Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02125 Сән өнері в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

  • Түрік (қазақ) тілі – (Деңгей 1)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттерге түрік тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылымы туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру және артикуляция, интонация ережелерін үйрету. Тілдік қызметтің төрт негізгі формаларында (сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу) қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Өнер тарихы
    Несиелер: 4

    Өнер тарихы пәнінің негізгі міндеті, көркем шығарманы толық мәнді қабылдай алатын және шығармашыл дизайн мамандарын антикалық, классикалық, жаңа кезең өнері тарихының теориялық негіздерімен тереңірек таныстыру. Пәнді зерттеу барысында студенттер әлемдік өнер дамуының хронологиялық мәліметтеріне бейімделе алады. Өнердің тариы туралы стильдік бағыттарды анықтайды, өнерде негізгі стильдердің белгілеуінде қабылданған терминологияларды игереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Композиция негіздері
    Несиелер: 4

    Көлемді композицияны құру негіздері. Өнеркәсіптік дизайнның формасындағы композицияның заңдылықтары, ережелері мен тәсілдері, композицияның спецификалық ерекшеліктері. Визуалды дизайнды жасау және түзету. Композициялық-көркемдік форманың барлық күрделілігіндегі, алуан түрлілігі мен тұтастығының негіздері. Барынша мәнерлілік кезінде көркем құралдарды ақылға қонымды үнемдеуді ескере отырып композицияны жобалау және құру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Академиялық кескіндеме І
    Несиелер: 4

    Академиялық кескіндеме І пәні акварель және гуашь техникаларында орындаудың білімдерін меңгеру және практикалық іскерліктеріне дағдылану. Кескіндеменің теориялық негіздерін: композиция, перспектива, пропорциялық қатынас, жылы және суық түс заңдылықтарын техникалық тәсілдерін игеру, өз білімін тәжірибе жүзінде қолдану. Натюрморт жанрындағы картинаның кеңістігін көрсету, кескіндеме әдістерін меңгеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық ұстанымды жүйелі түрде білу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру, күнделікті білім беру қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністерін қабылдауға сыни көзқараспен сыбайлас жемқорлық көріністері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерге ықпал ететін факторлар туралы жалпы кешенді білімді меңгеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Академиялық сурет І.
    Несиелер: 4

    Академиялық сурет І пәнінің бағдарламасының тақырыптары студенттердің заттың көлемінің үш өлшемдік пішінін, жазықтық бетіне түрлендіріп кескіндеу, әдістерін меңгеруге бағытталған. Семестрдің басында сурет тапсырмалары қарапайым геометриялық денелердің пішінін меңгеруге арналады, келесі тапсырмаларда студент тұрмыстық заттардан тұратын, тақырыптық натюрморттарды, әр түрлі графикалық материалдарда, сурет салудың әдіс-тәсілдерін меңгеруді үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Түрік (қазақ) тілі – (Деңгей 2)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттердің түрік тілінің грамматикалық құрылымы туралы білімдерін қалыптастыру, грамматикалық ережелерді үйрету, жазбаша тапсырмаларды орындау дағдыларын дамыту. Студенттердің белсенді және пассивті сөздік қорын кеңейту. Пән түрік тілінде күрделі сөйлемдерді қалыптастыруға бағытталған; түрлі тақырыптарда күрделі мәтіндерді қолдана отырып, түрік тілін меңгеруге бағытталған. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Кәсіби цифрлық технологиялар
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар түрлерін, ақпаратты қорғаудың теориялық негіздерін, ақпаратты алудың, сақтаудың, өңдеудің негізгі әдістерін, тәсілдерін, заманауи компьютерлік және ақпараттық технологиялар құралдарын меңгеру кәсіби қызмет құралы ретінде компьютермен жұмыс істеу дағдылары меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Академиялық сурет ІІ
    Несиелер: 4

    Академиялық сурет ІІ пәнінің тақырыптары студенттерге адам басының құрылысын сауатты түсіну және бейнелеуді оқытуға бағытталған. Семестрдің басында бастың үлкен пішінін айқындау үшін гипістен жасалған шақпақталған адам басының үлгісінің және беттің бөлшектерінің суреттерін орындайды, одан кейін әр түрлі материалдарда антикалық бастардың бейнелерін салады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ясауитану
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты діни және сопылық қайнар көздерден алынған ясауилік ілімінің мәнін сипаттау және бағалау қабілеттерін қалыптастыру. Оқу курсы сопылық терминдер мен категориялардың мәнін, олардың метафоралығын түсінудің теориялық және әдіснамалық негізін, Қожа Ахмет Ясауидің «Дивани Хикмет» шығармасының сопылық мәнін талдауға және бағалауға, оның мәдени-рухани әлеуетін анықтауға қолдана білуді қалыптастырады. Пән ұлы сопы-ойшыл Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармашылығын зерделеуге, оның дүниетанымы мен хикметтерді түсіндіруді жүйелеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ата-түрік принциптері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - түркі тілдес елдерінің жастарын қазіргі заманғы жоғары білікті маман ретінде дайындау бағытында түркі әлемінде ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында орын алған Осман империясының тарихы мен маңызын көрсетуге бағытталады. Империяның құлауы мен өз жалғасын тапқан түрік ұлтының тәуелсіздік үшін күресі және мемлекеттің құрушысы Мұстафа Кемал Ататүріктің принциптері пәннің мазмұнын құрайды. Түрік ұлтының басшысы ретінде Мұстафа Кемалдың мемлекетке байланысты ұстанған принциптерін түсіндіру көзделеді. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Академиялық кескіндеме ІІ
    Несиелер: 4

    Академиялық кескіндеме II студенттің кескіндеме негіздерін игеруі, оның көркем шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, өзіне тән жазу ерекшелігін қалыптастыру, акварельді және гуашь кескіндеменің техникасы мен технологиясын меңгереді, одан әрі кәсіби білімдерін іскерлік, дағдылар деңгейіне дейін игеру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Түркі мемлекеттер тарихы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - түркі тілдес елдерінің жастарынан қазіргі заманғы жоғары білікті мамандарды дайындау үшін өзінің төл тарихы мен мәдениетін, тарихи ерекшелігін ұғып білуді, сондай-ақ, жаһандану процесінде ұлттық болмысын сақтауда қажетті біліммен қаруландыруды көздейді. Түркі халқының этногенезі мен этникалық тарихын, мемлекетінің пайда болуы және оның өркендеуі, түркі халқының әлем халықтар ортасында орны, олардың дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесі және қазақ мемлекетінің келешегі жөніндегі көкейтесті мәселелерді қарастырады. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Көшбасшылық теориясы
    Несиелер: 5

    Ғылымдағы лидерлік туралы әдебиеттерді шығармашылық тұрғыдан талдайды, қоғамда өмір сүрген көшбасшылардың өмір деректері мен көзқарастарын талдайды. Кәсіптік қызметінде азаматтық, төзімділік секілді ұстанымдар негізінде оң бағыттағы коммуникативті дағдыларды, лидер мен қызметкер арасындағы қатынасты, субординацияны сақтау мәдениетін қалыптастырады. Қоғамдық нормаларға негізделетін әлеуметтік-этикалық құндылықтарды біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - экономиканы оқудың теориялық негіздерін, кәсіпкерлік, кәсіпкердің іс-әрекеттері, кәсіпкерлік істің түрлері, ұйымдастыру әдістері, тактикасы, стратегиясы, кәсіпкерлік бәсекелестік, тәуекел мен бизнес білімін, бизнес-жоспардың құрылымын, мазмұнын және ұлттық экономиканың салаларында бәсекені күшейту жағдайындағы кәсіпкерліктің және бизнес–жоспарды құрудың теориялық, әдістемелік және тәжірибелік негіздері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - қазіргі саяси, экономикалық, күнделікті-тұрмыстық, қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени байланыс, барлық ғылым саласы мен мемлекеттік басқарушы органдардағы терминологиялық және арнайы лексиканы, сондай-ақ іскер хаттар жазысу ережелерін, шарттар мен келісім жасай білуге және іскерлік қарым-қатынаста сөйлеуге қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Өндіріс технологиясы І
    Несиелер: 4

    «Өндіріс технологиясы І» пәні қазақ халқының ұлттық қолөнерінің негізгі түрлерін, заңдылықтарын, жасалу технологиясы мен өңдеу әдістерін үйренуге, шығармашылық әдістерге бағытталған.Ұлттық қолөнер бұйымдарын технологиялық жұмыстарына сәйкес жасайды. Ұлттық қолөнер туындыларын материалдық және рухани құндылық ретінде қарайды. Өзінің іс-әрекетін ұйымдастыруды жобалайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - экологиялық танымды қалыптастыра отырып, адамның тіршілік ету ортасымен арасындағы жарақатсыз қауіпсіздікке студенттерді дағдыландыру. Курста қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың заманауи тәсілдері бойынша теориялық және практикалық білімді қалыптастыра отырып, апаттардан және дүлей зілзалалардан, қарсыластың жою құралдарынан қорғану мақсатында халықты қорғаудың әдістері мен құтқару жұмыстарын ұйымдастыру қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Жобалау I.
    Несиелер: 3

    Жобалау І пәннің мақсаты болашақ сәндік қолданбалы өнері суретшілердің эскиздерін, жобаларын кәсіби дағдыларын, композициялық жобалау эргономикасын заманауи талаптарына сай шығармашылық жұмыстармен атқарады. Жобалау І пәні жабық және ашық композициялардан құралып, жобалау пәнін тұжырымдайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Түс тану
    Несиелер: 3

    Түстану теориясы, оның мақсаттары және міндеттері, түстану заңдылықтары, оларды көркем шығармада қолдану тәсілдерімен таныстыру, түстер гаммасы мен ритмикасы, студенттердің түстану бойынша өзіндік жұмысының сипаты, басқа пәндермен байланысы. Пәнді зерттеу барысында студенттер түс үйлесімдерін құрудың заңдары мен ережелерін зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Өндіріс технологиясы ІІ
    Несиелер: 4

    «Өндіріс технологиясы ІІ» пәннің мақсаты композицияларды құрап, бұйымдардың жобалауын түрлі материалда орындай білу. Технологияның кезекпен-кезек орындауылын меңгере отырып, аралас техникада композициялық жұмыстарды құрастыра білу. Оюлы композициядан жұмыс жасап және орындаудың жаңаша қырларын көрсете білуді үйрену.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Технология негіздері І
    Несиелер: 3

    «Технология негіздері І» пәннің мақсаты суреттеп тоқу арқылы гобелен, батик т.б текстильді заттардан оюлы композициялық шешімдерін бағытпен үйлесе отырып жасау.Бұйым қандай түрде болатынын елестете білу керек. Текстильді заттарды дайындаудың композициялық теориясын жақсы білуді, жұмысқа шығармашылық көзбен қарауды талап етеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Матаны сәндеу
    Несиелер: 5

    Материалдың жеке және сәндік қасиеттері турасында білімге ие болып, жіп,станок, мата, бояу, жүн, тері, және т.б. қосымша материалдарды көркем өңдеу әдістерін әрі сәндеу тәсілдерін материалдардың технологиалық және сәндік қасиеттерін тиімді пайдалана отырып шығармашылық жұмыстарын шыңдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Материалмен жұмыс
    Несиелер: 5

    «Материалмен жұмыс» пәні тоқыма үлгісінің эскиздік жобасын түрлі техникалық құрал арқылы орындау ғана емес, соны- мен қатар киім үлгісінің жаңа, сән бағытына сай пішімдерін көркем жобалаудың іздену әдісі арқылы табу. Материалдардың түрлері сан алуан болуына орай оларды тануға үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Өндірістік оқыту I
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты тоқымалық өрімдерді құрудың жалпы заңдарымен тоқыма құрылымын талдауды меңгеру. Қиыстырылған өрімдер негізінде жаңа күрделі және ірі өрнекті өрімдерді құрастыру. Өндірістік оқытуда көркемдеп безендіруін дамытуда сәндік тенденциялар мен бағыттарды болжаумен байланыстырады. Тоқыма ою-өрнектеу тілі осы өнердің сипаттамалық стилистикалық белгілерін көрсетеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жобалау ІІ
    Несиелер: 5

    Жобалау ІІ бағыты - суреттеп тоқу курсы бойынша мамандар дайындаудың негізгі бағыты болып есептеледі. Композицияның және оюлы композицияның қорытындылау бөлімі болып есептеледі. Композицияның өнер туындысының барлық элементтерінің құраушысы,бейнелік мазмұны бар біртұтас бөлім. Оюлы композиция-барлық элементтер жиынтығы мен мазмұны бар, бүтін бір бөлікті құрайды.Творчестволық ой мен композиция жұмыс уақытында негізгі ойды ашады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Арнайы сурет
    Несиелер: 5

    Арнайы сурет пәні шығармашылық және композициялық жұмыстарында тұтастықтың қалыптасуын болжайды және студенттердің көркем-образдық ойын өсіреді, шығармашылық ізденістерін дамытады. Оқу кезенде студент көркем-сурет тілдерінің маңызды және негізгі жақтарымен таныса отырып, кескіндік бейнелеу заңдылықтары, композициялық ойлау қабілеті, эмоционалды-қамту жүйесі туралы білім алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Компьютерлік дизайн І
    Несиелер: 5

    Компьютерлік дизайн І бағдарламасы Adobe Photoshop және Corel DRAW графикалық редакторларында жұмыс жасауға арналған. Осы бағдарламалар бойынша алған білімдерін қолдана отырып сән және дизайн маманы ретінде қарапайым нысандарды жобалайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Былғарыны өңдеу техникасы
    Несиелер: 5

    Былғарыны өңдеу техникасы пәні сәндік-қолданбалы өнердің бір саласы. Тұрмыстық және сәндік мақсатта қолданылатын заттарды дайындау. Тоқыма өнеркәсібінде киімдерді, аяқ киімдерін, сонымен қатар, тері бұйымдарын безендіру саласы. Былғарыда өрнек түсіру (оттиск), былғары тоқу – теріні өңдеудің бір тәсілдерін үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Технология негіздері ІІ
    Несиелер: 5

    «Технология негіздері ІІ» пәнінде гобелен, басқұр т.б. көптеген техникаларды студенттерге үйрету болып табылады. Тоқыма өндірісі, қолдан тоқу, станогы. Жіп түрлерінің байланыстарын ажырата отырып, жұмыстарды тоқиды .Қолөнер тоқу техникасы мен және даму негіздерін үйрену.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Коллаж технологиясы
    Несиелер: 5

    Коллаж өнеріндегі техникалық әдіс, кубизм, футуризм суретшілерінің шығармашылық ізденісі кезінде пайда болған бейнелеу өнерінің бір тәсілі. Коллаж технологиясы түрлі матаның, қағаз, газеттің қиындыларын, әйнек, түйме, фольга, ағаш қалдықтарын, т.б. пайдаланып (жапсырып, желімдеп), шығармшылық жетістіктерге дамыту. Полиграфиялық безендіру ісінде әр түрлі фотосуреттерді біріктіріп, қажетті мазмұндағы әсерлі сурет жасау тәсілдерін меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Тоқыма суретінің техникасы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты тоқыма өрімдерін құрудың жалпы заңдарымен мата құрылымын талдауын, қиыстырылған өрімдер негізінде жаңа күрделі және ірі өрнекті өрімдерді құрастыру. Тоқыма бұйымдарын көркемдік безендіруін дамытуда сәндік тенденциялар мен бағыттарды болжаумен байланыстыру. Тоқыма ою-өрнектеу тілі осы өнердің сипаттамалық стилистикалық белгілерін көрсетіп үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қолөнер бұйымдарын жобалау
    Несиелер: 5

    Қолөнер бұйымдарын жобалау пәнінің мақсаты мен міндеттері, сәндік қолданбалы өнер жөнінде жалпы мәліметтерді зерттеу. Қолөнер бұйымдарының композициясын жобалау. Ұлттық нақышта бұйымдарды және басқада шығармашылық жұмыстар бойынша әзірлеу. Бұл пән қолөнер туындысының өз заманынындағы материалдық мәдениетінің үлгісі және халық талғамының, әлеуметтік қоғамдық жағдайының салт-дәстүрінің нақтылы көрінісін зерттейтін пән.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ландшафтық дизайн
    Несиелер: 5

    Ландшафтық дизайн-табиғи компоненттерді белсене қолдана отырып жасанды ортаны қалыптастыруға бағытталған ерекше түрі. Бүгінгі күн ландшафттық дизайн, ландшафттық жасылдандыру және маңайды көркейту маңызды мәселелерінің біріп болып табылады. Ол адамның тірлшілік ортасын қолайлы ету үішн арнайы оқыталатын пәндердің бірі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Өндірістік оқыту II
    Несиелер: 6

    Дәстүрлі тоқыма өнерінен үйренген әдістерімен, әр түрлі қосалқы жіптер арқылы жаңа беделі тоқыма жолдарын іздестіру. Тоқылған заттағы бедері мен өрнектің мақсатын түсіну. Кілемнің тұйық композициясын шығару. Ұлттық кілем композициясының әсеріндегі желіні тартылу әдісін, жиелігі, керілгені, жиелі жіптердің сәйкес келуін, әлем елдерінің кілімдерінің ерекшеліктерін меңгеру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Сәндік бұйымдар
    Несиелер: 3

    «Сәндік бұйымдар» пәні барлық сәндік-қолданбалы өнердің жалпы заңдарының әсерінен қалыптасады және оның стилистикалық белгілерін көрсетіп отырады. Тоқыма бұйымдарының көркемдік безендірілуін жақсарту, бұйымдардың ерекше үлгісін құруда шығармашылық көзқарас білдіру материалды мәдениеттің дамуның елеулі жағы болып табылады. Халық өнерінің мотивтері және т.б.бейнесімен ассоциативті байланысты суретшінің жеке, сезімдік әсерін ашу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Компьютерлік дизайн II
    Несиелер: 5

    Компьютерлік дизайн ІІ бағдарламасы Adobe Photoshop және Corel DRAW графикалық редакторларында жұмыс жасауға арналған. Осы бағдарламалар бойынша алған білімдерін қолдана отырып көркем өнер маманы, баспа орындары, дизайн технологиясы ретінде күрделі нысандарды жобалайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Арнайы кескіндеме
    Несиелер: 5

    Арнайы кескіндеме пәні сулы бояумен сурет салу техникасын, көлеңке мен жарықты беру шеберлігі, бедері мен текстурасы, материалдық пен көлемділікті қарастырып меңгереді. Пән мазмұнына түстану, қарама-қарсылық, тонның бейнелік құрамы, форманы қалыптастыру, моно композициясын құрсатыру және түстің гармониялық қатынастарын біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Мәдени саласындағы интернет технологиялар
    Несиелер: 5

    Технологиялардың және цифрлық технологиялардың қазіргі заманғы мүмкіндіктері бірыңғай ортада және бірыңғай технологиялар көмегімен жалпыға қол жетімді ақпараттың барлық түрлеріне: фотосуреттер мен бейне клиптерге, мәтіндік файлдарға және т.б. жазуға мүмкіндік береді. Бұл өнер туындыларының (артефактілер) сақталу техникасына, деректерді көшіруге және көбейтуге (өнер, анықтамалық, басқарушылық деректер және т.б.) арналған бағытты үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Жобалау ІІІ
    Несиелер: 5

    Жобалау ІІІ - өндірістік эстетикамен көркем шығармашылық саласындағы тәжирбиелерді және халықтын дәстүрлік композициялық, пластикалық конструктивтік, техникалық талаптары дұрыс шешуде шығармашылық әдетті меңгеру. Ұлттық өнердің шеңберінде қазіргі заманға сай интерьермен сұлу үйлесімділік табатын панно түрлерін ойлап табу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Безендіру өнерінің технологиясы
    Несиелер: 3

    Безендіру өнерінің техноогиясы – бойынша мамандар дайындаудың негізгі бағыты болып табылады. Текстильді заттарды суреттеп өрнектеу қазіргі заманға сай бағытта болуын талап етеді. Оюлы композицияны текстильде орындаудағы шығармашылық процесі түрлі аспекті қиын және қызықты құбылыс. Түрлі сәндік материалдармен (матаға сурет салуға арналған бояулармен, кестелеуге арналған жіптермен – мулинамен және басқа да материалдармен) жұмыс істеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Тоқыма бұйымдарын жобалау
    Несиелер: 5

    Тоқыма бұйымдарын жобалау бағыты - тоқу курсы бойынша мамандар дайындаудың негізгі бағыты болып есептеледі. Композицияның және оюлы композицияның қорытындылау бөлімі болып табылады. Шығармашылық қабілеттің композициялық жұмыс уақыты бойынша негізгі ойды ашады. Геометриялық, өсімдік, жануар және т.б. оюларын қолданып кілем дизайнын құрастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Дәстүрлі тоқыма өнері
    Несиелер: 5

    «Дәстүрлі тоқыма өнері» курсы сәндік өнер мамандығын дайынау кезінде, осы пәнді игерген студент шығармашылық жұмыстар істер алдында, әр қашанда көне технологияға көңіл бөліп отырады. Дәстүрлі тоқыма өнері сабағында студент өз еңбегі арқылы ұлттық нақышта бұйымдар жасап, жаңа шығармашылық жұмыс жеткізеді. Көркемдік-сәндік жұмыстарында сәндік қолданбалы өнер бойынша кілем тоқиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Заманауи дизайн
    Несиелер: 5

    Пән заманауи сәулет пен дизайнның негізгі теориялық негіздерімен танысудан тұрады. Ең бастысы студенттердің сәулет пен дизайнның теориялық негіздерімен, шығармашылық үдеріспен және заттармен нысандардың форма түзуімен, сондай–ақ жобалау және дизайн қызмет негізі ретінде жобалық ойлаумен өзара байланысты туралы түсініктерін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Киіз техникасы
    Несиелер: 6

    Киізбен бұйымдар жұмыс жасаудың мүмкіндіктенрі өте көп. Бұл өнер шығармашылық ойды шыңдауға жақсы әсерін тигізеді. Киізді сабын сумен пісіру – киіз өңдеудің ең жеңіл әдісі. Оның көмегімен жеңіл, күрделі картиналар жасайды. Сонымен қатар, алқалар, қол сөмкелер, ойыншықтар мен паннолар жасап іскерліктерін дамытады. Жұмысты бірізділікпен жасау оңды нәтижелер береді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тоқыма бұйымдарын безендіру
    Несиелер: 5

    Тоқыма бұйымдарын безендіру – бойынша білімгерлерді дайындаудың негізгі бағыты болып табылады. Тоқыма бұйымдарының безендірудің анықтамасы мен құрылымын зерттейді. Сән функцияларымен орындайды. Тоқыма дамуының заңдылықтарын оқиды. Сән әлеуметтік құбылыстары мен безендірудің жобалау әдістері. Тоқыма дизайнының міндеттері. Жобалаудың әдістемелік процесі. Комбинаторлық әдістер. Модульдік жобалау әдісі. Деконструкция әдісі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Гобелен тоқыма өнері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсатын жіптерді айқастыру арқылы қолдан тоқылған заттарды, оюлы композициядан тұратын, түксіз қабырғаға ілінетін кілемдерді игеру. Гобелен жүннен, жібек жіптен, тоқылады. Гобелен тоқуға әртүрлі материалдар қолданылады: синтетикалық жіптер, жасанды талшықтардан өрілген жіптер, табиғи материалдан өрілген жіптерден де шығармашылық картина жасауын үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Графикалық дизайн типологиясы
    Несиелер: 5

    Бұл пән- Дизайн объектісін жобалау оның функционалдық, композициялық және басқа ерекшеліктерін зерттеу болып табылады.Әртүрлі типологияларды дамыту объектінің мәнін барынша толық ашуға, адамға, қоршаған ортаға қатысты, қарым-қатынас кешенін ашуға көмектесетін зерттеу тәсілін үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ою-өрнек теориясы
    Несиелер: 5

    Қазақтың өрнекті әшекеймен істелетін қолөнерінің түрлері мен таныса отырып, халық арасына көбірек тарағаны ою-өрнек түрлері, олардың пайда болу тарихына шолу. Ою – өрнектердің жіктелуі, қолданылу ерекшеліктері, мәні мен мағынасы қарастырылады. Әр дәуірдің өрнектерінің ерекшелігі, олардың стильдік бағыты, өзгеру тәсілдерімен танысу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Web Дизайн
    Несиелер: 5

    Веб-дизайн (Web page design) – пайдаланушының веб–браузер немесе басқа да графикалық веб–интерфейсімен көре алатын технологияларды қолданып, веб жүйесі арқылы электронды мазмұнын жеткізетін жобалау, жоспарлау, модельдеу немесе жүзеге асыру үрдісімен жұмыс атқарады. Дизайн дегеніміз - заттық ортаны қалыптастыру бойынша жобалық пәнаралық көркемдік-техникалық іскерліктің түрлерін үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Батик өнері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты жылы суық батикке арналған композиция құрудың негізгі заңдары мен ережелерінің заңдылықтарын білу. Композиция қолдануға, шығармашылық жоба жасау. Батиктің интерьер арасындағы байланыс матамен безендіру, ою стилінің бірлестігі, колорит және фактурасын шығару әдісі. Материалдардың процестері мен бейнені үйлестіру білу, және ойдың пайда болуын талап ету құндылығын үйлестіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Кілем үлгілерінің дизайны
    Несиелер: 5

    Кілем үлгілерінің дизайны - тоқыма өнеріндегі ырғақтылық, динамика және статика құбылыстары арқылы кілем дизайнын құрастырудың әдіс-тәсілдерін меңгертеді. Кілем үлгілерінің дизайны курсы тоқыма өнерінің жоғарғы сатысы. Ұлттық ерекшелігімізді кілемді жаңаша безендіру, әрлеу арқылы дамытуын үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Flash технология
    Несиелер: 5

    Macromedia программасымен жұмыс істеу негізін үйретіп, объект анимациясын жүзеге асыру, түрлі қозғалыстардың моделін жасау, интерактивті элементтерді қолдана білу және қарапайым Flash –фильм жасауға үйретуді көздейді. Сонымен қатар, программаланған Flash технология түрлі презентация, компакт- диск интерфейсі, Windows- заставка және түрлі физикалық, математикалық модель жасау үшін дағдысын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Өндірістік оқыту IІI
    Несиелер: 5

    Өндірістік оқыту IІI пәні суреттеп тоқу мамандығының суретшісі, гобелен, батик т.б текстильді заттардан оюлы композициялық шешімі бағытпен үйлесе отырып, бұйым қандай түрде болатынын елестете білу. Текстильді заттарды дайындау композициялық теорияны жақсы білуді, жұмысқа творчествалық көзбен қарауды талап етеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON1

    -мақсатқа бағытталған белсенді оқыту қабілетін қолдану; -жеке және топта ақпаратты басқаруды, цифрлық технологияларды тарату процесін немесе жолдарын түсіндіреді; -барлық салада экономикалық кәсіпкерлік шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастырады

  • Код ON2

    -жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді реттей алады; - мемлекеттік және шет тілдерінде табысты академиялық, кәсіби және әлеуметтік қарым-қатынас орнатады

  • Код ON3

    - қоғамды сақтау және дамыту үшін рухани құндылықтардың маңыздылығын ұғыну мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын қолданады,сыни тұрғыдан ойлау қабілетімен әрекет етеді, тарихи деректер мен қағидаттарды қолданады; - қоғамның өмір сүру ортасы мен экологиялық танымды білу, өзіне қатысты құқықтық, адамгершілік міндеттемелерді, құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы қоғамға үйретеді, кәсіби қызметте осы білімдерін қолдана алады

  • Код ON4

    - Кәсіби қызметтің негізгі амалдарының пішінін, өлшеулерін, эскиздерін, жобаларын, жазықтықта кескіндеу тәсілдерін міндеттері мен мақсаттарын анықтау; - Мәдени шығармалардың тұжырымдамасына сай кескіндеудің тәсілдерін игеру арқылы дәстүрлі және аралас техникаларды ғылыми шығармалардың сипаттамаларымен әрекет етеді; - Кәсіби міндеттерін көркем шығармашылық саласында өзіндік жұмыс негізінде ептілігін өз бетінше бағалау қабілеттерін қалыптастырады

  • Код ON5

    - Білімгерлер мамандықтарының оқу-танымдық шығармашылық білімдерін өңдеу әдістерін, бұйымдардың жобалауын, безендірудің жолдарын инновациялық ерекшеліктерімен анықтау; - Жобалау үрдісіндегі композициялық зерттеу амалдарын шығағармашылық шешімдермен құрастыру; - Технологияларды кезекпен-кезек орындалуын меңгере отырып көркем-образдарын қолданады

  • Код ON6

    - Әр түрлі шығармалардың сәндік қасиеттерін, тоқыма бұйымдардың технологиясын, материалдардың процестерін, графикалық сызбалардың кәсіби қызметтерін қолдану; - Жіп,станок, мата, бояу, жүн, тері т.б. құралдармен бұйымдарды жасау әдістерінің іс-әрекеттерінің нақтылығын қамтамассыз ету тәсілдерін көрсетеді; - Дизайнерлік қасиеттерін мәнерлі көркем бейнесін жасау үшін композициялық жолдармен қабілеттерін қолдану

  • Код ON7

    -Дәстүрлі және қазіргі замандық техникаларды, материалдарды және құралдарды қолдана отырып, өнердің әрқилы түрлері мен жанрларындағы кескіндер мен бейнелерді жасаудың жалпы заңдары мен әдістерін пайдалану - Білім алушы дағдыларды меңгеруде басқару міндеттерін шешу үшін мотивацияның, көшбасшылықтың, биліктің негізгі теорияларын қолданады және команданы қалыптастыру принциптерін білу негізінде топтық жұмысты тиімді ұйымдастырады - Дизайн нысандарын құруда даулы жағдайларды шешудің әртүрлі тәсілдерін меңгеріп, басқарудағы көшбасшылық қасиеттерді қалыптастырады

  • Код ON8

    - Сәндік-дизайнерлік өнеріндегі көркем шығармашылық еңбектерді, графика және жобалау жұмыстарын, жоспарлау барысын, ұйымдастыру қызметтерін жүзеге асырудың іскерліктері мен дағдыларын пайдалану; - Түстану, қарама-қарсылық, тонның бейнелік құрамы, форманы қалыптастыру, композицияларды құрсатыру және түстің гармониялық қатынастарымен әрекет ету; - Туындылардың ерекше үлгісін кәсіби-шығармашылық жұмыстары бойынша үйірмелер, көрмелерді ұйымдастырудың қызмет саласында тұжырымдай біледі және іс жүзінде мәселені шешеді

  • Код ON9

    - Өндірістік шығармашылық дайындықтарының жұмыстарын композицияларда, жобалауда, қол өнерде қолдану әрекеттерін меңгере отырып пайдалану; - Шығармашылық үдеріспен және заттардың жіктелуі мен мән мағынасын сәндік-дизайндық шығармалар жасалуын көрсетеді; - Іс-әрекет дайындықтағы құндылығын түсінеді және үнемі машықтануға үйренеді

  • Код ON10

    - Өндіріс саласын қалыптастыруға дайын екендіктерін көрсетеді және шығармашылық сурет салу дағдыларын, біліктерін және білім мазмұнын іріктеу мәселелерін түсінеді; -Материалдарды көркем өңдеудің және дизайнның технологиялық негіздерімен әрекет ету. -Интерьер, экстерьерді көркемдеуге, өнеркәсіп орындарында, фирмада суретшілік, баспа орындарында кітап көркемдеушісі қызметтерін атқару білім іскерліктерімен жұмыс істеу

  • Код ON11

    -Көркем мәдениетті меңгеру, эстетикалық-құқықтық нормалардың адам мен адамның, қоғамның, қоршаған орта мен мәдени ойлаудың, өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыратын жаңа білімдерді машықтану; -Көркем бұйымдарды жобалаудың жалпы экспозициясының композициялық шешімдік тәсілдерін көрсетеді; - Негізгі тәсіл-техникаларды қолдану аясында безендірудің қабілеттерін үйренеді

  • Код ON12

    - Сән өнер бағыттары бойынша қол өнер бұйымдарын жасай отырып үйрену, шағын бизнес, кәсіптік білім саласында (этикет, марка, белгі, логотип, жарнама, буклеттер, т.б.) жұмыстарды меңгеру мүмкіндіктеріне бейімделу дағдыларын реттейді; - Білімгерлер сән өнер саласынан кескіндеме, ландшафт, Web дизайн, былғары өнері,тоқыма өнері бойынша көркем шығармалар жасау мен оны оқытудың дағдыларынан білім алып ізденеді; - Көркем бұйымдарды жобалау негіздерін үйренуде ойлау мен тұжырымның өзара байланысын, жобаны дамытудың заңдылықтарын, тәжірибелік қызметпен тікелей байланыстылығын көрсетеді

Top