Жаңа білім беру бағдарламасы

6B11105 Туристік дестинациялар менеджменті в Халықаралық туризм және меймандостық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Өңірлік, республикалық және халықаралық деңгейлерде туристік дестинацияларды инновациялық жетілдіруге бағытталған негізгі кәсіби функцияларды іске асыруға дайындықтың жоғары деңгейіне ие, туристік дестинацияларды басқару дағдыларын меңгерген, басқару шешімдерін дербес қабылдауға қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие болашақ туризм менеджерлерін даярлау.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 3 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B091 Туризм
  • Білім беру саласы 6B11 Қызмет көрсету
  • Дайындық бағыты 6B111 Қызмет көрсету саласы

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Қазақстандық қоғамның даму тарихы заңдылықтарын, философиялық және этикалық нормаларды, коммуникацияның түрлі салаларындағы әлеуметтік-мәдени, саяси және психологиялық құндылықтарды меңгереді, экономикалық, экологиялық және құқықтық білім негіздерін біледі; дамыған ақпараттық қоғам жағдайында ақпаратты алу, басқару, интеграциялау, бағалау, құру және беру үшін цифрлық технологияларды, байланыс құралдарын ұтымды пайдалануға қабілетті.
  • Қазақ, орыс және шет тілдерінде кәсіби жұмыс істеу үшін тілдік және коммуникативтік дағдыларды қолдану, сондай-ақ өз пайымдауларын жазбаша және ауызша түрде кәсіби деңгейде жеткізе білу, мәдениетаралық коммуникация проблемаларын шешу үшін логикалық дұрыс, дәлелді және сыни ойлауды меңгереді; кәсіптік қызметті қамтамасыз ету үшін салауатты өмір салтына бағдарланады.
  • Нормативтік құқықтық құжаттарға сәйкес туристік, экскурсиялық, туристік-спорттық, өлкетану бағыттарын қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы өңірлерінің туристік-рекреациялық әлеуетін зерделеу кезінде қажетті туризм және туристік аудандастыру саласындағы білім мен түсінікті көрсету.
  • Халықаралық туризмнің тарихы мен географиясы бойынша білімдерін көрсету, шет елдердің туристік әлеуетін талдау, музейтану негіздерін, әлемдік қонақжайлылық индустриясының мәдени, тарихи және басқа да аспектілерін зерделеу.
  • Туризм саласында табысты бизнес-жоспарларды құру және іске асыру үшін қажетті экономика, басқарушылық шешімдер қабылдау үшін менеджмент, туристік өнімді ілгерілету үшін маркетинг, ҚР заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілері саласындағы теориялық және практикалық білімді қолдану.
  • Академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми зерттеу әдістерін білу және оларды жаңа туристік өнімдер мен маршруттарды әзірлеуде қолдану, генеративті жасанды интеллектті пайдалана отырып, деректерді талдау және өңдеу, алған білімдерін туризмдегі өзекті мәселелерді шешу үшін практикада қолдану.
  • Туризм саласындағы адами ресурстарды басқаруды қоса алғанда, туристік кәсіпорындарды басқару әдістерін қолдану, сондай-ақ туризмнің дамуына және туристің де, жергілікті халықтың да, қоршаған ортаның да мүдделерін ескере отырып, туристерді тартуға ықпал ететін инфрақұрылымды құру және қолдау.
  • Туризмнің қоршаған ортамен, әлеуметтік құрылыммен және экономикамен өзара әрекеттесуін талдау және туризмнің теріс әсерін азайту және оның жергілікті қауымдастықтар мен экономикаға оң әсерін барынша арттыру үшін тұрақты даму принциптерін қолдану.
  • Ішкі және халықаралық нарықта туристік дестинацияларды ілгерілетуде бенчмаркинг әдістерін қолдана отырып, туристік дестинация брендін құру дағдыларын, оның имиджді қалыптастыру мен ілгерілетудегі рөлі мен маңыздылығын түсіну.
  • Жобаны басқарудың креативті әдістерін, қақтығыстарды басқарудың тиімді стратегиялары мен әдістерін пайдалана отырып, инновациялық жобаларды әзірлеу мен іске асыруда білім мен түсінікті қолдану, сондай-ақ нарықта инновациялық өнімдер мен қызметтерді құру және ілгерілету үшін тұтынушылардың маркетингтік талаптары мен қажеттіліктерін талдау.
Top