Жаңа білім беру бағдарламасы

7M04107 Қаржылық экономика в Мирас

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Қаржылық процестерді болжауға және үлгілеуге, инвестициялар тарту мен активтерді басқаруға қабілетті, қаржылық экономика, эконометрика, қаржылық талдау және тәуекелік-менеджмент саласында тереңдетілген білімі бар, сыни және аналитикалық ойлау қабілетіне ие жоғары білікті мамандарды даярлау
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M074 Қаржы, банктік және сақтандыру ісі
  • Дайындық бағыты 7M041 Бизнес және басқару

Оқыту нәтижелері

  • Зерттелетін экономикалық процестерді, құбылыстар мен объектілерді модельдеу негізінде кәсіпорын қызметінің, қаржылық және салалық нарықтардың, басқа да экономикалық айнымалылардың негізгі қаржылық көрсеткіштерінің динамикасын болжау.
  • Қаржы нарығының трендтерін, процестері мен құралдарын және микро-макроэкономикалық көрсеткіштерді талдау; тәуекелдерді бағалау, экономикалық деректерді статистикалық және эконометрикалық талдаудың заманауи әдістерін пайдалана отырып, басқару шешімдерінің нұсқаларын таңдау.
  • Кәсіби салада ғылыми зерттеулер жүргізудің әдістемесі мен әдіснамасын; өзіндік зерттеу жұмысының дағдыларын меңгеру; қаржы пәндерін оқытудың заманауи әдістері мен әдістемелерін қолдану.
  • Алынған кәсіптік білім мен іскерлікті докторантурада оқуды жалғастыруға мүмкіндік беретін деңгейге дейін дамыту, кәсіптік қызметтің бүкіл кезеңі ішінде біліктілігін арттыру; кәсіптік салада халықаралық ортада жұмыс істеуге мүмкіндік беретін деңгейде шет тілін меңгеру.
  • Халықаралық кәсіби ортаға интеграциялануға және кәсіби шетел тілін мәдениетаралық, ғылыми және кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде пайдалануға қабілетті
  • Инвестициялық стратегияларды құру және жаңа өнімдер мен қызметтерді құру әдісі ретінде компания мен қаржы институтының инвестициялық саясатының тиімділігін негіздеу, компанияның активтері мен міндеттемелерінің портфелін басқару, салық салудың теориялық негіздерін және оның қаржылық шешімдерге әсерін игеру.
  • Білім беру сапасын басқару құзыреттілігі негізінде кәсіби және ғылыми-педагогикалық қызмет саласында тиімді шешімдерді қабылдауда, бағалауда және талдауда басқару психологиясының жүйелі білімін қолданады
  • Ғылым тарихы мен философиясы саласындағы білімдерін көрсетеді; ғылым философиясының ұғымдық аппаратын, логикалық талдау әдістері мен тәсілдерін меңгерген
  • Жоғары мектеп дидактикасының негіздерін базалық білімдерді, жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзыреттілігін, сондай-ақ жоғары мектепте сабақ өткізу дағдыларын меңгерген
  • Қазіргі заманғы қаржы құралдарымен операция жасау және олардың құнын бағалау, іскерлік ортаның белгісіздігі жағдайында қаржы тәуекелдерін сапалы басқаруды көрсету және бизнесті қайта құрылымдау туралы шешімдер қабылдауға әсер ететін факторларды айқындау.
  • Халықаралық қаржы нарығының коньюктурасының үрдістерін, халықаралық сауда модельдері мен саясатын, халықаралық есеп жүргізу ережелерін талдау, исламдық қаржы институттарының жұмыс істеуіне экономикалық және құқықтық факторлардың әсерін айқындау, ұсынылатын исламдық қаржы өнімдері мен келісімшарттарды бағалау.
Top