Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B06101 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету в "Сырдария" университеті

  • Алгоритмдер және деректер құрылымы
    Несиелер: 5

    Бұл кypcтa тiлдep түciнiгi, cинтaкcиci, бepiлгeндep типтepi, aлгopитмдep, oлapды бaғaлay әдicтepi, iшкi жәнe cыpтқы cұpыптay aлгopитмдepi, көпіршік, жылдам сұрыптау, каскадты сұрыптау, қарапайым таңдау, қосып сұрыптау, бір фазалы, екі фазалы сұрыптау, жoлдa (қaтapдa) iздey aлгopитмдepi, гpaфтa iздey aлгopитмдepi, гpaфтaғы aлгopитмдep, итepaциялық aлгopитмдep coнымeн бipгe, бaғдapлaмaлayдың мoдyльдiк, құpылымдық, oбeктiгe бaғыттaлғaн тexнoлoгиялapы, epeкшeлiктepi қapacтыpылaды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Бағдарламалау технологиясы
    Несиелер: 5

    Дербес компьютерлерді автоматтандыратын прораммалық құрылымдар. Программалау технологиясы. Негізгі түсініктер және әдістер. Күрделі программалық жүйені құру. Программалық өнімдердің технологияларын қамтамасыз ету әдістері. Программаның технологиялық түсінігі. Процедуралық – бағытталған тілдер базасы. Құрылымдық әдіс. Талаптарын талдау, спецификацияларын анықтау және программалық қамтаманы жобалау. Қолданушыға арналған интерфейстері құру. Программалық қамтаманы тестілеу және отладкалау. Программалық құжаттарды құрастыру. Трнасляторлар виртуальды компьютер.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Математика
    Несиелер: 4

    Бір айнымалы функциялар, шек, туынды, дифференциал, жоғары ретті туындылар, аудан, көлем есептеудегі анықталмаған және анықталған интегралдар бөлімдерінде қамтылған негізгі ұғымдар, теоремалар мен тұжырымдар, дәлелдеулер мен есеп шығарудың әдіс-тәсілдері және практикалық қолданулары қарастырылады. Шамалар арасындағы тәуелділіктерді сандық қатынастар тұрғысынан зерттеу әдістерін талдау, пәннің ғылымдағы орнын дәйектеу, пәнаралық білімді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мультимедиялық жобалау
    Несиелер: 4

    Мультимедиялық технологиялармен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Мультимедиялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қолданбалы программалар пакеті
    Несиелер: 4

    Кестелі процессор Excel Мәліметтермен жұмыс істеу негіздері. Электрондық кестедегі есептеулер. Стандартты функциялар. Мәлімет енгізуді жылдамдату. Мәліметтерді енгізуді жылдамдату. Шаблон шебері. Excel-дің графикалық мүмкіндіктері Excel-де сандық модельдеу. Excel-дің көмегімен мәліметтер қорын басқару Мәліметтерді сүзгілеу. Кеңейтілген сүзгілеу. Аралық қорытынды. Макростар. Есеп беру кестелері. Excel-де берігендерді картада бейнелеу. Парақтар арасында байланыс. Консолидация. Мәліметтерді енгізуді жылдамдату. Шаблон.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Алгоритмдеу және бағдарламалау
    Несиелер: 5

    Алгоритмдер теориясы курсы студенттердің абстрактылы, алгоритмдік ойлау мәдениетін қалыптастыру үшін өте қажет. Курста төмендегідей бөлімдер: алгоритмдердің мазмұнды ұғымы, алгоритм ұғымдарын әртүрлі формальдау тәсілдері және олардың эквиваленттері, формальды әдістерді бағдарлау, универсальды номерлеу, рекурсивті саналатын және рекурсивті жиындар, алгоритмдік шешілетін және шешілмейтін проблемалар, жиындардың келтірімділігі, жай және продуктивті жиындар, жиындар баспалдығы қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Компьютерлік графика және анимация
    Несиелер: 6

    Компьютерлік графика түсінігі. Компьютерлік графиканың пайдалану салалары мен түрлері. Дербес компьютердің бейне жүйесі. Компьютерлік түстік модельдер. Түстік палитра. Субтрактивтік түстержүйесі. Графикалық бейнелерді сақтау форматтары. WEB – графика негіздері. Adobe Photoshop программасыныңқұрылымы. Adobe Illustrator программасының интерфейсі. Құрал – саймандар палитрасы. Суреттерді қалпына келтіру. Фото бейнелерді коррекциялау. Бейнелерді түзу тәсілдері. Өңдеу әдістері. Векторлық графика. Векторлық графикалық файлдар форматтары

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Компьютер архитектурасы
    Несиелер: 5

    Бұл пәнде қазіргі заманғы компьютерлердің даму кезеңдері,сандық машиналардың арифметикалық және логикалық негіздері, ақпаратты кодтау тәсілдері, компьютерде ақпараттың берілуі, алгебра логикасының негіздері, ЭЕМ элементтері және түйіндері, орталық процессордың жалпы құрылымы,жады элементтері, үзіліс жүйесі,перифериялық құралдар, микропроцессорлар, жүйелік плата, жүйелік магистральдарды басқару, сервер және жұмыс станциялары жәнежоғары деңгейдегі өндірістік әмбебап және арнайы ЭЕМ-дер қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Микроконтроллерлерде бағдарламалау
    Несиелер: 6

    Бұл пәнде логикалық алгебраның негізгі ұғымдары, логикалық элементтердің базалық сұлбалары, комбинациялық сұлбалар, цифрлық интегралдық сұлбалар және олардың негізгі параметрлері, шифраторлар, дешифраторлар, мультиплексорларлар, демультиплексорлар, сумматорлар, көп разрятты сумматорлар, компараторлар,компараторлар және Шмиттригерлері, триггерллік құрылғылар, асинхронды және синхронды триггерлер, регистрлер, жылжыту регистрлері, санағыштар, цифрлы есте сақтау құрылғылары, жедел есте сақтау құрылғысы, тұрақты есте сақтау құрылғысы, және оптикалық дискілердегі жинақтауыштар қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Обектіге бағытталған программалу негізі
    Несиелер: 5

    Объектіге бағытталған тілдердің негізгі конструкциялары. Функцияны және операцияны қайтаанықтау түсінігі, Объектіге бағытталған программалауда класстар және әдістер түсінігі және сипаттамасы, Дараланған және көпшілік жаратылысынан ие болу – тілдерді қолдау принциптері, интерфейстерді пайдалану. Көпшілік жаратылысынан ие болу. Жаратылысынан ие болу Класстар және объекттер үшін кіру мүмкіндігінің ережелері. Динамикалық жадыны бөлу. Объектіге бағытталған талдау мен жобалау. UML тілі және объектіге бағытталған талдау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
    Несиелер: 5

    Биология ғылымдарының бірі "Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері" пәні болып табылады. Бұл пәнді толық игеру үшін біз экология туралы ғылымды білуіміз керек. Экология ғылымы үш бөлімге бөлінеді: аутоэкология, демэкология, синэкология. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері - қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тіршілікті қамтамасыз ету және адамзатты қоршаған ортаның зиянды факторларынан қорғау жөніндегі іс-шаралардың әдістемесі мен теорияларын қамтитын ғылым саласы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Кәсіпкерлік: түсінігі, мәні, негізгі түрлері және ұйымдастырушылық формалары. Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі Бизнес-жоспарлау және кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру. Кәсіпкерлік қызметте кадрлық қамтамасыз ету. Кәсіпкерлік мәмілелерді ұйымдастыру. Коммерциялық құпия және оны қорғау тәсілдері. Кәсіпкерлік мәдениеті мен этикасы. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдау және бағалау. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және оның инфрақұрылымы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • NET платформаларда жүйелерді құру технологиялары
    Несиелер: 5

    Бұл курс Rotos және Mono Phoenix Microsoft.Net платформаларының архитектурасы мен функционалдығына шолу жасайды. C#. Мәліметтерді өндіру әдістері және веб-қосымшаларды құрудың заманауи құралдары. XML веб-қызметтері және ендірілген операциялық жүйелер. Windows Vista операциялық жүйесі, Win FS жаңа файлдық жүйесі, шаблондар мен мобильді құрылғылар және заманауи тестілеу технологияларының технологиялары негізіндегі заманауи ақпаратты қорғау технологиялары мен ақпараттық жүйелердің қосымшаларын әзірлеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Интернет технологиялары және Web бағдарламалау
    Несиелер: 5

    Web-технологияларды қолдану орталары. Web қосымшаларын құру технологиялары. HTML комендалары. Құжат ішіне тізімдер орналастыру. Бір Web-параққа фреймдер арқылы бірнеше құжаттарды орналастыру. HTML тілінің мультимедиялық мүмкіндіктері. Стильдердің сталы кестелері. Жеке бір тәг үшін жазылған стиль. Бірнеше HTML-файлдарға арналған стиль. CSS қасиеттеріне шолу. JAVASCRIPT тілі. Функцияларды сипаттау және пайдалану. Web - қосымша интерфейстері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Желілік бағдарламалау
    Несиелер: 5

    Бұл пәнде транспорттық қабаттар: TCP, UDP және SC.Сокеттер. Қарапайым TCP сокеттері, TCP Клиент/Сервер байланысының мысалы және енгізу-шығаруды тығыздау: select және poll функциялары, қарапайым UDP Сокет операциялары, Қарапайым UDP Сокеттері, SCTP сокеттерінің негізі, SCTP клиент/сервер үлгісі мен Атаулар мен мекенжайлардың түрлендірілуі, IPv4 және IPv6 функциональдық сәйкестіктері, демон процестері және inetd суперсервері мен қосымша E/Ш функциялары, UNIX домен хаттамалары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Электроника
    Несиелер: 5

    Бұл пәннің физика курсында оқытылуының маңыздылығы бұл пән бойынша теориялық түсінікпен қатар, практикалық жағынан да басымдылықтар берілген және де студенттер көптеген тәжірибелер үйренеді. Радиоэлектроника негіздері пәні радио жиіліктік электромагниттік тербеліс пен толқындарды түрлендіру және қолдану негізінде ақпаратты беру бойынша байланысқан сала және оның негізінде радиотехника мен электроника алынады. Оның физикалық электроника және техникалық электроника деп аталатын басты екі саласы бар.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Әл-Фараби мен Абайдың психологиялық көзқарастары
    Несиелер: 5

    Әл-Фарабидің психологиялық көзқарастары. Ежелгі түркі ғұламаларының психологиялық тағылымдары. XI-XIV ғ.ғ. түркі ғұламаларының психологиялық идеялары.Әл-Фарабидің психологиялық ой-пікірлері. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат» ның маңызды проблемалары (әлеуметтік психология) Әл-Фарабидің таным процесстеріне көңіл аударуы, Әбу Насыр Әл-Фарабидің интелекті сөзінің мағынасы жайындағы пайымдамасы. Абай ойшыл-ақын шығармаларында жалпы психологияның-жан мен тәннің арақатынасы, адамның психология даму жолындағы тәрбие мен білімнің атқаратын қызметі, сондай-ақ бала психологиясы мен қоғамдық психологияның жекелеген мәселелер.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Қазақстандық құқық негіздері, ҚР Білім беру саласындағы заңнамалық актілері. "Сыбайлас жемқорлық" ұғымының тарихи дамуы. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік идеясы. Нақты ұйымдағы, органдағы, құрылымдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұйымдастырушылық негіздерінің түрлері. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: түсінігі және құрылымы. Сыбайлас жемқорлықтың мәні, оның мазмұны, мақсаттары, субъектілері, нысандары мен түрлері, іске асыру салалары, қоғам өмірінің барлық саласында көріну ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Рухани жаңғыру және мәңгілік ел құндылықтары
    Несиелер: 5

    Қазақстан Республикасы ұлттық идеясының және тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің мәртебесіне лайық рухани құндылықтар жүйесінің мәнін қолданады, рухани жаңғыру аясында білім алушылардың білімдік-танымдық деңгейін көтереді, қазақ халқының тарихын және оларға құрметпен қарау туралы танымдық деңгейін сипаттайды, бірлесіп өмір сүріп жатқан барша халықтар мен ұлыстардың тіліне, тарихына, дәстүріне, ұлттық мәдениетіне деген құрметті дамытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Цифрлы схемотехника
    Несиелер: 5

    Бұл пәнде логикалық алгебраның негізгі ұғымдары, логикалық элементтердің базалық сұлбалары, комбинациялық сұлбалар,цифрлық интегралдық сұлбалар және олардың негізгі параметрлері, шифраторлар, дешифраторлар, мультиплексорларлар, демультиплексорлар, сумматорлар, көп разрядты сумматорлар, компараторлар, және Шмитттригерлері, триггерллік құрылғылар, асинхронды және синхронды триггерлер, регистрлер, жылжыту регистрлері, санағыштар, цифрлы есте сақтау құрылғылары, жедел есте сақтау құрылғысы,тұрақты есте сақтау құрылғысы, және оптикалық дискілердегі жинақтауыштар қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Деректер қорының негіздері
    Несиелер: 5

    Бұл курс мәліметтер қорының негізгі құрамдас бөліктерін, мәліметтер қорын басқару жүйелерін (ДҚБЖ) және олардың негізгі функцияларын, ДҚБЖ классификациясын, көп қолданушыға арналған ДҚБЖ енгізуге арналған архитектуралық шешімдерді, деректер пішімдерін, реляциялық деректер пішімдерін, реляциялық алгебраны, дерекқор деректерінің әртүрлі көріністерін, негізгі пайдалануды қамтиды. . ДҚ жобалау қадамдарының ER диаграммасы, концептуалды формат, SQL.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Виртуальдандыру технологиялары
    Несиелер: 5

    Бұл пәнде операциялық жүйені виртуалдау, қолданбаны виртуалдандыру, сақтау виртуализациясы, сервистік виртуализация, аппараттық виртуалдау, желілік виртуалдау, басқарудың виртуалдануы және қолданбалы сервердің виртуалдануы, виртуалды компьютер немесе VMware жұмыс үстелі виртуалдандыру өнімдері, виртуалды шындық объектілері, білім берудегі VR енгізу артықшылықтары, білім берудегі VR форматтары, білім берудегі VR енгізудің кемшіліктері, VR интернет-технологиялары туралы мәліметтер қарастырылады. Бұл пәнде операциялық жүйені виртуалдау, қолданбаны виртуалдандыру, сақтау виртуализациясы, сервистік виртуализация, аппараттық виртуалдау, желілік виртуалдау, басқарудың виртуалдануы және қолданбалы сервердің виртуалдануы, виртуалды компьютер немесе VMware жұмыс үстелі виртуалдандыру өнімдері, виртуалды шындық объектілері, білім берудегі VR енгізу артықшылықтары, білім берудегі VR форматтары, білім берудегі VR енгізудің кемшіліктері, VR интернет-технологиялары туралы мәліметтер қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қолданбалы бағдарламалау (VBA)
    Несиелер: 5

    Бұл пәнде визуальды бағдарламалау туралы түсінік, визуальды бағдарламалау тілдері, визуальды бағдарламалау тілдерінің жіктелуі, VBА ортасы, макростармен жұмыс, PasteSpecial қызметші сөзі, Range қызметі, For операторы, while операторы, repeat операторы, графикалық интерфейс,мәліметтер қорымен байланыс жасаушы басқару элементтері, тармақталушы алгоритмдерді программалау, Пішінде бейнелерді және графикалық өрістерді орналастыру, объектілермен жұмыс жасауды үйрену жұмыстары қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Деректер қорын жобалау
    Несиелер: 5

    Мәліметтер қорының негізгі құрамдас бөліктері, мәліметтер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ) және оның негізгі функциялары, ДҚБЖ классификациясы, көп қолданушыға арналған ДҚБЖ жүзеге асыру үшін қолданылатын архитектуралық шешім, мәліметтер типтері, мәліметтердің реляциялық типтері, реляциялық алгебра, әртүрлі көріністер. деректер қорындағы деректердің, Мәліметтер қорын жобалау негіздері. Қадамдар, концептуалды пішімдеу, ER диаграммалары, SQL операциялары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Компьютермен модельдеу негіздері (орыс тілінде)
    Несиелер: 5

    Жүйелерге тән заңдылықтарды зерттеу ғылыми және қолданбалы аспектілері. Операцияларды зерттеу мәселесінің түрлі модельдері және оларды шешу. Сызықтық есептерді шешу әдістері. Бүтінсанды бағдарламалау мәселелері. Сызықты емес бағдарламалау мәселесі. Сеперабельді мақсатты функциялармен тапсырмаларды динамикалық бағдарламалау. Тораптың сандық көрсеткіштері және есептеу әдістері. Операциялардың ойындық модельдері. Ойындар теориясы. Антагонистикалық ойындар. Ойындар теориясының негізгі ұйымдары. Ойындарды топтастыру. Матрицалық ойындар. Максимин принципі. Бұл пәнде бағдарламалау ортасында модельдеу, электрондық кестелердегі модельдеу, ДҚБЖ ортасында модельдеу, компьютерлік үлгіні пайдалану, физикалық процестерді компьютерлік моделдеудің ерекшеліктері, графикалық модельдеу, Модельдеу мақсаты бойынша классификация, математикалық модельдердің классификациясы, танымдық модель, прагматикалық модель, инструментальды модель, динамикалық модель,и ықтималды модельдер, компьютерлік модельдеудің негізгі принциптері, модельдеу нәтижелерін талдау және өндеу секілді тақырыптар қамтылған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Стартаптар және технологиялық кәсіпкерлік
    Несиелер: 5

    Бұл пән әр түрлі идеяларға толы студенттерге ең бәсекеге қабілеттісін таңдауға және сонымен қатар МСІ-ден MVP-ге дейінгі аралықты өтуге мүмкіндік береді. Курсты оқу барысында әр студент стартаппен айналысады. Командалармен жобалар жасайды. Курс ең алдымен студенттерге ІТ-құзіреттіліктерін, командалық жұмысты және бизнес дағдыларын дамытуға көмектесуге арналған. Оқу бағдарламасы идеяларды іздеуден және өнімді нарыққа шығарумен аяқталатын стартаптың бүкіл процесін қамтиды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Үлкен деректер
    Несиелер: 5

    Үлкен деректерге кіріспе (Big Data). Таратылған файлдық жүйелер, Workshop. Hadoop Streaming. Hadoop тапсырмалар элементтері (Mapper, reducer, combiner, partitioner, comparator). Үлкен деректердің үстіндегі SQL (Hive). Hive архитектурасы, кесте түрлері, деректерді сақтау форматтары. MapReduce-де Hive сұрауларын тарату-тапсырмалар. Сериялау және десериализация. Hive және Spark SQL өзара әрекеттесуі. DF мен RDD арасындағы айырмашылықтар. Spark есептеулерді оңтайландыру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жүйелік бағдарламалық қамтамасыздандыру
    Несиелер: 6

    Операциялық орта түсінігі. Есептеу процесі және ресурс ұғымдары. Процестің күй диаграммасы. Процестер мен жаңылыстар. Ресурстардың негізгі түрлері. Операциялық жүйелердің жіктелуі. Операциялық жүйелердегі тапсырмалар мен жадыны басқару. Микропроцессорлар архитектурасының ерекшеліктері і80х86. Кіріс/шығыс басқару және файлдық жүйелер. Операциялық жүйелер архитектурасы және қолданбалы бағдарламалау интерфейстері. Параллель өзара әрекеттесетін есептеу процестерін жобалау. Қиындықтар мәселесі және олармен күресу әдістері. Қазіргі операциялық жүйелер. Ресми тілдер және грамматика.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Бұлтты технологиялар
    Несиелер: 5

    Бұл пәнде бұлтты есептеулер, жеке дара бұлттар, гибридті бұлттар, мәліметтерді өңдеу орталығы, мәліметтерді сақтау жүйелері, бұлтты орналастыру үлгілері, бұлтты технологиялардың негізгі қасиеттері, бұлттық қызмет үлгілері, Тағы бірнеше негізгі бұлттық провайдерлер, технологиялар, дайын бұлттық шешімдерді пайдалану тәжірибесі, үлкен деректерді өңдеу,бұлтты инфрақұрылымды қорғау, бұлттық қызметті жеткізудің негізгі үлгілерімен есептеулер жүргізу технологиялары қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Pуthon бағдарламалау тілі
    Несиелер: 6

    Python бағдарламалау тілі туралы жалпы деректер. Python тіліндегі сандар. Сызықты программалау. Python-ның негізгі стандартты модульдері. Тармақталу командасы. Қайталану командасы. Жолдармен жұмыс істеу. Тізімдер. Кортеждер. Сөздіктер. Массивтер. Функциялар. Файлдарменжұмыс. Графика. Графикалықобъектілерді салу. Объектіге бағытталған программалау негіздері. Графикалық интерфейс элементтері. Python-ның басқа бағдарламалау тілдерімен бірлесуі. Python тілінің C++, Java, OCaml, Prolog бағдарламалау тілдерімен байланыстары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Дискретті математика
    Несиелер: 5

    Жиын ұғымы. Жиындарға қолданылатын амалдар.Эйлер-Венн диаграммалары. Жиындардың алгебралық теңбе-теңдіктері. Кортеж. Декарттық көбейтінді. Сәйкестіктер. Функциялар мен бейнелеулер. Қатынастар. Тұжырымдар. Тұжырымдарға қолданылатын амалдар. Логика алгебрасы. Логикалық тұжырымдар формулаларының эквиваленттілігі. Буль функциялары. Логикалық алгебра функцияларын аналитикалық түрде жазу. Буль функцияларының толық жүйелері. Предикаттар логикасы. Кодтау теориясының элементтері. Комбинаторика.Графтар теориясының элементтері. Графтарға қолданылатын амалдар. Графтардағы маршруттар. Эйлер және Гамильтон циклдері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мобилді құрылғыларға арналған операциялық жүйелер
    Несиелер: 4

    Бұл курс мобильді құрылғыларды қамтиды: ұялы телефондар, смартфондар, коммуникаторлар, мобильді құрылғылардың бағдарламалық платформалары, операциялық жүйе қызметтері, Android платформасы және негіздері, мобильді құрылғының операциялық жүйесінің мүмкіндіктері, мобильді құрылғының операциялық жүйесінің нарығы, Windows Mobile: мүмкіндіктер мен опциялар, опциялар, интерфейстер, Perspectives, Symbian OS, Google Android, Blackberry OS және т.б. Операциялық жүйе интерфейстері мен қызметтерін көру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Тиімділеу әдістері
    Несиелер: 4

    Жүйелік заңдылықтарды зерттеудің ғылыми және қолданбалы аспектілері. Әртүрлі зерттеу жұмысының үлгілері және олардың шешімдері. Сызықтық есептерді шешу әдістері. Бүкіл бағдарламалау мәселесі. Сызықты емес программалау мәселесі. Белгіленген мақсатты функциялары бар тапсырмаларды динамикалық бағдарламалау. Жұмыс орны бойынша сандық көрсеткіштер мен есептеу әдістері. ойынның жұмыс режимі. Біркелкі үлестірілген кездейсоқ шамалар. Бастапқы және орталық моменттер.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Мобильді қосымшаларды жасақтау
    Несиелер: 4

    Android платформасына кіріспе. Activity класы және ресурстар. Интерфейсті құру негіздері. Android Studio графикалық мүмкіндіктері. Негізгі басқару элементтері. Ресурстармен жұмыс. Activity және қосымшаның өмірлік циклі. Activity арасында деректерді беру. Бейнелермен жұмыс. Адаптерлер мен тізімдер. Топтар, ішкі мәзір және бағдарламалық мәзірді құрумен жұмыс. WebView мультимедиямен жұмыс. SQLite мәліметтер базасымен жұмыс. Сервистер. Телефония және коммуникация. Диалогтық терезелер. Cell-анимация. Tween-анимация

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Басқару модельдері мен әдістері
    Несиелер: 4

    Жүйелерге тән заңдылықтарды зерттеу ғылыми және қолданбалы аспектілері. Операцияларды зерттеу мәселесінің түрлі модельдері және оларды шешу. Сызықтық есептерді шешу әдістері. Бүтінсанды бағдарламалау мәселелері. Сызықты емес бағдарламалау мәселесі. Сеперабельді мақсатты функциялармен тапсырмаларды динамикалық бағдарламалау. Тораптың сандық көрсеткіштері және есептеу әдістері. Операциялардың ойындық модельдері. Ойындар теориясы. Антагонистикалық ойындар. Ойындар теориясының негізгі ұйымдары. Ойындарды топтастыру. Матрицалық ойындар. Максимин принципі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Java тілі
    Несиелер: 4

    JAVA пpoгpaммaлay тiлiнiң нeгiзгi ұғымдapы. Oбъeктiгe бaғыттaлғaн пpoгpaммaлay нeгiздepi. Java-дағы оқиғалар мен тыңдаушылар. Пaкeттep жәнe aпплeттep: Java.awt пaкeтi, Component клaccы, Label,Checkbox, Choice, List,TextComponent, TextField, TextArea, т.б. клaccтapы, Container кoмпoнeнтi, Graphics клaccының бeйнeлeyгe apнaлғaн тәciлдepi, Aпплeттiң тipшiлiк циклi. Ерекше жағдайларды өңдеу. Eнгiзy-шығapy aғындapы. Күн жәнe yaқыт шaмaлapымeн жұмыc, Date, Calendar клacтapы

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • PHP тілі (ағылшын тілінде)
    Несиелер: 4

    РНР тілі негіздері, оның даму кезеңдері.РНР тілінің артықшылықтары мен кемшіліктері. HTML ортасынан РНР тілінекөшу. РНР тіліндегі операторлар.РНР тілінде сөз тіркестерін пайдаланутәсілдері. РНР функциялары. Қолданушы функциясын жазу жолдары. Cookies және PHP сессиялары. Cookies құралын PHP көмегімен басқару. РНР программалау ортасында файлдармен жұмыс істеу. РНР программалау ортасында мәліметтер базасын қолдану. РНР ортасындағы сайт архитектурасы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Жүйелік бағдарламалау
    Несиелер: 5

    Студенттерді негізгі жүйелік программалаудың теориялық және тәжірибелік аспектілерімен таныстыру. Ол арқылы программаларды өңдеу деңгейіндегі пайда болатын аз көлемдегі шығын жібере отырып қазіргі заман талаптарына сай қиын логикалық құрылымды программалар алу. ЕМ басқару принциптары және құрамы жайындағы жүйеленген білім алу, операциялық жүйелердің құрама бөліктерінің тағайындалуы, операциялық жүйелердің әртүрлі элементтерінің функциональдану принциптары мен олардың өзара әрекеттесуі, жүйедегі үрдістерді өндеу және туындату болып табылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Компьютерлік желілер
    Несиелер: 4

    Компьютерлік желінің түсінігі, түрі, жұмыс істеу принципі, топтастыру мен желі құрудың негізгі сипаттамалары, желілік өзара әрекеттесуді көп деңгейлі ұйымдастыру әдісі, жергілікті желі құрылымы мен негізгі технологиясы және желінің мақсаты. Клиенттік және серверлік желі. Желінің классификациясы және негізгі мүмкіндіктері. Желіні ұйымдастыруға көп деңгейлі көзқарас және OSI деңгейлерінің мақсаттары мен функцияларына арналған хаттама. Дискретті деректерді беру негіздері. Сымсыз технология және жергілікті желі негізгі технологиясы.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Есептеу жүйелері мен желілерін ұйымдастыру
    Несиелер: 4

    Қазіргі есептеу машиналарын және желілерінің ұйымдастыру ерекшеліктері. Есептеу жүйелерінің және желінің құрылымдық және функционалдық қағидалары. Цифрлық құрылғыларды логикалық жобалау негіздері. Бульдік алгебра. ЭЕМ элементтері мен функционалдық түйіндер. Есептеу машиналарының арифметикалық, логикалық және сұлбатехникалық негіздері. Дешифраторлар, шифраторлар. ҮИС сұлбатехникасы Сыртқы және ішкі жады құрылғыларын ұйымдастыру принциптері. Есептеу техника жабдықтарының элементтері. Ақпаратты өңдеу жүйелері. Есептеу жүйелері мен желілерін жобалау негіздері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • JavaScript бағдарламалау тілі
    Несиелер: 4

    JavaScript әлипбиі. Мәтінді шығару. Шарттар. Циклдер. Массивтер. JavaScript объектілері. Мұралау. Диалогтік терезе құру. Функциялар. Асинхрондау. JAVA программалау тілінің негізгі түсініктері. Объектіге бағытталған программалау негіздері. Бумалар мен апплеттер: Java. awt бумалары, құрамдас сыныптар, бетбелгілер, бетбелгі өрістері, Таңдау, Тізім, TextComponent, TextField, TextArea және т.б. Класстар, контейнер компоненттері, класс графиктері, апплеттің өмірлік циклі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Компьютерлік жүйелер интерфейстері
    Несиелер: 4

    Адам мен компьютердің өзара әрекеттесу парадигмалары, өзара әрекеттесуді жобалау процестері мен кезеңдері, пайдаланушы интерфейсінің тұжырымдамалары, пайдаланушы интерфейсін жобалауға негізделген халықаралық және ұлттық стандарттар, өзара әрекеттесу дизайнының негіздері, өзара әрекеттесу дизайны, интерфейс компоненттері және стандарттау, заманауи және графикалық интерфейстер. . Дағдылар мен тыңдаудың психологиялық аспектілері, мәтіндер мен дағдылар және психологиялық аспектілер.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Бағдарламаны өңдеудің құрал-жабдықтары
    Несиелер: 5

    Модельдеу ақпаратты өңдеудегі компьютерлік технологияның, программалық жабдықтардың құрылымдық түрлері. RUP технологиясы, UML моделдеу тілінің сипаттамасы, UML диаграммалары және құрылыстары, MS Visio iскерлiк грaфикa, бaғдaрлaмaсын iске қосу. Модельдер жүйе сипаттамасы туралы жалпы мәлімет. CASE техологиясы: классификациясы, upper CASE сипаттамасы, IVші буын тілдері. Bpwin 4.0 құралымен бизнес процесстерді моделдеу, ErWin құралымен деректер қорын моделдеу, жобалаудың қазіргі кездегі құралдарын таңдау, таңдау критерилері қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Web-дизайн
    Несиелер: 5

    WEB-беттерін жобалау негіздері. Web-бетінің стандартты құрылымы. HTML-құжатының құрылымы. Web-бетте мәтіндік ақпаратты ұсыну үшін HTML тілінің құралдары. Гиперсілтемелерді ұйымдастыру. Гиперсілтеме түрлері. Бейнелер мен мультимедия объектілермен жұмыс істеу. Графиканы бағдарламалау. DHTML мен каскадты стиль кестелері. Фрагменттерді программалау DHTML оқиғалары. Браузер терезесінде бірнеше құжатты орналастыру. Web-сайт жасау. Web-түйінінің негізгі құрылымдарын. Динамимикалық HTML беттерін құру үшін JavaScript тілі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Есептеуіш жүйені жөндеу және техникалық қызмет көсету
    Несиелер: 6

    ДК ұйымдастырылу прнциптері. ДК архитекіурасы мен кұрылымы. ДК-ң арифметикалық негіздері.ДК-ды логикалық жобалаудың негізгі теориясы.ДК-ң жадысын ұйымдастыру.Сыртқы жады құрылғылары.ДК-ң орталық процессоры. Микропроцессормен жұмыс істеу кезінде элементттердің өзара байланысы. Ақпаратты енгізу-шығаруды ұйымдастыру. Сыртқы құрылғыларды басқару. Деректердің желі және кабель бойынша берілісі. Желілік технологиялар.Үлкен желілер. Модем. Репитор. Желілі операциялық жүйесі. Локалды ресурстарды басқару.Кабельдер типтері.Желілік адаптердің тақшалары. Желілерге қойылатын талаптар.Аутентификация әдістері және рұқсаттарды басқару

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жүйені әкімшілендіру
    Несиелер: 5

    Жүйені басқару туралы жалпы мәліметтер. Жүйені басқару дегеніміз не? Жүйелік әкімші не істей алады? Операциялық жүйелердегі енгізу-шығару ұйымдастырудың негізгі түсініктері. Операциялық жүйенің құрылымын және оның негізгі ішкі жүйелерін, соның ішінде әртүрлі файлдық жүйелердің басқару және басқару құрылымы мен принциптерін, сонымен қатар FAT, HPFS, NTFS және Ext4 файлдық жүйелерін пайдалану дағдыларын үйреніңіз. Жүктеу жүйесін ұйымдастыру. Негізгі Windows басқару құралдары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Программалау практикумы
    Несиелер: 5

    Талаптарға анализ жасау.Алғашқы жобасын жасау. Бастапқы берілгендерді анықтау және дайындау. UML тілінде модель құру. Қарапайым және құрылымдық деректер типтері. Бастапқы берілгендердің типін белгілеу және сипаттау. Инкапсуляция, мұрагерлік, полиморфизм. Объектілер үшін енгізу-шығаруды ұйымдастыру. Файлдарға енгізу және оқу. Мәліметтер қорымен жұмыс жасайтын объектілер. SQL тілінің операторлары. Программалау тілдерінің графикалық режимдері. Қарапайым геометриялық объекттер. Графикалық процедуралар мен функциялар. Программалауда кездесетін қателіктер

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • "1С Кәсіпорын" жүйесінде қолданбалы есептерді жасақтау
    Несиелер: 5

    1С: Кәсіпорын 8.2 бағдарлама жүйесіндегі конфигурация түсінігі. 1С: конфигурациялау жүйесіндегі технологиялық құралдар. Бухгалтерлік есепті ақпараттық жүйе тұрғысынан реттеу. Бухгалтерлік ақпарат жүйелері. Олардың құрылымы. Қазіргі бухгалтерлік ақпарат жүйелеріне шолу. Бухгалтерлік есептегі компьютерлік технологиялар.Бухгалтериялық есепті компьютерде жүргізуші бағдарламалар туралы мәліметтер. Бухгалтерлік ақпарат жүйелеріне шолу. Бағдарлама құрылымы және оның интерфейсі. Бухгалтерия операцияларын есепке алу принциптері

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ақпараттық қауіпсіздік негіздері
    Несиелер: 5

    Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау, оның оқу үрдісіндегі орны. Ақпараттық қауіпсіздік және ақпараттық қауіпсіздік негіздері. Компьютерлік ақпаратты қорғаудың алгоритмдерімен және басқа әдістерімен, заманауи криптожүйелермен таныстыру. Ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін шешу үшін қажетті қауіпсіздік элементтері мен объектілерінің сипаттамаларын анықтау. Ақпаратты қорғау жүйелерін модельдеу әдістерінің таксономиясы. Ақпараттық жүйелердің қауіпсіздік моделі. Қорғаныс және қауіпсіздік жүйелерін практикалық енгізу мысалдары.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON2

    Саяси-әлеуметтік, құқықтық сауатты, ұлтаралық, ұжымдық қарым-қатынаста коммуникативті көрсете алады және өзін-өзі салауатты дамыта алады.

  • Код ON5

    Есептеу жүйелерінің компоненттерін құрады және бағдарлама мен бағдарламалық кешендер әзірлей алады.

  • Код ON7

    Кәсіби сала объектілерін әзірлей алады (соның ішінде құрал-жабдықтарын, технологияларын таңдай біледі, бақылайды, бағалайды.

  • Код ON10

    Есептеу жүйелері мен желілерін жүйелік, инструментальді, қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етілуін орната алады, баптайды, қызмет көрсете алады.

  • Код ON1

    Ақпараттық технологиялар саласының негізгі бөлімдерін қорытындылай алады, кәсіби салалардағы мәселелерді тұжырымдай алады

  • Код ON4

    Аппараттық-бағдарламалық кешендер компоненттерінің архитектурасын және адам-машина интерфейсін жобалай алады.

  • Код ON9

    Кәсіби салада қойылған мәселені талдай алады, математикалық моделін құра алады, тиімділеп шешім қабылдай алады.

  • Код ON6

    Аппаратты-бағдарламалық кешендерді, желілерді жинақтай, сынақтай және сертификаттай алады.

  • Код ON8

    Әдістерді, алгоритмдерді бағдарламаларды, аппараттық-бағдарламалық кешендер мен жүйелерді талдай алады, теориялық және тәжрибелік зерттеулер жүргізе алады.

  • Код ON3

    Кәсіби салада және жеке іс-әрекеттерінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және офистік қолданбалы бағдарламаларды жоғары деңгейде қолдана алады.

Top