Білім беру бағдарламасы өзекті емес

7M03210 Ғылыми журналистика және коммуникация(Ст.У) в Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Ғылыми журналистика және коммуникация «Ғылыми журналистика және коммуникация» білім беру бағдарламасының мақсаты – Жоғары оқу орындарының ғылым және білім беру саласы үшін кәсіби кадрларды сапалы даярлау, сондай-ақ ғылыми журналистика саласында қосдипломдық магистрлік бағдарламаны орындау. Ғылыми журналистиканы жаһандық медиа нарықтағы үрдістері мен талаптарына сай бейімдеу, ұлттық масс-медиа саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, сапалы контент даярлау, ұйымдастыру, кәсіби құзіреттілік моделін қалыптастыру және басқару саналады. Магистранттар халықаралық деңгейде журналистика мен медиа коммуникация салаларында, соның ішінде инновациялық медиа құралдары және технологияларын игеруге құзыретті болады. - журналистика және медианың теориясы мен практикасының соңғы жетістіктерін сыни тұрғыдан бағалау және түсіндіру; - журналистиканың әлеуметтік, саяси және экономикалық мәселлерін зерттеу аясында БАҚ және медиаиндустрия саласында иннвоациялық жобаларды әзірлеу, ұсыну және қолдану; - зерттеу журналистикасы талаптарына сай мультимедиа және хабар тарату нарығында жаңа үрдістерге кәсіби бейімделу және басқа мәселелерді шешу; - ғылыми журналистиканың цифрлық медиа нарығындағы үрдістерін зерттеу, талдау және таныстыру және оның құқықтық және этикалық мәселелерін түсіну, әлеуметтік жауапкершілік құзіретін арттыру; - журналистика мен публицистиканың шеберлік құралдары контектсінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, талдау және ұсыну.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M067 Журналистика және репортерлық іс
Top