Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01406 Музыкалық білім в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты - Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты университеттің миссиясына, академиялық саясатына және стратегиялық даму жоспарына сәйкес келеді. Білім беру бағдарламасының мақсаты өмір бойы білім алуға ұмтылатын және еңбек нарығының қазіргі талаптарына сәйкес келетін кәсіби қызмет үшін қажетті іскерліктері мен дағдылары бар білікті, бәсекеге қабілетті, сыни ойлайтын, шығармашылық және функционалдық құзыретті мамандарды дайындауды қамтамасыз ету болып табылады. Аталған білім беру бағдарламасының мақсаты-құзыреттілік тәсілге негізделген білім беруді жүзеге асыру және педагогикалық, мәдениет саласында жоғары білімді, практикалық-бағытталған кәсіби кадрларды, еңбек нарығындағы кәсіби қызметтің таңдаулы саласында көшбасшы бола алатын көптілді және жан-жақты тұлғаны даярлау.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B006 Музыка мұғалімдерін даярлау
  • Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
  • Cольфеджио
    Несиелер: 4

    Музыкалық білім беру студенттеріне арналған оқу пәні сольфеджио көптеген музыкалық дағдыларды – музыкалық есту, ритм сезімі, жады, басқа музыкалық пәндерді меңгеруге көмектеседі. Сольфеджиода музыкалық теорияның негізін оқиды. Сонымен қатар, сольфеджио курсының нәтижесі-музыкалық есту және музыкалық жадыны дамыту қарастырылған өмірде өте қажетті, практикалық және қолданылатын дағдылар.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Түрік (қазақ) тілі – (Деңгей 1)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттерге түрік тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылымы туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру және артикуляция, интонация ережелерін үйрету. Тілдік қызметтің төрт негізгі формаларында (сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу) қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Музыка теориясы
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты: жоғарғы және төменгі музыкалық дыбыстар, дыбыс қатарын біліп үйретуіне көмектеседі: музыкалық жүйе, жарты тон және бүтін тон, октавалар, ноталарды жазуды, кілттік белгілерді, ырғақ және метр, акцент, өлшем, такт және екпін деген ұғымдарымен таныстырады

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық ұстанымды жүйелі түрде білу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру, күнделікті білім беру қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністерін қабылдауға сыни көзқараспен сыбайлас жемқорлық көріністері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерге ықпал ететін факторлар туралы жалпы кешенді білімді меңгеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Түрік (қазақ) тілі – (Деңгей 2)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттердің түрік тілінің грамматикалық құрылымы туралы білімдерін қалыптастыру, грамматикалық ережелерді үйрету, жазбаша тапсырмаларды орындау дағдыларын дамыту. Студенттердің белсенді және пассивті сөздік қорын кеңейту. Пән түрік тілінде күрделі сөйлемдерді қалыптастыруға бағытталған; түрлі тақырыптарда күрделі мәтіндерді қолдана отырып, түрік тілін меңгеруге бағытталған. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Музыкалық аспап-I (ф-но, баян, аккордеон, домбра, қобыз)
    Несиелер: 5

    Шығармашылық музыкалық қызметтің түрі ретінде аспаптық орындаушылықты меңгеруге, музыкалық шығарманы меңгеру барысында аспапта ойнау дағдылары мен кәсіби біліктерін қалыптастыруға ықпал етеді. Музыкалық-есту түсініктері мен моторлы-қозғалыс орындаушылық дағдыларын дамыту формалары мен әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты балалар мен жасөспірімдердің дене бітімінің жасқа байланысты екендігін үйрету және дене бітімінің қалыптасуында антропометриялық әдісті қолдану туралы түсініктеме беру. Пән балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының биологиялық заңдылықтарымен таныстыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Фортепиано
    Несиелер: 3

    Фортепианода ойнау музыкалық сауаттылығын, ансамбльдік ойын дағдыларын, сүйемелдеу және қажетті дағдылардың, шеберліктерін, шығармашылық белсенділігін тәжірибелі жинақтауға, әлемдік музыка жоғары жетістіктерімен танысуға кіреді. Музыкалық шығармалармен таныстырады: пьеса, прелюдия, этюд, полифониялық шығармалар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - қазіргі саяси, экономикалық, күнделікті-тұрмыстық, қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени байланыс, барлық ғылым саласы мен мемлекеттік басқарушы органдардағы терминологиялық және арнайы лексиканы, сондай-ақ іскер хаттар жазысу ережелерін, шарттар мен келісім жасай білуге және іскерлік қарым-қатынаста сөйлеуге қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мәңгілік Ел
    Несиелер: 5

    "Мәңгілік Ел" пәнінің мақсаты – ұлттық сана-сезімнің, ұлттық рухтың, патриотизм рухының, тарихи сана мен әлеуметтік жадының, кәсібилік пен бәсекеге қабілеттілік рухының жоғары даму деңгейі бар; Қазақстан халқының тәуелсіздігін, қауіпсіздігін, тұрақтылығын, дамуы мен тұрмысын жақсарту жөніндегі белсенді де шешімді іс-қимылдарға дайын болатын, ұлттық мәдениеттің рухани құндылықтарын дамытып сақтауға жауапты, өзге мәдениеттер өкілдерімен сындарлы келісім құруға дайын мамандардың жаңа буынын, қоғамның әлеуметтік белсенді мүшелерін тәрбиелеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Көшбасшылық теориясы
    Несиелер: 5

    Ғылымдағы лидерлік туралы әдебиеттерді шығармашылық тұрғыдан талдайды, қоғамда өмір сүрген көшбасшылардың өмір деректері мен көзқарастарын талдайды. Кәсіптік қызметінде азаматтық, төзімділік секілді ұстанымдар негізінде оң бағыттағы коммуникативті дағдыларды, лидер мен қызметкер арасындағы қатынасты, субординацияны сақтау мәдениетін қалыптастырады. Қоғамдық нормаларға негізделетін әлеуметтік-этикалық құндылықтарды біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Түркі мемлекеттер тарихы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - түркі тілдес елдерінің жастарынан қазіргі заманғы жоғары білікті мамандарды дайындау үшін өзінің төл тарихы мен мәдениетін, тарихи ерекшелігін ұғып білуді, сондай-ақ, жаһандану процесінде ұлттық болмысын сақтауда қажетті біліммен қаруландыруды көздейді. Түркі халқының этногенезі мен этникалық тарихын, мемлекетінің пайда болуы және оның өркендеуі қарастырады. Пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - экономиканы оқудың теориялық негіздерін, кәсіпкерлік, кәсіпкердің іс-әрекеттері, кәсіпкерлік істің түрлері, ұйымдастыру әдістері, тактикасы, стратегиясы, кәсіпкерлік бәсекелестік, тәуекел мен бизнес білімін, бизнес-жоспардың құрылымын, мазмұнын және ұлттық экономиканың салаларында бәсекені күшейту жағдайындағы кәсіпкерліктің және бизнес–жоспарды құрудың теориялық, әдістемелік және тәжірибелік негіздері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Вокал класы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: ән айту ерекшеліктерін және вокалдық әдістеме негіздерін ажырату, вокалдық орындау мәдениетін, ән айту, тыныс алу, дыбысты меңгеру. Ән айту кезінде вокализдің негізгі түрлерін қолдану. Ән айту барысында артикуляциялық аппарат, дикция жасау, музыкалық мәнерлілік құралдарын меңгеру. Музыкалық шығарманың көркем суретін аша білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - экологиялық танымды қалыптастыра отырып, адамның тіршілік ету ортасымен арасындағы жарақатсыз қауіпсіздікке студенттерді дағдыландыру. Курста қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың заманауи тәсілдері бойынша теориялық және практикалық білімді қалыптастыра отырып, апаттардан және дүлей зілзалалардан, қарсыластың жою құралдарынан қорғану мақсатында халықты қорғаудың әдістері мен құтқару жұмыстарын ұйымдастыру қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Музыкалық аспап-II (ф-но, баян, аккордеон, домбра, қобыз)
    Несиелер: 6

    Музыкалық аспап ІІ: фортепиано, баян, аккордеон, домбра, қобыз ойнау шеберлігі мен дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді. Музыкалық шығарманы меңгеру барысында аспапта ойнау әдістемесін зерттейді. Музыкалық шығармада өзіндік жұмыс жасайды. Музыка бойынша оқу бағдарламасынан әр түрлі стильдегі, дәуірдегі және әртүрлі күрделілік деңгейіндегі бағыттардағы қол жетімді музыкалық шығармалардың көркемдік орындалуын түсіндіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ясауитану
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты діни және сопылық қайнар көздерден алынған ясауилік ілімінің мәнін сипаттау және бағалау қабілеттерін қалыптастыру. Оқу курсы сопылық терминдер мен категориялардың мәнін, олардың метафоралығын түсінудің теориялық және әдіснамалық негізін, Қожа Ахмет Ясауидің «Дивани Хикмет» шығармасының сопылық мәнін талдауға және бағалауға, оның мәдени-рухани әлеуетін анықтауға қолдана білуді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ататүрік принциптері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – түркі тілдес елдерінің жастарын қазіргі заманғы жоғары білікті маман ретінде дайындау бағытында түркі әлемінде ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында орын алған Осман империясының тарихы мен маңызын көрсетуге бағытталады. Империяның құлауы мен өз жалғасын тапқан түрік ұлтының тәуелсіздік үшін күресі және мемлекеттің құрушысы Мұстафа Кемал Ататүріктің принциптері пәннің мазмұнын құрайды. Түрік ұлтының басшысы ретінде Мұстафа Кемалдың мемлекетке байланысты ұстанған принциптерін түсіндіру көзделеді. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қосымша музыкалық аспап
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: фортепиано, баян немесе қобыз аспаптарында ойнаудың орындаушылық шеберлігін қалыптастыру, білімгерлердің қызығушылығын дамыту, музыкалық шығарманың көркемдік орындалуын арттыру, музыкалық шығарманы дұрыс таңдау, болашақ музыка мұғалімдерінің эстетикалық талғамын қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Хор сыныбы және хорды дирижерлауII
    Несиелер: 5

    Хор сыныбы және хорды дирижерлау II пәні музыка мұғалімінің кәсіби дайындық жүйесіндегі пәннің ерекшелігін оқытады. Хор өнеріндегі танымдық процестердің бағыттылығын қалыптастырады. Хор сыныбы көркемдік жетекшісінің жеке қасиеттерін дамытады. Хорды көркемдік басқару ерекшеліктерін, оның технологиялары мен тәсілдерін, қарым-қатынас стилін, дирижер қызметін қалыптастыруға ықпал етеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты- тәрбие үдерісінің негіздерін және тәрбиелік іс-әрекеттің әдістемесі мен технологиясын танып білуде болашақ мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ модуль тәрбие жұмыстарының теориялық және әдістемелік негіздерін сипаттайды, орта және жоғары оқу орындарындағы тәрбие үдерісін басқару мен ұйымдастыруға қажетті тәрбие жұмыстарының жалпы теориялық негіздерімен, тәжірибеде тәрбие жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: Арнайы білім беруді қажет ететін, даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру, дамыту, өмірге бейімдеу жолдары көрсетіледі. Инклюзивті білім берудің теориялық-әдістемелік негіздері, ұстанымдары, формалары, әдіс-тәсілдері туралы ғылыми білімдер жүйесімен және ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арнайы қолдау көрсету әдіс-тәсілдері таныстырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - орта білім беру жүйесінде педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру бойынша болашақ мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық бағыттылығы мен кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ модуль педагогикалық зерттеудің әдістерін пайдалана отырып, зерттеу мәдениетін қалыптастыруда топта жұмыс істеуге қабілетті, кәсіптік қызметін дәлдікпен қолдануды қамтамасыз етеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Хор сыныбы және хорды дирижерлау I
    Несиелер: 3

    Хор мәдениетінің және дирижерлік техниканың негіздерін, хор дыбысталуының негіздерін, вокалдық-хор жанрының шығармаларын талдау әдістерін зерттейді. Балалардың ән репертуары бойынша жұмыстың әдістемелік негіздерін әзірлейді. Хор дирижерлаудың техникалық және көркемдік тәсілдерін, хормен жұмыс істеудің әдістемелік тәсілдерін, сондай-ақ әр түрлі хор орындаушылық құрамдарына арналған шығармаларды аранжировканың негізгі түрлерін, принциптерін әзірлейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Музыка пәні бойынша оқытудың жаңа технологиясы мен теориясы және мектептерде үйірме жұмыстарын жүргізудің әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: қоғамның дамуына қарай ғылым мен техника да, оны басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі, осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктерді қажет етеді. Осымен байланысты жоғары оқу орындары білім беруде адамның игерген білім, дағдысымен шектелмей, оның шығармашылық белсенділігін, кәсіби біліктілігін, өз бетімен әрекет жасау мүмкіндігін, өз мамандығына қызығушылығын, ғылыми көзқарасын, кәсіби мәдениетін, педагогтік шеберлігін, т.б. қалыптастыруы қажет.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Музыкалық аспап-III (ф-но, баян, аккордеон, домбра, қобыз)
    Несиелер: 5

    Музыкалық аспап-III (ф-но, баян, аккордеон, домбра, қобыз шығармашылық қызмет түрі ретінде аспаптық орындаушылықты меңгеруге ықпал етеді. Музыкалық шығарманы меңгеру барысында техникалық іскерліктер мен дағдыларды меңгереді. Музыкалық-есту түсініктерін және моторлы-қозғалыс дағдыларын дамыту әдістерін қалыптастырады. Әр түрлі жанрдағы шығармаларды қамтитын орындаушылық репертуарды меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Аспаптық ансамбль
    Несиелер: 5

    Аспаптық ансамбль – студенттерді үндестіре ойната білуге, көп дауысты шығармаларды орындау барысында тыңдай білуге, басқа да дауыстарды есте білу мақсаттарына жеткізу. Аспаптық ансамбль үндесе қосылып ойнау және ойнау шеберлігін арттыратын, шығарманың идеялық мазмұнын ансамбльдік үндестікте тыңдаушыға жеткізе білетін жан-жақты тұлға тәрбиелейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Сыныптан тыс музыкалық тәрбие
    Несиелер: 4

    Сыныптан тыс музыкалық тәрбие Мемлекеттік музыкалық мекемелерде жүзеге асырылатын жалпы музыкалық білім берумен тікелей байланысты. Сыныптан тыс музыкалық тәрбие танымдық және шығармашылық қызығушылықты, еркін, бейресми білім беруді қанағаттандырады, онда педагог баланың табиғатымен, оның қызығушылығымен, қажеттіліктерімен және қабілеттерімен байланысты білім беру жолын ұйымдастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Әуенді-ырғақтық тәрбие
    Несиелер: 4

    Әуенді –ырғақты қозғалыстың түрлерін біледі. Әуенді –ырғақтың арнайы дамыту жаттығуларын дәлдікпен орындайды. Музыкалық ұрмалы аспаптарға деген қызығушылығы арқылы теориялық білім мен практикалық дағдылар құндылығын үлестіре алады. Музыкалық ұрмалы аспаптарға деген қызығушылығы арқылы теориялық білім мен практикалық дағдылар құндылығын үлестіре алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Концертмейстерлік клас
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: алған білімдерін педагогикалық рефлексия жасай алатын болашақ музыка мұғалімінің оқу - әдістемелік жұмысында қолдану. Кәсіби орындаушылық шеберлігін арттыру және жетілдіру. Музыкалық шығармаларды концерттік орындау дағдыларын меңгеру, мектепте музыкалық іс-әрекет жұмысының әртүрлі түрлерінде білім, білік, дағдыны қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Музыкалық білім беру технологиясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: музыкалық білім беру технологиясы қоғамдық құбылыс ретінде музыкалық тәрбие заңдылықтарын, қоғамдық өмірдегі музыкалық тәрбиенің мәні мен ролін анықтау. Музыкалық білім беру технологиясы – болашақ маман-музыка мұғалімін кәсіби-педагогикалық дайындауға бағытталған оқу пәндер циклындағы негізгі және интегралдық пәндердің бірі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Музыкалық білім беру әдістемесі
    Несиелер: 5

    Музыкалық білім беру саласындағы әдістемелік қызметтің теориялық негіздерін түсіндіреді. Мектепте музыкалық білім беруді жоспарлау әдістемесінің теориялық негіздерін меңгеруге ықпал етеді. Жалпы білім берудің білім беру стандарттарын, жалпы және мектепке дейінгі білім берудің үлгілік бағдарламаларын талдайды.. Білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарлауды жүзеге асырады. Бар әдістемелік әзірлемелерді ранжирлеуге бейімдейді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Ән дәстүрін зерттеудің әдістемесі
    Несиелер: 5

    Студенттердің музыкалық шығарманы эмоциялық жан-күйімен сезініп, дұрыс түсініп, творчестволық мәнде ойнау қабілетін дамыту. Әрбір шығарманың жанрлық ерекшелігін танытып талдай білу, оның авторы, туу себептерінен жан-жақты хабардар болу. Әр сабақта студенттің білім, білік, дағдыларын дамыта отырып, оның авторы, туу себептерінен жан-жақты хабардар болу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Дауыс қою
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты: академиялық орындау стилін қалыптастыру үшін вокалдық-педагогикалық білімді, білік пен дағдыны қалыптастыру. Ансамбльде және жеке орындауда ән мен әндерді дамыту. Дауыстың аппаратын диапазоның кеңейту және нығайту. Дауыстың физиологиялық ерекшеліктерін, әр түрлі жас кезеңдерінің әдістемесін зерттеу. Музыка мұғалімінің кәсіби дайындық жүйесіндегі пәннің ерекшеліктерін қарастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Хор сыныбы және хорды дирижерлауIII
    Несиелер: 5

    Хор мәдениеті мен дирижерліық техника, хорды басқару өнері негіздерін меңгереді.. Вокалдық-хор жанрының шығармаларын талдау әдістерін зерттейді. Балалардың ән репертуары бойынша жұмыстың әдістемелік негіздерін әзірлейді. Хор дирижерлаудың техникалық және көркемдік тәсілдерін, хормен жұмыс істеудің әдістемелік тәсілдерін, сондай-ақ әр түрлі хор орындаушылық ұжымдарына арналған шығармаларды, аранжировканың негізгі түрлері мен принциптерін әзірлейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Музыка пәні бойынша жаңартылған білім беру мазмұнын оқытудың тұжырымдамасы мен әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсатына сәйкес сабақ кезінде алған дағдыларды, іскерлікті, тәсілдерді тиімді енгізуге ықпал ету, білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыру, өздігінен білім алу, шығармашылықты қалыптастыру, оқытуды қызықты өткізу, ұжымда бірлескен жұмыс істеуге үйрету, білімнің тереңдігі мен беріктігін арттыру. Білім алушы өз пікірін ашық еркін білдіреді, бір-бірін тыңдауға үйренеді, сыныпта музыкалық сауаттылықты, орындаушылық және шығармашылық қызметті қалыптастыруға бағытталған ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Түркі әлемінің музыкалық мәдениті
    Несиелер: 5

    Түркі әлемінің музыка мәдениетінің саласына қатысты таңдаулы еңбектерді талдай біледі . Классикалық түрік әдебиетіндегі музыкалық терминдер тереңірек игеріп жүзеге қолдана алады. Музыкалық аспапқа қызықтыра отырып, тәрбиелеудің педагогикалық тиімді жолдарын практикалық тұрғыда негіздейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Мектептегі музыка
    Несиелер: 3

    Музыка сабағының мазмұндық сипатын, құрылымын, формасын біледі. Музыка сабағының бағдарламасына сәйкес жоспар дайындайды. Мектептегі музыка пәніне қызығушылығын танытады. Музыка сабағында топпен бірлесе отырып музыка тыңдайды, ән айтады, музыка сауаты мен шығармашылық тапсырмаларды мәнерлі орындайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Музыка мұғалімінің кәсіби құзреттілігі
    Несиелер: 4

    Музыка пәнінде ғылыми-зерттеу жұмыстарына зерттеулер жасай алады. Әдістемелік, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне сандық және сапалық тұрғыдан талдап қорытуға қабілетті. Музыкант-педагогтердің кәсіби құзіреттілігін заңдылықтарын түсінеді. Оқу-тәрбие үдерісінде бірлесе жұмыс жасауға ынта танытады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Педагогикалық менеджмент
    Несиелер: 3

    Педагогикалық менеджменттің мақсаты – басқару объектісі ретінде педагогикалық жүйесі басқарудың заңдылықтар мен қағидаларынан, функцияларынан студенттердің білімін қалыптастыру. Мектептегі педагогикалық процесті ұйымдастыру, жоспарлау, болжау мен бақылауды жүзеге асыра білуді меңгерту. Сонымен қатар, әдістемелік және ғылыми-әдістемелік, инновациялық жұмыстарды ұйымдастыру жолдарын меңгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Білім берудегі менеджмент
    Несиелер: 3

    Білім берудегі менеджмент пәнінің мақсаты – білім беру жүйесінде педагогикалық процесті басқарудың қағидалары мен заңдылықтарын білу және педагогикалық процесті ұйымдастыру, жоспарлау, жобалау, болжау, диагностикалау іскерліктерін қалыптастыру. Білім беру ұйымдарында басқаудың функцияларын, нормативтік-құқықтық базасын, бақылау тексеру түрлері, субъектілерді басқаруда қақтығыстар мен лидерлік сапаны дамытуды түсіну.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Критериалды бағалау
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: Пән аясында білім алушыларға критериалды бағалау жүйесінің мазмұны, оқыту нәтижесін бағалаудың қазіргі құралдары, түрлері, техникалары, механизмі, білім беру үдерісіндегі бағалаудың орны мен рөлі, критериалды бағалаудың технологиясы түсіндірілген. Критериалды бағалаудың әдістері, техникалары көрсетіледі. Қалыптастырушы және жиынтық бағалауды ұйымдастыру, бөлім және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеудің тәсілдері мен әдістері үйретіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Бағалаудың өлшемдік технологиялары
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - критериалды бағалау жүйесін, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың заманауи құралдарын, түрлерін, техникаларын, тетіктерін, білім беру процесіндегі бағалаудың орны мен рөлін түсіну, қалыпастырушы және жиынтық бағалауды ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерін қолдану, бөлім мен тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу қабілетін қалыптастыруға бағытталған. Ол критериалды бағалау жүйесінің мәні мен ерекшелігін түсінуді қамтамасыз етеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Мектеп ән қорының практикумы
    Несиелер: 3

    Музыкалық сауатын ашу және музыкалық терминдермен танысу қағидаларын біледі. Музыкалық шығармалардың көркемдік орындаушылығын жеткізе біліп, аспапта сүйемелдей алады. Музыкалық шығарманы дұрыс түсініп, өзін-өзі ұйымдастыру, өзіндік дайындық және өзіндік тәртіптілік талап етіледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Сөйлеу мәдениеті
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты: болашақ мамандардың өзіндік педагогикалық іс-әрекет дағдыларын, музыкалық өнердің заңдылықтарын және шығармашылық кәсіби мүмкіндіктерге сәйкес тілдік мәдениеттің көптеген мәселелерін шешуге дайындықты қалыптастыру. Тілдік мәдениет мазмұнының пәндік жағынан меңгеру, оның құнды мәнін түсіне отырып және міндетті түрде тиімді пайдалануға ұмтылу. Қажетті теориялық білім алуымен, тілдік қызметтің мазмұнын мен мәнін түсінумен шектелмей, қазіргі мектеп алдына қойылған өскелең ұрпақтың музыкалық мәдениетін қалыптастыратын негізгі мақсаттарды шешуде білім алушылардың тікелей қатысуымен пәннің маңыздылығын анықтау.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Музыканттың педагогикалық шеберлігі
    Несиелер: 5

    Музыка пәнінде зерттеудің құбылыстары мен педагогикалық заңдылықтарын түсінеді. Музыка пәнінде қалыптастырудың, топта жұмыс жасаудың теориялық негіздерін түсінеді; топта жұмыс жасау ережелерін жүзеге асырады. Музыка пәнінде педагогикалық зерттеу әдіснамасы мен әдістемесінде талдаудың объективтік негізін қарастыра алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Музыкалық білім беру әдіснамасы
    Несиелер: 5

    Музыкалық білім беру әдіснамасы қоғамдық құбылыс ретінде музыкалық тәрбие заңдылықтарын, қоғамдық өмірдегі музыкалық тәрбиенің мәні мен ролін анықтайды. Музыкалық білім беру әдіснамасы – болашақ маман-музыка мұғалімін кәсіби-педагогикалық дайындауға бағытталған оқу пәндер циклындағы негізгі және интегралдық пәндердің бірі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жастардың музыкалық сауығы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Оқушылармен жаппай музыкалық-ағартушылық жұмысты ұйымдастыру мәселелерін мынадай бөлімдерде ашу: 1) мектеп дискотекасы; 2) вокалдық-аспаптық жанр; 3) мектептегі музыкалық театр. Әлеуметтік белсенділіктің принциптерін, музыкалық өнердің бағыттарын меңгеру; музыка құралдарымен көркем және эстетикалық тәрбиені жақсарту мақсатында білімгерлерге ағартушылық және насихаттау жұмыстарына қажеттілікті қалыптастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Концерттік хор
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – Студентерге шығармаларды саналы әрі кәсіптік деңгейде көркем орындау дағдыларын дарыту, хор ұжымымен жұмыс істеуге қажетті есту қабілетін, вокалдық дағдыларын дамыту, теориялық білімін жетілдіру. Көптеген хор шығармаларымен танысып, әдебиеттерді оқып ізденуге үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Концерттік орындаушылық шеберлік /М/
    Несиелер: 5

    Концерттік орындаушының орналасу тәртібін біледі. Концерттік шығарманың ырғағын сақтай отырып мәнерлі орындай алады. Концертке деген қызығушылық танытады. Концерттік ән айтуда көңіл куй мен сана-сезімінің үйлесімділін, хордың шығармашылық жүйелілігін дәлдікпен орындайды. Шығарманын шырқау шыңына жеткізе орындаудың маңыздылығын түсінеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақ музыкасының тарихы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: XIX және XX ғасырдың басындағы қазақ музыкасының тарихын зерттейді. Музыкалық мәдениеттің тарихи даму кезеңдерін сипаттайды. Кәсіби қазақ музыкасының, қазақ халық шығармашылығының пайда болуы мен дамуын зерттейді. Ежелгі түрік кезеңінің музыкалық мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттайды, жіктейді. Қазақ халқының музыкалық мәдениетінің шығармаларын синкретиздейді, түсіндіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Түркі дүниесінің ән өнері /М/
    Несиелер: 5

    Түрік музыка өнерінің қалыптасуы мен дамуының негіздерін біледі. Дәстүрлі түрік музыка өнерінің мақсаты мен ерекшеліктерін, білімдерін өз тәжірибесінде қолданады. Түрік музыкаға деген қызығушылығын танытады. Дәстүрлі түрік музыка өнерінің зерттеулердің әдіснамалық сипаттамасының мәні мен мазмұнын үйлестіре алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Хор сыныбы және хорды дирижерлау IV
    Несиелер: 3

    Хорда ән салу дағдыларын қалыптастырады, тыныс алу, дауыс резонаторы жұмысы мен есту функцияларын қолдана отырып, шағын музыкалық шығармаларды дәлдікпен орындайды. Шығармадағы тиісті партиясын хормен орындау барысында дұрыс тыныс алуға, дыбыс тазалығын түзетуге, мақамдық дағдыларының құндылығын үйлестіре алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Синтезаторда ойнау технологиясы
    Несиелер: 5

    Синтезатор аспапбының алғашқы теория негіздерін біледі. Синтезатор аспапта сүйемелдеу дағдыларын игереді сүйемелдеу техникасын дамытады. Синтезаторға деген қызығушылығын танытады. Аспаптық орындаушылық мәдениетті дамытады. Музыкалық аспапты жеке орындаушы ретінде толық меңгереді, аспаптық орындаушылық мәдениетті дамытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әлем музыкасының тарихы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: Әлем музыкалық мәдениет тарихының негізгі кезеңдерін: өткен музыкалық шығармалардың негізгі стильдік ерекшеліктерін, олардың есту бойынша негізгі тақырыптарын; композиторлар туралы музыкалық-тарихи және өмірбаяндық мәліметтерді зерттейді. Музыкалық шығармаларды, оның стильдік және жанрлық ерекшеліктерін көркем дәуірдің ерекшеліктері контексінде талдайды; ноталық материалмен және оқу-әдістемелік әдебиеттермен жұмыс істейді; Батыс пен Шығыстың музыкалық мәдениетінің мазмұнын дәлелдейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Хор жүргізу
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: білімгерлер лекцияда хор өнері саласының өсіп дамуынан бастап, ән салу дағдысын, көрнекті хор өнері саласының дирижерлары және композиторлар туралы, онымен қоса хордың теориясы жөнінде білім алады. «Хор жүргізу» пәнінің оқу барысында алынған теориялық және практикалық білім, дағдылар және біліктілік студентке болашақ кәсіби қалыптасуына өте қажет. Студенттердің теориялық білімін тереңдету және толықтыру практикалық сабақтың міндеті болып табылады. Оқу процессінің ынталандыру мақсатында көрнекті хор коллективтерінің концертін тыңдау, композиторлармен және өнер қайраткерлерімен кездесу кештерінде болып тұру қажет.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Музыкалық аспап-IV (ф-но, баян, аккордеон, домбра, қобыз)
    Несиелер: 3

    Болашақ маманның орындаушылық шеберлігі негіздерінің практикалық дағдыларын қалыптастыру, музыкалық-орындаушылық мәдениеттің жетекші үлгілерімен танысу және оларды орындау, ұлттық бірегейлік рухында тәрбиелеу, ұлттық өнер саласындағы Білім және осы білімді көркем, эстетикалық мәдениетті дамыту үшін қолдану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Музыка мұғалімінің орындаушылық шеберлігі
    Несиелер: 5

    Мазмұны және формасы жағынан күрделі, сонымен қатар әртүрлі ойын әдістер, техника түрлері, стиль және жанр жағынан полифониялық шығармаларды біледі. Шырғарманың көркемдік мазмұнын ашып, мәнерлі кәсіби деңгейде орындайды. Музыкалық шығарманың эмоциялық жай-күйін сезінеді. Күрделі шығармаларды орындау дағдысы мен аспапта ойнау шеберлігін жетілдіру мақсатында арнайы жаттығуларды дәлдікпен орындайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON1

    -мақсатқа бағытталған белсенді оқыту қабілетін қолдану; -жеке және топта ақпаратты басқаруды, цифрлық технологияларды тарату процесін немесе жолдарын түсіндіреді; -барлық салада экономикалық кәсіпкерлік шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастырады

  • Код ON2

    -жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді реттей алады; - мемлекеттік және шет тілдерінде табысты академиялық, кәсіби және әлеуметтік қарым-қатынас орнатады

  • Код ON3

    - қоғамды сақтау және дамыту үшін рухани құндылықтардың маңыздылығын ұғыну мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын қолданады,сыни тұрғыдан ойлау қабілетімен әрекет етеді, тарихи деректер мен қағидаттарды қолданады; - қоғамның өмір сүру ортасы мен экологиялық танымды білу, өзіне қатысты құқықтық, адамгершілік міндеттемелерді, құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы қоғамға үйретеді, кәсіби қызметте осы білімдерін қолдана алады

  • Код ON4

    -оқу-тәрбие үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуді біледі; -оқушылардың жас ерекшелік дамуындағы психофизиологиялық ерекшеліктерді есепке ала отырып, білім алушылардың жетістіктерін диагностикалау әдістерін және педагогика мен психологияның теориялық негіздерін қолдана біледі

  • Код ON5

    -психологиялық, психофизиологиялық дамудың жалпы, өзіндік және жеке ерекшеліктерін және инклюзивті білім беру құндылықтарын есепке алу құралдарын пайдалануға қабілетті, инклюзивті білім беру ұстанымдарын және бағалау мен басқаруды оқу-тәрбие үдерісінде нормативті реттеуді біледі

  • Код ON6

    - академиялық адалдық шеңберінде ғылыми этикаға сай ғылыми-зерттеу жұмыстарын жазып көрсету - ғылыми зерттеу жұмыстарын жобалауға, жүргізуге және салыстыруға ғылыми дерекқорлар жинақтайды - ғылыми баспалармен жұмыс жасауға, олардың өнімдерін пайдалануға үйренеді

  • Код ON7

    - музыкалық-педагогикалық әдіснамасының ерекшеліктерін анықтау; - оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырады; -білім беру барысында заманауи әдіс-тәсілдерді қолданады

  • Код ON8

    - дауыс қоюды меңгеру, вокалдық -хор репертуарын орындау; - музыкалық аспаптарда ойнауға әрекет етеді; -хормен жұмыс істеу кезінде дирижерлік - хор дағдыларын қолданады; - орындаушылық шеберлік дағдыларын қалыптастырады

  • Код ON9

    - музыкалық білім беру саласындағы нормативті және құқықтық құжаттарды реттеу; - жоғары дәрежедегі тәртіпті сақтай отырып, нақты сабақ немесе іс-шара (сабақтар сериясы немесе іс-шаралар кешені) жоспарын құрастырады; - өз қызметін және оқушылардың қызметін ұйымдастырады

  • Код ON10

    - шығармашылық жұмысының технологиясын қолдану; -музыкалық білім беру, өнер саласындағы Республикалық және Халықаралық конкурстарға, фестивальдарға қатысуға әрекет етеді; - болашақ жеке жұмыс жоспарын, білім алушыларға арналған жеке бағдарламаны, есеп беру және концерттік қызмет бағдарламасын ұсынады

  • Код ON11

    - кәсіби қызметке байланысты әр түрлі жағдайларға икемді және ұтқыр болу; - педагогикалық және шығармашылық шеберлікті жетілдіруге ұмтылып, ынталылығы мен еңбекқорлығын көрсетеді; - білім беру саласында педагогикалық идеялардағы жаңашылдықты ұсынады

  • Код ON12

    - жоғары кәсіби педагогтардың іс-тәжірибелерін жинақтау, тарату және қолдану; - педагогикалық қызметте жоғары мотивацияны көрсетеді; - өз бетімен қажеттілігіне сәйкес тұлғаның дамуына бағытталған оқытудың бағдарламалары мен әдістерін бағалайды; - өз бетімен өзіндік сандық білім ресурстарын, оқу жетістіктерді бағалау үшін табыстылық критерийлерін түсіндіреді; -кәсіби маман ретінде өзін-өзі тануды, дамытуды қалыптастырады

Top