7M02201 Тарих (1.5) в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім және ғылым саласының теориялы-қолданбалы негіздерін, ұйымдастыру мен басқару стратегияларын меңгерген жоғары білікті мамандар даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 1,5 года
-
Кредиттер көлемі 90
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M053 Тарих
-
Білім беру саласы 7M02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M022 Гуманитарлық ғылымдар
-
Ғылымдағы концептуализация мәселелері
Несиелер: 6Оқу курсында жеке тұлғалық концептілер;адамдардың жас ерекшеліктеріне байланысты концептілер;жалпыұлттық концептілер оқытылады. Ғылымдағы концептуализация мәселелері жан-жақты қарастырылып, Л.Л.Нелюбиннің, М.Күштаева, Д.С.Лихачев пен В.В.Колесов еңбектеріне талдау жасалынады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Менеджмент
Несиелер: 2Курс менеджменттің мазмұнын ашып, қазіргі заманғы басқарудың негізгі принциптері мен әдістерін, сондай ақ ұйымның өмір сүруін және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудегі рөлін, басқарушылық қызметтің әртүрлі түрлерін жүзеге асырудың нақты дағдыларын, басқару жүйелерін және жобалық талдауды қалыптастырады, сондай-ақ басқарудың даму тарихын қарастырады. болашақ менеджерлердің кәсіби біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыруға қызмет етеді.
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Тарихнама мен деректанудың әдіснамалық мәселелері
Несиелер: 6Оқу курсында Қазақстандық тарих ғылымының дамуы, тарихи зерттеулердің сапасы мен тиімділігінің артуы, олардың қоғамдық дамудың әлеуметтік-саяси және мәдени-тәрбиелік мазмұнына, тарихнамалық зерттеулерге анықтама береді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Қазақстан Кеңес империясы құрамында: саяси-әлеуметтік қатынастары
Несиелер: 6Ұлттық мемлекеттілікті қалыптастырудағы ұлт зиялыларының қызметі. «Алаш» қозғалысы. Кеңестік тоталитарлық Қазақстанның қалыптасуы: мәні, шаралары және салдары. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат. Кеңестік Қазақстанды «қайта құру» мәселелері.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Қазақ халқының этногенезі мен этникалық тарихы
Несиелер: 4Оқу курсында тарих мамандығы магистранттарына қазақ халықтарының этногенезі мен этникалық тарихын тереңдеп оқытуға негізделген. Магистранттарға қола дәуіріндегі тайпалардан бері қарай қазақ халқының шығу тегі, олардың жалпы даму эволюциясы, халық болып қалыптасуда зор роль атқарған ру-тайпалардың тарихы туралы терең білім алуға бар теориялық және методологиялық жағынан мүмкіндік жасау.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау
Несиелер: 6Ғылыми-зерттеу ісін өзіндік түрде жүргізуге баулу. Жаhандану, ғылыми-техникалық прогресс, ақпараттық төңкеріс білім деңгейінің көтерілуін, мамандар біліктілігінің үздіксіз дамуын қажет етеді. Сондықтан жоғарғы оқу орнынан кейінгі оқуды жалғастырушыларға магистрлік диссертация жазудағы ғылыми-ізденіс технологиясын үйрету, сауатты мамандар даярлау бүгінгі күннің басты міндеті болып отыр. Аталған арнаулы курс магистранттардың шығармашылық қызметінің сапалы әрі дұрыс ой қорыту мен ғылыми тұжырымдар жасауына бағыт-бағдар береді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ қоғамының әлеуметтік тарихы
Несиелер: 4Оқу курсында магистрлерге ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайына тоқталып, капиталистік қатынастардың дамуына, Қытай мен Ресей арасындағы сауда келісімдеріне, Қазақстанның Қытаймен сауда-экономикалық байланысына тоқталады. ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардақазақ қоғамның даму үрдісінде көшпелі және жартылай көшпелі қоғамдардың өркениеттілік ерекшеліктеріне талдау жасалады. Қазақ қоғамын зерттеудегі бағыттардың бірі “көшпелі қоғам“, яғни, көшпеліліктің қалыптасуының бастапқы факторлары және оның өзіндік қоғамдық даму ерекшелігі жөніндегі ізденістер жүргізіледі. Сонымен қатар, ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ қоғамының әлеуметтік тарихы мәселелері оқытылады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Қазақ зиялыларының қалыптасу тарихы
Несиелер: 6ХІХ ғ. аяғы- ХХғ. басындағы ұлт зиялыларының қалыптасуы мен алғашқы қадамдары. ХХ ғ. басындағы қазақ зиялылары арасында ұлттық - демографиялық идеялардың пайда болуы. Қазақ ұлт зиялыларының қоғамдағы міндеттері: өтіп жатқан саяси үрдістердің мән-маңызын бұқараға түсіндіру, оқу-ағарту жұмыстарын жүргізу, халықты жаңа мемлекет құруға жұмылдыру т.б. Ұлт зиялыларының білім беру мен мәдени өмірдегі және қазақ халқының ұлттық санасының қалыптасуындағы рөлі. Алаш қозғалысы тарихындағы Ә. Бөкейханов бастаған ұлт зиялыларының атқарған қызметтері мен Отан тарихында алатын орны. Ұлттық саяси элитаның тарихи тағдыры.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Отандық тарихнаманың заманауи бағыттары
Несиелер: 6Отандық тарихнаманың заманауи кезеңдерін анықтау; ежелгі және ортағасырлық тарихи білімнің даму деңгейін көрсету; Қазақстан тарихын зерттеуде ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы орыстық тарихи ой мектебінің негізгі бағыттарының мазмұнын ашу; кеңестік тоталитарлық жүйе кезеңіндегі тарих ғылымының даму ерекшеліктерін анықтау.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Басқару психологиясы
Несиелер: 2Басқарудың ғылыми-әдістемелік негіздері. Басқарудың психологиялықтеорияларының дамуы. Басқару психологиясының жалпы теориялық мәселелері. Басқарушылық ісәрекетті талдау. Менеджердің тұлғалық ерекшеліктері. Басқару міндеттерінің психологиялық ерекшеліктері. Меншік психологиясы. Басқарушының кәсіби іс-әрекеті. Басқару субъектісінің қызметтері. Басқарушылық қарым-қатынас психологиясы. Қызметкерлердің психологиялық сипаттамалары. Қызметкерлерді ынталандыру психологиясы. Ұйымның адам ресурстарын басқару технологиясы. Ұйымның кадрлық саясатын психологиялық қолдау. Ұйымдағы дау-дамалар психологиясы. Тұлғаның кәсіби деформациясының алдын алу технологиялары.
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Шетел тілі (кәсіби)
Несиелер: 2Меңгерілген тілдік білім мен сөйлеу біліктерін жүйелеу. Шет тілінде ауызша қарым-қатынас формаларының дағдыларын жетілдіру, баяндамалар мен хабарламалармен таныстыру, кәсіби қарым-қатынасты жүзеге асыру. Жазбаша дағдыларды жетілдіру. Қазіргі заманғы техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кәсіби саладағы коммуникативтік міндеттерді шешуді жетілдіру.
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Қазіргі заманғы саяси ағымдар негіздері
Несиелер: 6Қазіргі идеологиялық және саяси үрдістер, олар белгілі бір саяси идеологияның доктриналарына негізделген. Теориялық және насихаттау (саясат) аясында саяси партиялардың қазіргі заманғы бағдарламаларының теориялық негізі болып табылатын бірнеше тамаша идеологиялық және саяси үрдістер байқалды. Олардың басты ағымына: либерализм, консерватизм, ұлтшылдық, марксизм, фашизм, пацифизм және тағы басқалар туралы мағлұмат беру.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Тарихи зерттеулердегі және білім берудегі ақпараттық технологиялар
Несиелер: 5Аталған арнаулы курс магистранттардың сапалы әрі дұрыс ой қорыту мен ғылыми тұжырымдар жасауына бағыт-бағдар береді.Пайдаланылатын мәліметтердің нақтылығын, бейнеленетін ақпараттардың визуалдылығын, қоғамның кез-келген мүшесінің сенімді ақпарат көздерін пайдалануын, ақпараттық қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз ету жолдары қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Қазіргі идеологиялық және саяси ғылымның дамуы
Несиелер: 6оқу курсында «Қазіргі заманғы саяси идеялар» ұғымы саяси көзқарастар, теориялар, тұжырымдамалар және саяси қызмет, мемлекет пен саяси билікке деген көзқарастар қарастырылады. Саяси идеялардың қоғамдық өмірдегі орнын объективті бағалау үшін, оларды әлемнің әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрғысынан қарастырылып, ол өзгеретін шындықтың динамизмін ескереді. Саяси идеялардың заманауи кезеңін түсінуге байланысты дамыған және жаңалықтары бар жаңа дәстүрге негізделген ақпараттармен таныстыру.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Тарихшылар үшін ақпараттық технологиялар
Несиелер: 5Бұл пән тарихи зерттеулердің қолданбалы міндеттеріне бағдарланған. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды игеру дағдыларын магистрлер тарихи деректерді электрондық форматқа аудару, оларды өңдеу және талдау, тарихи интернет-ресурстарды құру және іздеу процесінде меңгереді. Сонымен қатар, стандартты және арнайы қамтамасыз ету бағдарламаларымен жұмыс істеуді игереді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Қазақ хандығының құрылуы: тарихи деректер мен ғылыми зерттеулер
Несиелер: 5Бұл курста қазақ мемлекеттігінің тарихы, соның ішінде Қазақ хандығының тарихына қатысты деректерді талдап, дерек көздерінің мағынасы мен мәніне, деректік құндылығы мен маңыздылығына тоқталып, Қазақ хандығына қатысты бүгінгі таңда туындап отырған қазақ тарихшыларының зерттеулері қарастырылған.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Қазіргі тарихи ғылымдағы пәнаралық әдістер
Несиелер: 5Оқу курсында қазіргі заманғы тарихи ғылымдағы пәндердің арасында тығыз байланыс туралы оқытылады. Бұл біздің заманымыздың сипатты көріністерінің бірі, білімнің әлеуметтік және саяси интеграциясы. Көпжақтылы ұғымда пәнаралықтың бірпәнділіктен айырмашылығы оның әртүрлі пәндер, білім салалары арасында өзара әрекет етуі түрінде түсіндіріледі.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Қазіргі кезеңдегі тарих ғылымының дамуы
Несиелер: 5Қазіргі кезеңдегі тарих ғылымының дамуы оқу курсында Тәуелсіздік Қазақстан тарихы кезеңінен бастап, қазіргі кезеңдегі отандық тарих ғылымының дамуы мәселелері қарастырылады. Кеңестік социализмнің дағдарысы және КСРО-ң ыдырауын;Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу үрдісін; Қазақстанның ішкі және сыртқы саяси қызметі оқытылады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы
Несиелер: 5«Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы» атты оқу курсында пәннің негізгі міндеттері: халықтың тарихи жадын қалпына келтіру, ұлттық сана мен бірлікті қалыптастыру қарастырылады. Қазақ мемлекеттілігінің дамуын қазіргі тұрғыдан қарай отырып, оны дүниежүзілік тарихпен, Евразиялық контингент тарихымен, көшпелілер өркениетімен, түркі халықтарының тарихымен және Орталық Азия елдері тарихымен байланыстыра отырып оқыту
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Тарих ғылымдарының әдіснамасы
Несиелер: 5Ұсынылып отырған оқу бағдарламасы болашақ тарихшы оқытушыларды әр түрлі методологиялық бағыттар, зерттеу принциптерімен, тарих ғылымындағы математикаландыру мен компьютерлендіру процестерімен қаруландыруға, тарихи таным қағидаларын, тарихи шығармашылықтың әдістері мен жаңа технологияларын іс жүзінде қолдануды үйретуге бағытталған. Оның негізіне қазіргі заманғы тұжырымдамалар мен тарихшы ғалымдардың методологиялық еңбектері алынған.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Код ON1
Ғылыми зерттеу әдістерді, тарихи ақпараттарды компьютерлік өңдеу дағдыларын меңгереді;
-
Код ON2
өзіндік кәсіби қалыптасуда және білім беру жүйесі мен ғылымда алынған зерттеу нәтижелерінің маңыздылығын бағалайды;
-
Код ON3
тарихи процестер мен құбылыстарды саралау үшін қазіргі тұжырымдарды, теориялар мен тәсілдерді сыни талдайды;
-
Код ON4
Жаңа технологияларды қолдану арқылы отан тарихы мәселелері бойынша қолданбалы зерттеулер жасайды;
-
Код ON5
гуманитарлы ғылымдар методтарын әр түрлі кәсіби және әлеуметтік қызметте қолдану дағдыларын қалыптастырады;
-
Код ON6
Ғылыми және ақпараттық өнімді коммерциялық негізде жүзеге асыру мақсатында ғылыми мекемелермен бірлескен жобаларды жүзеге асырады;
-
Код ON7
Ғылыми зерттеушілік және цифрлық дағдыларды меңгереді;
-
Код ON8
зерттеу және ғылыми міндеттерді шешу үшін пәндік және пәнаралық білімін интеграциялайды.
7M02201 Тарих
МагистратураАймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті
БББТ: M053 Тарих
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша7M02201 Тарих
МагистратураА.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
БББТ: M053 Тарих
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша7M02201 Тарих
МагистратураҚ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
БББТ: M053 Тарих
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша7M02201 Тарих
МагистратураШ. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi
БББТ: M053 Тарих
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша7M02201 Тарих (ғылыми-педагогикалық бағыт)
МагистратураТараз инновациялық-гуманитарлық университеті
БББТ: M053 Тарих
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша7M02201 Тарих
МагистратураМанаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
БББТ: M053 Тарих
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша7M02201 Тарих (1.5)
МагистратураҚазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
БББТ: M053 Тарих
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша7M02201 Тарих
МагистратураҚазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
БББТ: M053 Тарих
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі7M02201 Тарихшы зерттеуші
МагистратураХ.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
БББТ: M053 Тарих
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша7M02201 Тарих
МагистратураСемей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
БББТ: M053 Тарих
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша7M02201 Тарих
МагистратураМахамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
БББТ: M053 Тарих
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша7M02201 Тарих
МагистратураАстана халықаралық университеті
БББТ: M053 Тарих
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша