық ұқсастық; жергілікті гидравликалық кедергілер; тесіктер мен саптамалар арқылы сұйықтық пен газдың өтуі; гидро және пневможетек негіздері: құрылымы және типтік схемалар, негізгі энергетикалық қатынастар; гидро және пневмоаппаратура; олардың жіктелуі, тағайындалуы және қолданылуы.

    Селективті тәртіп
  • Теориялық механика
    Несиелер: 5

    Маңызды жалпы білім беру пәні, оның мақсаты болашақ мамандарға тепе-теңдік және практикада кездесетін түрлі механизмдердің қозғалысы туралы негізгі түсініктер беру болып табылады. Бұл курс әр түрлі тетіктердің тепе-теңдік және қозғалысының негізгі ұғымдарын, тәжірибеде кездесетін тетіктердің байланыстарының қозғалуын кинематикалық және динамикалық зерттеуді қарастырады.

  • Стандарттау, сертификаттау және техникалық өлшемдер
    Несиелер: 5

    Машина бөлшектерінің типтік байланысуын құру кезіндегі жүйесі, машина құрастыру кезіндегі бөлшектердің геометриялық параметрлерінен ауытқу шамаларын және дәлдігін қабылдау негіздері, олардың қолданыс шарттарын ескеру, стандарттаудың негіздерін, әдістері мен ұстанымдарын және нормативті-техникалық құжаттармен жұмыс істеу , бөлшектердің геометриялық параметрлерін өлшеп, өлшеу нәтижесі бойынша олардың жарамдылықтарын анықтау, отырғызу есептерін санау, таңдау, сызуда белгілеу.

    Селективті тәртіп
  • Тау-кен жұмыстарының технологиясы
    Несиелер: 5

    Кенді және кенсіз пайдалы қазбаларды жерасты игеру технологиясы пәні кенорнын қазу жүйелерімен, жобалау реті және жоба жұмыстарын ұйымдастыру, кенорнын жобалау кезеңдері және Қазақстан Республикасының экономикасындағы пайдалы қазбалардың ролін оқыту, кен өндіру кәсіпорындары туралы негізгі ұғымдармен таныстырудан тұрады.

  • Материалдар кедергісі
    Несиелер: 3

    Конструкцияларды, машиналар мен механизмдерді жобалаумен тығыз байланысты физика-математика пәндерінің ең маңызды іргелі пәндерінің бірі болып табылады. Тепе-теңдік тұрақтылығы, инженерияда кездесетін тетіктердің құрамдас бөліктерінің кинематикалық және динамикалық сипаттамаларын анықтау үшін есептеулер саласында өндіріс қызметіне мамандарды дайындау.

    Селективті тәртіп
  • Технологиялық машиналарды жинақтау және пайдалану
    Несиелер: 5

    Пайдалану жабдығын монтаждау бойынша жалпы мәліметтер. Жабдықты тасымалдау. Технологиялық машиналар мен жабдықтарды құрастыру әдістері мен ұйымдастыру формалары. Жабдықтар үшін іргетастар мен негіздер салу. Технологиялық жабдықтарды монтаждау. Монтаждау жұмыстарында қолданылатын құралдар мен аспаптар. Механизация құралдары. Технологиялық машиналар мен жабдықтардың жұмыс шарттары. Пайдалану жүйесі. Технологиялық жабдықтарды монтаждау және пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

  • Машина жасаудың техникалық негіздері
    Несиелер: 5

    Машина жасаудың негізгі принциптері сипатталған. Машиналарды жалпы жобалау мәселелері, сондай-ақ математикалық және физикалық моделдеу негізінде олардың агрегаттары мен жүйелерін есептеу әдістері қарастырылған.

    Селективті тәртіп
  • Машина жасаудың теориялық негіздері
    Несиелер: 5

    Машиналарын жасаудың жалпы сұрақтары. Машиналарды құрастырудың негізгі принциптері мен әдістемесі. Конструкторлық құжаттама. Стандарттау және машина жасау. Жаңа машина жасауда көркемдік құрастыру, эргономика және еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету. Конструктор жұмысындағы өнертапқыштық пен оңтайландыу мәселесі. Ғылыми зерттеу негіздері. Құрылымдық әзірлемелер деңгейін жоғарылату.

    Селективті тәртіп
  • Технологиялық машиналарды жөндеу
    Несиелер: 5

    Технологиялық машиналар мен жабдықтардың жұмыс істеу шарттары. Жабдықтардың тозу түрлері. Істен шығуды тексеру әдістері. Машиналардың бөлшектерінде ақауларды байқау әдістері. Жөндеуді ұйымдастыру. Жөндеуді инженерлік қамтамасыз ету. Жөндеу технологиясы және механикаландыру. Технологиялық машиналар мен жабдықтарды жөндеу өндірісі. Жөндеуге қажетті пайдалану материалдарын өндіру және сақтау.

  • Машиналық сызба
    Несиелер: 5

    Компас-3D бағдарламасын меңгеруге бағытталған, осы бағдарламаны оқығаннан кейін студент түрлі тақырыптағы сызбаларды сызып, бірге жүретін құжаттарды жасай алады, сондай-ақ әртүрлі жобаларды жасау үдерісін автоматтандыру мүмкіндігін компоненттерді: үш өлшемді қатты денені модельдеу жүйесін, «Компас-График» әмбебап автоматтандырылған жобалау жүйесін және құжаттама жасау модулін пайдалана отырып меңгереді.

  • Электр жабдықтары және электр жетегі
    Несиелер: 5

    Әртүрлі жұмыс режимдері үшін электр қозғалтқыштарының жіктелуі, теориялық негіздері, құрылысы және жұмыс істеу принципі, оларды таңдау. Электр жабдықтарының авариялық жұмыс режимдері, басқару және қорғау аппаратурасының құрылымы, жұмыс принциптері және таңдау. Әртүрлі механизмдер мен жабдықтарға арналған электржетектер жүйелерін есептеу және жобалау.

    Селективті тәртіп
  • Кәсіпкерлік және бизнестің құқықтық негіздері
    Несиелер: 5

    Бәсекелестік ортада кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру, кәсіпкерліктің негізгі түрлері мен ұйымдық нысандары: бизнес-жоспарлау, кадрлық қамтамасыз ету, қаржыландыру, кәсіпкерлік тәуекелдері оқытылады; сонымен қатар студенттерде бизнестің құқықтық негіздері, оның ұйымдастырушылық және функционалдық бастаулары туралы кешенді түсініктер қалыптастырылады.

  • Тау-кен-механикалық жабдықтар
    Несиелер: 5

    Тау-кен жабдықтарының жіктелуі. Тау-кен жабдықтарын қауіпсіз пайдалануды техникалық бақылау жүйесі. Тау-кен жабдықтарының – міндеті, құрылымы, негізгі көрсеткіштері. Тау-кен жабдықтарының механизмдері. Құрылымдық сызбалары. Негізгі көрсеткіштері. Есептеу негіздері. Қауіпсіздік құралдары. Өнімділікті есептеу. Құрылыс мұнаралы крандар. Уатқыштар. Диірмендер. Сұрыптағыш машиналары. Мөлшерлегіш машиналары - құрылымы, типтері, негізгі көрсеткіштер, қолдану аймағы.

    Селективті тәртіп
  • Кәсіпорын экономикасы
    Несиелер: 5

    Кәсіпорын экономикасы туралы білу мамандардың құзыреттілігінің, олардың кәсіпорынның экономикалық даму бағытын анықтау қабілетілігінің негізі болып табылады. Бәсекелестік нарықтық ортадағы кәсіпорындардың қызметі, шектеулі ресурстар шартында тиімді басқару шешімдерін әзірлеу және қабылдау үрдістері зерделенеді. Білім алушылар негізгі және айналым қаражаттары, кадрлық әлеует, еңбекақы төлеу жүйелері, өзіндік құн, қаржылық көрсеткіштер және инвестицияларды бағалау туралы білімді меңгереді.

  • КТМ металлқұрылымдарын жобалау
    Несиелер: 5

    Металл конструкциялардың істен шығу түрлері және олардың пайда болу себептері. Инженерлік есептеу жүйелері. Есептеу әдістемелерін құру принциптері. Жұмыс және жүктеме режимдерін жүйелеу. Есептеу жүктемелері. Көтергіш конструкциялардың беріктігін есептеудің жалпы ережелері. Есептеу үшін кернеулер. Беріктікке есептер. Металл конструкциялар үшін пайдаланылатын Болат. Арқалықтар мен рамалар. Ферма. Металл конструкцияларды қауіпсіз пайдалануды инженерлік қамтамасыз ету.

    Селективті тәртіп
  • Инженерлік графика
    Несиелер: 5

    "Инженерлік графика" курсын оқыту негізгі мақсаты: студенттердің Жобалық іс-әрекетінде қажетті кеңістіктік түсінігі мен қиялын дамыту, проекционды және демонстрациялық сызбаларда геометриялық құрылымдар көмегімен құрастыру қабілетін ынталандыру.

  • Көтеру қондырғылары
    Несиелер: 5

    Шахталық көтергіш қондырғылардың схемалары. Скипті және клетті қондырғылар. Ұңғымалық көтергіш қондырғылар. Көтергіш ыдыстар, бағыттаушы, аспалы және парашюттік құрылғылар. Көтергіш арқандар. Көтергіш машиналар. Тұрақты және айнымалы радиустың орау органдары. Копры. Бағыттаушы және ауытқушы шкивтер. Көтеру жүйелерін теңестіру. Көтеру жүйелерінің кинематикасы мен динамикасын есептеу. Жетектер. Тежегіш құрылғылары. Атқарушы орган. Көтергіш қондырғыларды пайдалану.

    Селективті тәртіп
  • Материалтану және конструкциялық материалдар технологиясы
    Несиелер: 5

    Машинажасау және басқа техника саласындағы өндірістерде жиі қолданылатын қара және түсті металл негізді қорытпаларды (болат, шойын және жез, қола, силумин, дуралюмигний) өндіру тәсілдері, оларды термиялық, механикалық өңдеу түрлері, металл емес материалдар. Негізгі конструкциялық материалдарды технологиялық өңдеу (құю, пісіру, қысыммен өңдеу, кесіп өңдеу) тәсілдері арқылы әртүрлі тетіктер мен бұйымдарға қажетті пішіндер беру жолдары.

    Селективті тәртіп
  • Кәсіпорын үдерісін автоматтандыру негіздері
    Несиелер: 5

    Функция, жұмыс уақыты, ТП АБЖ құрылымы. Аумақ идентификациясы. Аналитикалық және экперименталды модельдеудің зерттеу түрі. ТП АБЖ негізгі есептеудің алгоритмі.

    Селективті тәртіп
  • Сутөкпе, желдетпе және сығылма-ауалық қондырғылар
    Несиелер: 5

    Сутөкпе, желдеткіш және сығылма-ауалық қондырғылар» курсын бітіргеннен кейін студент сутөкпе, желдеткіш және сығылма-ауалық қондырғыларының негізгі анықтамаларын, қағидаларын, есептеу тәртібін және ерекшеліктерін, таңдауды және жобалауды білуі қажет. Студент теориялық білімін тәжірибелік сабақта бекітіп; сутөкпе желдеткіш және сығылма-ауалық қондырғыларының тиімділігін арттыру мақсатымен инженерлік-қолданбалы есептеулерді және техникалық өлшемдерді орындайды, техника-экономикалық және басқару шешімдерін қабылдайды.

    Селективті тәртіп
  • Математика 1
    Несиелер: 4

    "Математика 1" пәні келесі бөлімдерден тұрады: сызықты және векторлық Алгебра элементтері, Аналитикалық геометрия элементтері, математикалық талдауға кіріспе; бір айнымалының функциясын дифференциалдық есептеу және олардың қосымшалары, бірнеше айнымалының функциясын дифференциалдық есептеу және олардың қосымшалары. Есептеудің жаңа техникалық әдістері ғылымның кез келген саласына қатысты математикалық зерттеулерді пайдалануға және шешімді практикалық қолдануға жеткізуге мүмкіндік береді.

  • Механика
    Несиелер: 3

    Основные понятия о равновесии и движении различных механизмов, встречающихся на практике. Формирование инженерного мышления будущего специалиста, способствует установлению связи между прикладными науками, физикой и математикой. Основные понятия о равновесии и движении различных механизмов, кинематическое и динамическое исследование движения звеньев механизмов, встречающихся в практической деятельности.

    Селективті тәртіп
  • Гидравлика және гидропневможетек
    Несиелер: 5

    Гидравлика: сұйықтар мен газдардың негізгі физикалық қасиеттері; заңдары мен теңдеулері; құбырларды есептеу. Пневможетек, пневматикалық атқарушы құрылғылар, бөлу және реттеу аппаратурасы, көлік-технологиялық машиналардың пневможетектері, пневмоавтоматика құралдары. Гидрожетек: гидравликалық машиналар және берілістер; гидрохабарларды есептеу және жобалау әдістемесі; гидравликалық және пневматикалық беріліс схемаларын жасау

    Селективті тәртіп
  • Еңбекті қорғау
    Несиелер: 3

    Еңбек қорғау пәні қолданбалы техникалық ғылым болып табылады, ол өндірістік қауіптіліктер мен кәсіптік зияндылықтарды айқындайды және зерделейді және өндірістік жарақаттанушылықты және жұмыскерлердің кәсіптік ауыруын, апаттар мен өрттерді жою мақсатымен оларды болдырмау немесе әлсірету әдістерін әзірлейді

  • Көтеріп-тасымалдау машиналары
    Несиелер: 5

    Көтергіш-көлік машиналарының конструкциялары, олардың әрекет ету принциптері, қолдану саласы қарастырылды. Көтергіш-көлік механизмдерін таңдау, есептеу және құрастыру негіздері келтірілген. Жүктерді көтеру мен тасымалдаудың өндірістік процестерін кешенді механикаландыру және автоматтандыру мәселелеріне көңіл бөлінген

    Селективті тәртіп
  • Жаңартпашылық қызметінің негіздері және патенттану
    Несиелер: 5

    Инновациялар, негізгі ұғымдар, инновациялардың түрлері, олардың жіктелуі. Инновациялық қызмет, қызмет түрлері, мемлекеттік қолдау. Патенттер, түрлері, жіктелуі, зияткерлік меншік объектілері және патент қабілеттілігі, авторлық және патенттік құқықтар саласындағы құқықтық қатынастар.

    Селективті тәртіп
  • Математика 2
    Несиелер: 4

    "Математика 2" пәні келесі бөлімдерден тұрады: бір айнымалы функцияны интегралды есептеу; еселі интегралдар; дифференциалдық теңдеулер. Негізделген математикалық қорытындылар әдістердің жеткілікті ортақтығын, қосымшалардың кеңдігін және математиканың негізгі бөлімдерінің нарықтық экономиканың барлық салаларына терең өзара енуін қамтамасыз етеді.

  • Электр жетегі және автоматтандыру
    Несиелер: 5

    Электр жетегі және автоматтандыру " - бұл күш жабдықтарының интеграторы (электр машинасы, жартылай өткізгіш түрлендіргіш және т.б.); техникалық басқару құралдары (микроконтроллерлер), автоматтандыру құралдары (өнеркәсіптік компьютер және т. б.) және технологиялық машиналар мен жабдықтардың мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуі.

    Селективті тәртіп
  • Тасымалдау машиналары және жабдықтары
    Несиелер: 5

    Көлік кешендері. Көлік схемалары. Жүк ағындарының динамикасы. Машиналардың негізгі параметрлері. Өнімділікті анықтау. Қозғалысқа кедергі, тарту күші, жетек қуаты, электр энергиясының шығыны. Конвейерлердің құрылысы. Рельстік жолдар, олардың элементтері, құрылысы, жолдардың негізгі параметрлері. Вагоншалар. Локомотивтер. Электровоз түрлері. Өздігінен жүретін көлік құралдарының жіктелуі және қолданылу саласы. Өздігінен жүретін вагондар. Скреперлік қондырғылар. Гравитациялық көлік теориясы.

    Селективті тәртіп
  • Стационарлы қондырғылар
    Несиелер: 5

    Шахталық көтергіштер. Көтергіш қондырғылардың механикалық бөлігі. Турбомашиналар. Сыртқы желінің сипаттамалары. Желдеткіштер. Ауаны баптау және калориферлік қондырғылар. Сорғы станциялары. Сутөкпе қондырғыларының жабдықтары. Ортадан тепкіш сорғылар. Сорғылардың электр жабдықтары. Поршеньді, бұрандалы, пластиналы және турбокомпрессорлардың жұмыс ерекшеліктері, конструкциясы және қолданылу саласы. Желдеткіш қондырғыларын пайдалану және жобалау негіздері. су төгетін қондырғылар. пневматикалық қондырғылар.

    Селективті тәртіп
  • Машина жасау өндірісінің технологиялык процесстері
    Несиелер: 5

    Машина жасау және басқа техника саласындағы өндірістерде жиі қолданылатын қара және түсті металл негізді қорытпаларды (болат, шойын және жез, қола, силумин, дуралюмигний) өндіру тәсілдері, оларды термиялық, механикалық өңдеу түрлері қаралып, металл емес материалдар. Негізгі конструкциялық материалдарды технологиялық өңдеу (құю, пісіру, қысыммен өңдеу, кесіп өңдеу) тәсілдері арқылы әртүрлі тетіктер мен бұйымдарға қажетті пішіндер беру жолдары.

  • Машина бөлшектері
    Несиелер: 5

    Машиналар мен механизмдерді жобалаудың негіздері. Бөлек механизмдердің жұмыс принциптері, олардың машинадағы өз-аралық қарым-қатынастары, берілген жұмыс шарттары бойынша механизмдердің лайықты параметрлері табу, машиналардың ұзақ уақыттық жұмыс қабілеттерін және сенімділігін көтеру үшін жасалған әрекеттерді, машиналар мен механизмдердің техникалық күтімін орындауды анық білу үшін алдымен машиналардың бөлшектері мен тораптарының негізгі түрлерін, олардың беріктіктік қасиеттерін үйрету.

    Селективті тәртіп
  • Металл құрылымдарын жобалау
    Несиелер: 5

    Траспорттық техниканың, жол-құрылыс және көтергіш-көлік машиналарының металл құрылымдарын жобалау негіздері. Металл конструкциялардың типтік конструкциялары. Салмақ пен құн өлшемдері негізінде көтергіш металл конструкциялардың үнемді нұсқасын таңдау бойынша міндет қою

    Селективті тәртіп
  • Метрология, стандарттау және өзара ауыстырымдылық негіздері
    Несиелер: 5

    Стандарттаудың анықтамасы мен ролі, өнімнің сапасы мен тауар шығарудың дамуындағы метрология. Өзара ауысымдылық, оның түрлері - толық, толық емес, ішкі, сыртқы, функционалдық.

    Селективті тәртіп
  • Электр техникасы
    Несиелер: 3

    Тұрақты токтың электрлік тізбегі. Кирхгоф заңы. Ом заңы. сызықты электр тізбегін есептеу тәсілі. Бір фазалы синусоидалы токтың электрлік тізбегі. Айналмалы синусоидалы электр тізбектері. Синусоидалы токтың сызықты электр тізбегіндегі символикалық есептеу тәсілі. Ток және кернеудің векторлық диаграммалары. Үш фазалы электр тізбегі. Қабылдағыштың фазалары және генератор орамдарының фазаларының қосылу тәсілі.

    Селективті тәртіп
  • Тау-кен машиналары
    Несиелер: 5

    «Тау-кен машиналары және жабдықтар» курсын бітіргеннен кейін студент тау-кен машиналарының негізгі анықтамаларын, қағидаларын, есептеу тәртібін және ерекшеліктерін, таңдауды және жобалауды білуі қажет. Студент теориялық білімін тәжірибелік сабақта бекітіп; тау-кен техникасының тиімділігін арттыру мақсатымен инженерлік-қолданбалы есептеулерді және техникалық өлшемдерді орындайды, техника-экономикалық және басқару шешімдерін қабылдайды.

    Селективті тәртіп
  • Физика
    Несиелер: 4

    Физика материя қозғалысының жалпы түрлерін зерттейді. Бірінші бөлім материалдық нүкте мен қатты дененің кинематикасы мен динамикасына арналған. Үшінші - Электростатика, тұрақты ток және электрмагнетизм. Төртінші - тұрақсыз болып тұр және толқындармен. Бесінші-геометриялық және толқындық оптика. Келесі-кванттық Жарық теориясының элементтері және кванттық механика. Жетінші-Атом және атом ядросының физикасы.

  • Электротехника және электроника негіздері
    Несиелер: 3

    Жалпы электротехника және электроника саласында студентті фундаментальды дайындау; электр энергиясын алу, беру және түрлендіру өзекті мәселелерімен, автоматты басқару сұлбаларында қолданылатын электр жетегі және қазіргі заманғы электрондық база бойынша базалық қағидалармен, кәсіби терминологияның дағдылары мен ұғымдарымен танысу.

    Селективті тәртіп
  • Іргелі және қолданбалы экономика негіздері
    Несиелер: 5

    Экономикалық ғылым әлемдегі жаһандық экономикалық үрдістерден бастап, адамның экономикалық өміріне дейінгі адам қызметінің барлық бағыттарын қамтиды. Сондықтан білімнің негізі аумағы ерекшеленеді. Қолданбалы экономика өмірдің тәжірибелік бөлігіне жатады. Әрбір жеке тұлға, өз ортасында жұмыс істейді, шаруашылық үрдісті өз жағында қарастыруды үйренеді, дағдылана отырып өз жолын экономикалық жүйеде табады

    Селективті тәртіп
  • Пайдалану материалдары
    Несиелер: 5

    Пән автомобильді пайдалану материалдарының (отындар, майлар, майлаулар, техникалық сұйықтықтар, лак-бояу, резеңке-техникалық және басқа да полимерлік материалдар) құрамы мен физикалық-химиялық қасиеттерін, олардың сыртқы факторлардың әсерінен өзгеруінің заңдылықтарын, олардың автомобиль тораптары мен агрегаттарының жұмыс тиімділігіне әсерін зерттейді, сондай-ақ пайдалану материалдарын алудың, өңдеудің, сақтаудың және кәдеге жаратудың заманауи және перспективалық технологиялық тәсілдерін қарастырады.

  • Кәсіпорынның үдерісін автоматтандыру
    Несиелер: 5

    Функция, жұмыс уақыты, ТП АБЖ құрылымы. Аумақ идентификациясы. Аналитикалық және экперименталды модельдеудің зерттеу түрі. ТП АБЖ негізгі есептеудің алгоритмі. ТП АБЖ техникалық құралдары. Реттеуіштердің әр түрлілігі және олардың реттеу жүйесінде қолданылуы.Орындайтын құрылғы және реттеу органы. ЭВМ нің ТП АБЖ да қолданылуы. Стандартты интерфейсі.

    Селективті тәртіп
  • Адалдық пен жемқорлыққа қарсы мәдениет
    Несиелер: 5

    Бұл пән студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың, адалдықтың, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлық пен жемқорлыққа қарсы әрекет етудің заманауи білімдерінің кешенді көзқарастарын қалыптастырады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен мәдениет қағидаттарына негізделген жеке тұлғаның құқықтық мәдениетін дамытуға бағытталған

    Селективті тәртіп
  • Код ON1

    Демонстрировать знания, способствующие формированию целостной личности в экономико-правовой среде и повышению ответственности индивида.

  • Код ON2

    Процестерді талдау және заңдылықтарды анықтау.

  • Код ON3

    Конструкциялық материалдардың қасиеттерін және еңбек қауіпсіздігін ескере отырып оларды түрлендірудің технологиялық әдістерін бағалау.

  • Код ON4

    Машина жасау кезінде инженерлік графиканың дағдылары мен іскерліктерін қолдану.

  • Код ON5

    Технологиялық машиналар мен жабдықтардың электр жүйелерінің, осы машиналардың қатысуымен процестерді автоматтандырудың жұмыс принципін түсіну.

  • Код ON6

    Технологиялық машиналардың және жабдықтардың тиімділігін бағалау.

  • Код ON7

    Технологиялық машиналарды және жабдықтарды жобалай білу.

  • Код ON8

    Технологиялық машиналарды және жабдықтарды қолдана білу және оларды пайдалануды қамтамасыз ету.

  • Код ON9

    Технологиялық машиналар мен жабдықтар үшін пайдалану материалдарын қолдану тиімділігін бағалау.

Top